400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ҚМЖ " Астана Опера театры

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Театр өнері мен

мәдениеті

Мектеп: Іле ауданы, « №31 орта мектеп» КMM


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ирсимбетова Гулжахан Джетписбаевна


Сынып: 8

Қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

«Астана Опера» театры


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннатоция,тезис) жазу


8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану


Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады;

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Оқылым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады, ойын жүйелі жеткізеді;

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады, сөйлемде дұрыс пайдалана отырып, жасалу жолын түсінеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқылым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады, өз көзқарасын білдіреді;

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады, сөйлемде дұрыс пайдалана отырып, жасалу жолын түсінеді, дәлелді мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі

  • тақырып бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін

(аннотация ) жазады;

  • жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: пән бойынша академиялық тілді меңгереді, тақырып бойынша жаңа сөздер мен термин сөздерді тиімді пайдалана алады

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: опера, репетиция, театр, партер, спектакль, оркестр т.б

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Астана опера» театры, қазақ мәдениеті, репетициялық орын, драматургиялық шығарма т.б

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Астана Опера» театрынның қазақ мәдениетін дамытудағы ролі қандай деп ойлайсыз?


Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, ұлттық мәдениетке құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Оқушылардың тақырып бойынша бұрынғы білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут







2 минут









1 минут




1.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру:

«Мадақтау» әдісі арқылы оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Сен ақылдысың!», «Мен сені шыншылдығың үшін сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Сен әділсің!» т.б.


2. Топқа бөлу:

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді. Бірнеше құттықтау қағаздардың әрқайсысын (немесе ақ парақтарды) топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, (төртке, беске), оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.


3. Оқу мақсаттарымен таныстыру:

8.3.5.1оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін аннатоция жазу


8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігене сай қолдану









А.Әлімов Оқытудағы интербелсенді

әдіс-тәсілдер

Астана, 2014

168-б.










Сабақтың ортасы










6 минут

























10 минут








































9 минут





























5 минут

ТЖ.

1-тапсырма.

Жазылым алды тапсырма.

Оқушылар театр туралы ойларын «Кластерге» (жүзімнің шоқтары) жазады.

Shape3 Shape4 Shape2


Shape5 Shape6

Shape10 Shape9 Shape8 Shape7


Shape12 Shape11

театр


Shape13

Shape14 Shape15

Shape17 Shape16

Shape18




ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Ж.

2-тапсырма.

Жазылым тапсырмасы.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма


Бөлім

«Астана Опера» театры

Оқу мақсаты

8.3.5.1-оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннатоция,тезис) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

-Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады.


Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

«Астана Опера» театры

«Астана Опера» - тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысын барысын ҚР-ның Президенті Н. Назарбаев жеке бақылауында ұстаған.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі-

935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар.Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналау мүмкіндігі мол.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте, «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы бар. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамадан тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде орналастырылған және 120 музыкантқа есептелген.

«Астана Опера» залына 1250 көрермен сыяды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие. «Ла Скала» сынды әлемдік опера театрлары залына ұқсатып бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал,

11 репетитициялық орын-жай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.


Тапсырма.Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннатоция жазыңыз.

______________________________________________


Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын сақтайды;

  • мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады;

- шығарма бойынша аннотация жазады.



ҚБ. Оқушылар дескриптор негізінде бірін-бірі бағалайды.


Ж.

3-тапсырма.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.


Блум таксономиясы бойынша саралау тапсырмалары

Білу

Түсіну

Қолдану

СShape21

11

андарды сөйлетіп, жинақы мәтін құраңыз.

Shape22

935



Shape23

1250


Shape24

21


Shape25

450




Мәтіннің негізгі идеясын

5-7 сөйлеммен жазыңыз


Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Талдау

Жинақтау

Баға беру

Операның маңызы туралы өз ойыңызды

5-7 сөйлеммен жазыңыз


«Астана опера» театры туралы қандай ой түйдіңіз.

5-7 сөйлеммен жазыңыз

«Астана опера» театрының қоғам үшін пайдасы қандай? Өз ойыңызды

5-7 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.




Дескриптор:

  • танымдық деңгейлеріне қарай ұяшықты дұрыс таңдайды;

  • сұрақтарға дұрыс жауап береді;

  • тақырыптың мазмұнына сай жауап жазады.

  • өмірден мысалдар келтіреді.

ҚБ. Оқушылар дескриптор негізінде өзін-өзі бағалайды.


ЖЖ. 4-тапсырма.

«Карточкадағы терминдер» әдісі. Әр қағаз қиындысында қарастырылған сабақ тақырыбы бойынша бір термин (репетиция, театр, партер, спектакль, оркестр) жазылған. Тапсырма: берілген сөзден жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігене сай 2 сөйлемнен құрастырып жазады.

________________________________________________

________________________________________________


ҚБ. «Бағалау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бір-біріне сындарлы сын айтып, соңында тағы да жағымды пікір білдіреді. Мысалы: «Маған ..... ұнады», себебі.... . Енді/келесі жолы .... жетілдіруге болады деген ойдамын. Сонымен қатар ... жақсы шыққан, себебі ....».







А.Әлімов Оқытудағы интербелсенді

әдіс-тәсілдер

Астана, 2014

140-б.









Майк Гершон

Бағалауға арналған құралдар

4-б.







Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)

8-сынып

21-б.











Б.Қапалбек,

А. Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова

Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің

8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2018 жыл.

168-170- б.












































9-күн, 2-сабақ,

4-үлестірмелі материал


























А.Әлімов

Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер.

Астана, 2014 ж.

79-б.

Сабақтың соңы

5 минут


Сабақ соңындағы рефлексия

«Рефлексиялық эссе» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

Сонымен біз................. деген шешімге келдік




Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай

тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға

қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Сабақ барысында әр оқушыға қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын. Блум таксономиясы бойынша саралау тапсырмасын әрбір оқушының танымдық қажеттіліктерін ескере отырып құрастырдым.Оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалдары мен ресурстарды жеке қабілеттерін ескере отырып әзірледім.

Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, «Бағалау сэндвичі» әдісі, дескриптор арқылы

өзін-өзі және өзара бағалау жүргізуді жоспарлап отырмын.


Денсаулық сақтау

технологиялары.

Сабақта сергіту

жаттығулары мен

белсенді жұмыс түрлерін

қолдану. Осы сабақта

қолданылатын

қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу

мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол

жеткізді ме? Егер оқушылар оқу

мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?











ҚБ тапсрымасы


Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

«Астана Опера» театры

«Астана Опера» - тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысын барысын ҚР-ның Президенті Н. Назарбаев жеке бақылауында ұстаған.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі-

935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар.Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналау мүмкіндігі мол.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте, «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы бар. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамадан тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде орналастырылған және 120 музыкантқа есептелген.

«Астана Опера» залына 1250 көрермен сыяды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие. «Ла Скала» сынды әлемдік опера театрлары залына ұқсатып бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал,

11 репетитициялық орын-жай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.


Тапсырма.Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннатоция жазыңыз.

______________________________________________


Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын сақтайды;

  • мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады;

- шығарма бойынша аннотация жазады.




ҚБ. Оқушылар дескриптор негізінде бірін-бірі бағалайды.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
3041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі