жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ 8 сынып "Линзалар. Линза көмегімен кескін алу"
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жарық құбылыстары.
Күні: Сынып: 8 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы:
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары /оқу бағдарламасына сілтеме/ |
8.5.1.13. жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру. |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: линзада кескін алу және оған сипаттама беру. Көпшілік оқушылар үшін : линзаның оптикалық күшін есептейді. Кейбір оқушылар үшін:линза көмегімен әртүрлі кескіндерді алуға болатындығын түсінеді. |
Бағалау критерийі |
Линзаның оптикалық күшін есептей алады.. Негізгі сәулелерді пайдаланып линзада кескін салу жолдарын біледі. Линзадағы кескінге талдау жасай алады.
|
Тілдік мақсаттар |
Линза, оптикалық осі, центрі, оптикалық күш, фокус терминдерін пайдаланып линзадағы сәуле қозғалысын сипаттайды. |
Құндылықтарға баулу |
Линзаның күнделікті тұрмыста, медецинада, техникалық құралдарда кең түрде қолданылуы ғылымның даму жетістігіні бірі ретінде көрсете отырып оқушыларды шығармашылықпен ойлауға ынталандыру.
|
Пәнаралық байланыс |
Геометрия –салу жұмыстары. Математика – есеп шығару Астрономия –телескоп құрылысы |
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Жазық және сфералық айнада кескін алу |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
5 мин
Сабақтың ортасы 15 мин
|
Қағаз қиындылары тәсілі бойынша топқа бөлу. Оқушыларға геометриялық оптика заңдары жазылған қағаздарды топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құру тапсырылады. І топ - жарықтың түзу сызықпен таралу заңын құрастырғандар. ІІ топ - жарықтың сыну заңын . ІІІ топ – жарықтың шағылу заңы. «Шахмат» әдісі / үй тапсырмасын қайталау./ Шахмат тақтасының суретінің ақ ұяшықтарына өз жауаптарын жазып, кейін ой бөліседі. Сұрақтар: 1.Жазық айна қандай кескін береді? 2. Қандай жағдайда жазық айна шын кескін береді? 3. Жарық сәулесінің түсу бұрышы 30 º. Шағылу бұрышы неге тең? 4. Киноэкраннан айналық әлде шашырап шағылудың қайсысы байқалады? 5. Неліктен Күн шықпай тұрып ақ жарық бола бастайды? 6. Жазық айна сәуле шашырата ала ма? 7. Ай жарық көзі бола ма? 8. Жарықтың жылулық әсеріне мысал келтір.
«Болжау» /проблеманы айқындау тәсілі/
Оқушыларға «Бұл құралдардың сабаққа қандай қатысы бар?» деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойылып, осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. «Линза. Линзаның қолданылуы».
«Өзін өзі бақылау парағы» таратылады ./Бүкіл сабақ бойы жүргізіледі/
Тапсырма 1. /оқулықпен жұмыс/ «Қос жазба күнделігі» тәсілі. Мәтін мазмұнына зейін аударып , қағазды екі бөлімге бөліп, кесте толтыру.
Тапсырма 2. Суретті толықтыр әдісі Суретте кескінделген сәулелердің жолдарын жалғастыр.
Оқушылар шағын топ ішінде кесте,суреттерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады.
|
Кеспе қағаздар
Құралдар көрсетіледі.
Бейнефильм. /электр.оқулық/
Оқулық Физика 8 кл
Слайд 1
|
|||||||||||||||
3 мин |
Тапсырма орындалғаннан кейін «Т кестесі» тәсілі арқылы кері байланыс беру. |
Слайд 2 |
|||||||||||||||
Тапсырма 3. «Семантикалық кесте» сызбасы «+», «-» белгілерін әр нысанның кестедегі сипатына қарай белгілеп отырады.
|
Кеспелер таратылады |
||||||||||||||||
10 мин
|
Тапсырма 4. «Конверттегі сұрақ» тәсілі. Конверттегі стикерге жазылған тапсырмаларды топта орындайды.. Дайын болғаннан кейін жауаптар талқыланады. А.
В. Суретте линзаның негізгі оптикалық осі, АВ нәрсе және оның А1 В1 кескіні берілген. Салу арқылы линзаның бас фокусы мен оптикалық центрінің орындарын табыңдар.
В1 А
В В1
В1
В
|
Ішінде сұрағы бар конверттер таратылады.
Слайд 2
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы. Кері байланыс 5 мин |
«3 2 1 стратегиясы» тәсілі 1.Бүгінгі сабақтан есте қалған 3 нәрсені жаз. 2.Сабақ барысында естіген 2 маңызды ұғым жазамыз. 3.Талқылау барысында туындаған 1 сұрақ жазыңыз. Бағалау : «Бағалау парағы» арқылы өзін өзі бағалайды. Үйге тапсырма: Линзаның қолданылуы туралы мәлімет жинау.
«Бағалау парағын» |
Кеспелер |
|||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||
Оқытуда саралауды жүзеге асыруда деңгейлік тапсырмалар алынды. «Сементикалық карта», «Конверттегі сұрақ» тәсілін пайдаланып әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдаландым.
|
Сабақ басында оқушыларға «Бағалау парағы» таратылады. «Т кестесі», «321 стратегиясы» тәсілі арқылы кері байланыс жүргіземін. |
Линза қолданулына мысал келтіре отырып, көзілдірік, линзаны көздің көру ақауын түзетуде қолданылатыны, көз ақауының денсаулыққа зиянын айту. |
,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген