400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ . Сыныптан тыс уақытта. У дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне сабақта қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі » КММ








Picture 3


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс уақытта.

У дыбысы мен әрпі.






Дайындаған: Жаркимбаева Ж.К.

1 «Ә» сынып







Түсінік хат

Сауат ашу пәнінен «Сыныптан тыс уақытта. У дыбысы мен әрпі» тақырыбына құрастырған қысқа мерзімді жоспарды ұсынып отырмын. Қысқа мерзімді жоспарды 1 сынып мұғалімдері сабақтарында қолдануға болады. Қысқа мерзімді жоспар оқу бағдарламасы мен ұзақ мерзімді оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып әзірленді. Орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып берілді. Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындап отыр.

Оқу мақсаттары:1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді (мұғалім көмегімен).

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқи алады.

Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқытудың коммуникативтік тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жүзеге асыру мақсатында тілдік дағдыны қамтитын жаттығулар орындалды. Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасап, диалог құрды. Тыңдалған мәтін бойынша үш жалқаудың сөзін рөлге бөлініп сахналады.

Оқушылардың орындаған барлық әрекеттері блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленді. Сабақтағы берілген барлық тапсырмалар пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларының қалыптасуына да бағыттылған. Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Сабақта оқушылардың адамгершілік құндылықтары қалыптасып, шығармашылық пен еңбекке тәрбиелеу көзделіп отыр.

Жаңа форматтағы қысқа мерзімді сабақ жоспары балалардың оқыту үрдісіне белсенді қатысып, өткен материалды талдау және жинақтау, қолдану, пікірлерін айту, болжау, өзін-өзі бағалау іс-әрекеттердің жүзеге асуын көздейді.

Сабақта тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын саралау, пәнаралық байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар, АКТ құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде ұсынылып отыр.

Сабақ соңында сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған және іс- әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс орнады. «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады.


САБАҚ:Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Сыныптан тыс уақытта. У дыбысы мен әрпі.

МЕКТЕП: Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

КҮНІ:26.10.2018

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:Жаркимбаева Женискул

Куанышбаевна

СЫНЫП:1 «Ә»

ҚАТЫСҚАНДАР

САНЫ: 21

ҚАТЫСПАҒАНДАР

САНЫ: 0

ОҚУ

МАҚСАТЫ:

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап береді (мұғалім көмегімен).

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқи алады.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Әріптерді каллиграфиялық талаптарға сай көшіріп жаза алу.

Дыбыстардан сөз құрай алу.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Ертегіні тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылау, соңын болжай алу.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алу.

Ертегіден үзінді көрініс көрсету.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік құндылықтары қалыптасады. Оқушыларды еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Дыбысталуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөзбен танысады, мағынасын ажырата алады.

Алдыңғы

білімдер

Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

(МК; Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз»

Шеңберге тұрып амандасып, бір-біріне жылы сөздер айтады.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.



Көңілді әуен қосып қою

Рисунок 6



Сабақтың ортасы

18 минут



Білу

2 минут

Ой қозғау. Өткен сабақты еске түсірейік.

-Қандай дыбыспен танысып едік?

-У қандай дыбыс?

-Қандай сөздерде у дыбысы кездеседі?


1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқи алады.

(МК; Ж;Қ) Сөз сызбасын оқи алу, сөйлем құрау білігін бағалау.

Дыбыстық талдау жасау.

Прямая со стрелкой 1

Прямоугольник 1 Овал 1 Овал 2 Овал 3 Овал 4


Науа сөзімен сөйлем айту.

Сендер бүгінгі сабақта: У дыбысы мен әрпін жалғастыра отырып, тыңдалған мәтін бойынша өз пікірлеріңді, болжамдарыңды айта аласыңдар. Ертегіден үзінді сахналап көреміз. У әрпін жазуды жалғастырамыз.






науа суреті

дыбыстар




Түсіну

8 минут









1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен)

(МК; Қ) Мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап беру білігін бағалау.

1. Мына суреттерге қарап, тыңдайтын мәтініміз кім немесе не туралы болмақ, болжап көрейікші. Оқушылар өз болжамдарын айтады.

Жалқау сөзін буынға бөлгізу, у дыбысының дауысты, дауыссыз екенін сұрау.

Тыңдалым.

Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатып, сұрақтар қою.

Айтылым.

Сұрақтарға жауап беріп көр.

  1. Ертеде үш не болыпты?

-Олар не істей беріпті?

  1. Үшеуі жолға шығып, нені көріпті?

  2. Жалқау адамдар не депті?

  3. Олардың іс-әрекеті саған ұнады ма? Неліктен ұнамайды?

Балалар өз ойларын айтады.




Таныстырылым,

аудиожазба




суреттер


Қолдану

3 минут



Талдау

3 минут

Қызықты тапсырма



1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен)

(МК; Қ) Сұраққа нақты жауап беріп, сөйлем құрай алу білігін бағалау.

Ертегінің соңын қалай аяқтар едіңдер?

Тыңдалған мәтін бойынша үш жалқаудың сөзін сахналайды.




Рисунок 7 Рисунок 9



Оқулық

Мақал





Жинақтау


2 минут

Мақал. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Сыныптан тыс уақытта немен айналысасыңдар?





Ой сергек!


1 минут

«Бір оңға, бір солға» әуенімен би қимылдарын жасайды.

әуен


Жазылым


10 минут



1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

(­­Ө; Қ) Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Жазылым

У әрпінің элементін бастырады.

У-дың бас және кіші әрпін көшіріп жазады.

(Т;Қ) Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау.

Топтық жұмыс ұйымдастыру.

«Кімнің есінде қалды?»

У әрпі бар сөздерді есте сақтап жазу.

Топтық жұмыстарын топта жариялау.


Рисунок 10 Рисунок 12



дәптер






Ламинатталған қағаз А4, маркерлер



Бағалау



4 минут




Рисунок 13

Кері байланыс:

Еркін микрофон. Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе? Сабақ сеніңше қалай өтті? Нені білдің? Нені үйрендің?

(МК; Қ)


«Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Рисунок 14


микрофон


Стикерлер





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі