400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ 7 сынып "Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеу әдістерін ұсыну.

Сабақ мақсаты

  • Барлық оқушылар: Атмосфералық қысымның құрылымын, биіктікке және тереңдікке байланысты өзгеретіндігін біледі.

  • Оқушылардың басым бөлігі: Торричелли тәжірибесі арқылы атмосфералық қысымды анықтайды.

  • Кейбір оқушылар: Атмосфералық қысымның формуласын қолданып, есептер шығарады.

Бағалау критерийі

    • Атмосфералық қысымның құрылымын, биіктікке және тереңдікке байланысты өзгеретінін білді.

    • Торричелли тәжірибесі арқылы атмосфералық қысымды анықтай алады.

    • Атмосфералық қысымның формуласын қолданып, есептер шығара алады.

Тілдік мақсат

Пәнді оқыту мақсаты: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін айтуда физикалық терминдерді пайдаланып, ойын жинақтайды.

Пәндік лексика және терминология: Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера - ауа қабаттары.

Құндылықтарға баулу

Ауа райын болжаудағы метеорология саласын және әуе қатынасын дамытуға үлес қосады.

Пәнаралық байланыс

География: Оқушылар ауа қабаттарының маңызын біледі.

Математика: Математикалық амалдарды пайдаланып, есептер шығару.

Информатика: Интернет материалдарымен жұмыс

Алдыңғы білім

Гидравликалық машиналар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

«Көңілді күн» тренингі

Топқа бөлу. (Шарлар арқылы)

1 топ «Тропосфера», көк шар

2 топ «Стратосфера», сары шар

3 топ «Мезосфера», жасыл шар

4 топ «Термосфера», қызыл шар



Түрлі түсті шарлар






Ортасы

6 мин













15мин



















12 мин














































«Сұрақты ұстап ал!» әдісі сұрақтар қойылады.

  1. Атмосфералық қысым дегеніміз не ?

  2. Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп шыдай алады ?

  3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне не алынады?

  4. Барометр не үшін қолданылады ?

  5. Барометр - анероид грекше қандай мағына береді?

  6. Барометрмен тағы нені бақылауға болады?

  7. Э.Торричелли тәжірибесінің мәні неде?

  8. Э.Торричелли қай жылдары өмір сүрген?

«Бағдаршам» арқылы бағалаймыз .

«Миға шабуыл » әдісі:

Атмосфералық қысым таулы жерлерде жазықтағыдан гөрі неге төмен болады?

Тапсырма - 1

Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы тақырыпты ашу

1-топ. Атмосферадан – ауа қысымының биіктікке тәуелділігі айтады.

2-топ. Атмосфералық қысымнан-Паскаль тәжірибесін дәлелдігін айтады.

3- топ. Альтиметр мен Тропосфераны айтады.

4-топ. Атмосфераның тіршілік үшін маңызын айтады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз

Тапсырма- 2.

«Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі

Суретте атмосфералық қысымды зерттеу үшін Б.Паскаль шәкіртінің жасаған тәжірибесінің сұлбасы берілген. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Атмосфералық қысымды анықтауға арналған тәжірибені сипаттап, биіктікті өлшей алады

- тәжірибе мақсатын анықтау;

- тәжірибе сұлбасын сызу

-тәжірибе нәтижесін сипаттау

Тапсырма 3.

«Эстафета»  әдісі арқылы есептер шығарады.

1-топ. Адамның денесіне ауа қысым түсіреді. Ауаның салмағы жүк тиеген КАМАЗ-дың салмағына тең. Оның массасы 10 тонна. Неліктен адам атмосфералық қысымды сезбейді?

2-топ. Барметр- анериойдты пайдаланып, мектеп үйінің бірінші және ең жоғарғы қабатындағы өлшеңдер. Өлшеу нәтижелеріне қарап, сол қабаттардың арақашықтығын табыңдар.

3- топ. Останкино теле мұнарасының биіктігі 540м. Етегіндегі атмосфералық қысым қалыпты болғандағы оның шыңындағы барометрдің көрсеткіші қандай болады? (Жауабы: 711 мм. сын. бағ.)
4-топ Қалыпты жағдайдағы Берлин мұнарасының шыңындағы барометрдің көрсеткіші 727мм. сын. бағ.- на тең болса, онда оның биіктігі қандай? (Жауабы: ~363м

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалаймыз















Плакат, маркерлер


Сабақтың соңы

2 (мин)

Кері байланыс «Кезбе тілші»

Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы;

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді?








Үйге тапсырма:

(2 мин)

Эксперименттік тапсырма: Қысымды үй жағдайында қалай өлшейміз?


Қосымша ақпарат: Ғаламтордың атмосфералық қысымы туралы қызықты мәліметтер жинау, тәжірибе көрсету.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы кұрделендіруді қалай жоспарлайсыз

Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы тез түсініп, есептерде формуланы қорытып қолдана алады.

Тапсырма №1 «Джигсо» әдісі

Тапсырма №2 «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі

Тапсырма №3 «Эстафета» әдісі


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Бағдаршам» әдісі арқылы

«Бас бармақ» әдісі арқылы

«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы

«Жауап парағы» әдісі арқылы

Пәнаралық байланыс

География, информатиа, математика.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
38 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
4914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі