жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қмж 7сынып Қысым
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қысым |
Мектеп: Ақсай қаласының №5 ЖОББМ |
|||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні: Акашаева Ляззат Садыковна |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Қатты денелердегі қысым |
|||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты |
7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау; 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Арнайы пәндік лексика мен терминология: Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер Қатты денелердегі қысым … Қысымның өлшем бірлігі …. болады. Қысым ......... тәуелді Сөздік
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында |
|||||||||||||||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
жаратылыстану, биология, математика |
|||||||||||||||||||||||||
|
Мұғалімге ескертпе |
W-толық сыныппен жұмыс жасау G-топпен жұмыс I-жеке жұмыс E-оқушы тәжірибесі D-мұғалімнің демонстрациясы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы |
|||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 0-2 мин 2-7 мин
|
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, дайындығын тексеру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу: пайда болған суреттерге сипаттама жасау. (I)Үй жұмысын тексеру: Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға арналған «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Оқушыларға доп беру арқылы сұраққа жауап береді.
ҚБ: сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды шапалақтау арқылы бағалау |
Түрлі суреттер: Техника: шынжыр табанды трактор Өсімдік: раушан гүлі Жәндік: ара Доп |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 7-15 мин 15-30 мин |
(D) Жаңа сабақ. «Ең бастысы» оқыта үйрету әдісі (Оқушылар 5-7 минут ішінде шаблон-картаға алған ақпаратты жазады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибелер) Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім кітапты қырынан және тігінен орналастыру арқылы тәжірибе көрсетеді. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. ХБЖ да өлшем бірлігі 1Па=1 Н/м2 (Паскаль) Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Бағалау критерийі: Картаны толтырады. Қысым ұғымын меңгереді, формуласы мен өлшем бірліктерімен танысады Дескриптор Білім алушы
ҚБ «Назар аударту немесе оқуға бағыттау» (G) Топтық жұмыс ұсыну «Интерактивті сурет» әдісі Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, суреттің мағынасын түсінеді, есептеулер жүргізеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. 1 топ: 1 тапсырма:(Топ мүшелерінің алдына бірнеше суреттер топтамасын ұсынамын) Қысымды арттыру және азайтуға арналған суреттерді ажыратыңдар?
Жауабы: қысымды азайту
2 2 топ: 1 тапсырма: Кітаптардың қайсысы үстелге ең аз немесе көп қысым түсіреді? 2 эксперименттік тапсырма: Білеушені үстелге тігінен орналастырып, қысымын анықтау. 3 топ: 1 тапсырма: Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.
көлденіңінен орналастырып, қысымын анықтау. Бағалау критерийі: Суретке сипаттама беріп түсіндіре алады; Қысымды арттыру және азайту мысалдарын ажыратады Қысымның формуласын қолданып есептейді. Дескриптор Білім алушы
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы. Жасыл түс – барлығы түсінікті Сары түс – менің сұрағым бар Қызыл түс – түсініксіз болды (W) Оқушыларға үлестірмелер ұсынылады. Практикалық тапсырмалар А деңгей: 1Па= кПа 1кПа= Па 1МПа= Па 1Па= МПа 1см2= м2 1м2= см2 В деңгей:
2. Массасы 480 кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта. С деңгей: Жағдаяттық тапсырма. Айбек қай уақытта қысымды жерге көбірек түсіреді: бір аяғымен бе, әлде екі аяқпен тұрған кезде ме? Нанды пышақпен кесудің тақырыппен байланысы бар ма? Қалай ойлайсың? Танк мен жеңіл машинаның табандарының жасалауының әр түрлілігін тақырыппен байланыстыр? Неліктен? Бағалау критерийі: Қысым мен ауданды ХБЖ-ға аударады; Қысымның формуласын қолданып есептер шығарады. Өмірмен және техникада байланысын ажыратады. Дескриптор: білім алушы - Өлшем бірлікті ХБЖ-ға келтіреді; - Есептер шығаруда формуланы қорыта алады. - Өмірмен байланыстырады ҚБ: «БББ» кестесі бойынша
|
Оқулық Слайд Шаблон-карта
Суреттер ұсыну Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған 4 қаңтар 903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | ||||||||||||||||||||||||


эксперименттік
тапсырма:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген