400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ 8 сынып "Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі,Кулон заңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: электростатика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:


Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.5-Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

Cабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуін ұғына отырып, Кулон күшін түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

- Кулон заңының формуласын түрлендіріп есептер шығарады;

Кейбір оқушылар үшін:

Кулон заңын сапалық, экспериментті есептерді шығаруда қолданады.

Бағалау критерийі:

-Кулон заңын теориялық түрде түсінеді;

-Кулон заңының формуласын түрлендіріп есептер шығара алады;

- Кулон заңын сапалық есептерді шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Нүктелік заряд,диэлектрлік өтімділік, пропорционалдық коэффициентті ажырата алады.Кулон заңының физикалық мағынасын және формуласын пайдаланып есеп шығарады.

Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер :

-нүктелік заряд ,кулон заңы терминдерін ауызша тұжырымдай алады.

Құндылықтарға баулу:

Өндірісте, техникада,энергетика саласында қолдану әдісін үйрену, кәсіби мамандыққа баулу

Пәнаралық байланыс:

Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады:

Математика – есептер шығару (амалдар қолдану);

Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.

Алдыңғы білім:

Денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядының сақталу заңы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Сабақтың басы:

5 минут

Топқа бөлу. Суреттерді таңдау.

1 топ. Аттас зарядтар

2 топ. Әр аттас зарядтар

3 топ. Элементар заряд

«Миға шабуыл» әдісі:

1. «Электр», «Электр заряды» деген не?

2. Электр зарядының қандай түрлері бар және денелердің зарядталғанын қандай құрал арқылы білеміз?

3. Денелерді қандай әдістермен электрлеуге болады, зарядың сақталу дегенді қалай түсінеміз?

4.Күнделікті өмірде байқаған жағдайларға байланысты денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер.

5.Элементар заряд дегеніміз не?

6. Молекулалар неге бөлінеді?


Бағдаршам мен бағалау







Сабақтың ортасы:

10 минут






15 минут





















































7 минут

Тапсырма №1. «Кластер» әдісі бойынша, топтық жұмыс жасалып, бірлескен жұмыста әр топ мәтінді талдап, түсіндіреді.




Тапсырма№2.

«Кім жүйрік?» әдісі бойынша әр топқа А,В,С деңгейлі есептер

беріледі.

1-топ. Аттас зарядтар

1. Бір – бірінен 3см қашықтықта тұрған, әрқайсысы 20нКл екі заряд өзара қандай күшпен әрекеттеседі?

2. 1мкКл және 10нКл екі заряд 8мН күшпен біріне - бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

3. Бір - бірінен 30см қашыктыкта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы "артық" электрондардың санын табындар.

2- топ. Әр әттас зарядтар.

1.Бірінен-бірі 3 см қащықтықта тұрған әрқайсысы 30 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

2.1 мкКл және 20 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

3.Арақашықтығы 20см,зарядтары 4нКл және

6нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?

3 –топ. Элементар заряд

1.Бірінен-бірі 5 см қащықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

2.1 мкКл және 15 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

3.Арақашықтығы 10см,зарядтары 4нКл және

6нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Кулон заңының формуласын түрлендіріп есептер шығара алады;


-Есептің шартын жазады

-ХБЖ

келтіреді;

-Кулон заңын түрлендіріп, есептеулер жүргізеді;


Тапсырма№3. « Еркін ізденіс» әдісі арқылы сапалық есептер шешеді.

  1. топ.Өткізгішпен жанаспай және зарядын өзгертпей, потенциалды өзгерту мүмкін бе?

  2. топ. Егер бұлт оң зарядталса, онда бұлт астындағы жер бетінің зарядының таңбасы қандай болады?

  3. топ.Ауасыз кеңістікте жақын орналасқан зарядтар өзара әрекеттесе ме?





Әр топқа жетондар таратылады







Есептер жазылған үлестірмелі кестелер







































Сабақтың соңы:

3 минут

Кері байланыс. Стикерлер арқылы сабақты бағалау.


Үйге тапсырма:

Ш.Кулон еңбектері туралы мәлімет іздеу.

Жұмыс парағы, түрлі –түсті стикерлер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы тез түсініп, есептерде формуланы қорытып қолдана алады

Тапсырма №1 «Кластер» әдісі

Тапсырма №2 «Кім жүйрік?»әдісі

Тапсырма №3«Еркін ізденіс» әдісі есептер жазылған кеспе қағазбен жұмыс

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл -нақты, толық жауап

Сары-толықтыруды қажет ететін жауап

Қызыл-қанағаттанарлық жауап

арқылы бағалау

Стикерлер арқылы сабақты бағалау.


Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік техникасы түсіндірілді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
1614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі