қмж " үй тазалығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қмж " үй тазалығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
үй тазалығы туралы қмж.арнайы мектептерге арналған, педагог дефектолог жоспары Жаңа бұйрыққа сәйкемс жасалынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: ЕҚОКҚББААМИ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Отбасылық қарым қатынастар


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 Отбасындағы түрлі жағдайларында өзін-өзі дұрыс ұстау, ата-анасын, туыс-тумаларын, достарын күрметтеу, дау мен жанжалдан аулақ болу; өмірлік жағдаяттын моделин құрастыра алу

8.4.1.2 балаларға қамқор болумен байланысты міндеттерін атқару


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді.Берілген сұрақты түсінеді,лайықты жауап береді,шағын диалогке қатысады.Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданып,мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Шағын диалогке қатысу арқылы пікірлесу кезінде негізгі ақпараттарды орынды пайдаланады;

Кейбір оқушылар орындай алады:Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіруде мазмұнды пікір білдіреді.


Бағалау критерийлері

Білім алушы:1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады;

2.Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруде үйренген сөздерін қолданады.

3.Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгенін көрсетеді



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагог іс-әрекеті


Оқушы іс әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтқызып, психологиялық ахуал туғызу

«Сұрақты қағып ал» әдісімен алдыңғы сабақты еске түсіріп пысықтайды.Ол үшін мұғалім сұрақты доп арқылы оқушыларға бағыттай-ды .Оқушы сұрақтың жауабын айтып мұғалімге допты қайта бағыттап лақтырады.1.Үйлеріңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар?2.Қонақтарды дастарқандағы дәмге қалай шақырасыңдар?

3.Дастарқанға қандай тағам түрлерін қоясыңдар?4. Дастарқанға шақырылған қонақтар қай жерге отырады?

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады



Мұғалім қойған сұрақтарға оқушылар жауап береді

Доп

Сұрақтар

Сабақтың ортасы




3.Уәж туындату арқылы жаңа тақырыпты жариялау:

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Жаңа тақырыпты ашуға арналған уәж туындату сұрақтары:

1. Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?2. Отбасын кімдер құрайды?3. Қазақ отбасында кездесетін қандай дәстүрлерді атай аласыңдар?

Оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды. «Тұсау кесу», « Бесікке салу» әдет-ғұрыпқа байланысты топқа бөлінеді.Күннің реті мен сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

Мақсатқа жетелеу сұрақтары беріледі: 1.Бүгінгі сабақтан не үйренгілерің келеді ?2.Мақсатқа қалай қол жеткіземіз?

Оқушыларға сабақтың мақсаты таныстырылады.

1-тапсырма: (Т) «Бес асыл іс» әдісі.

Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды ажыратыңдар, берілген ақпараттардың ішіненнегізгі 5 құндылықты анықтаңдар. Анықталған құндылықтарды кестеге жазыңдар.

Отбасылық құндылықтар

Түсініктеме

1.

2.

3.

4.

5.


Менің отбасым

Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен.Менің отбасымда атам,әжем,әкем, анам,ағам,інім,қарындасым бар.Бәріміз бірге, тату-тәтті тұрамыз.

Қазақ отбасының жақсы дәстүрлері көп.Олар:жасы үлкен адамға жол беру,төрге отырғызу,қарсы сөйлемеу,қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады,кеңес береді,ақылды болуды үйретеді.

Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді.Әкем маған: « Үлкенді құрметте,кішіге қамқор бол!»-дейді. Мен де атам мен әжемді,әкем мен анамды ,ағамды құрметтеймін.Ал ініме,қарын- дасыма көмектесемін.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған.Ұлды мал бағуға,қолөнерге.ақша табуға,ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге,өрмек тоқуға үйреткен.

Дескриптор:Білім алушы:

-мәтінді оқиды;

-мәтіннен негізгі ақпаратты ажыратады;

- 5 негізгі құндылықты анықтайды;

- анықталған құндылықты кестеге жазады.

ҚБ: «Мадақтау сэндвичі»

2-тапсырма: (Ж)

Тақырып бойынша үйренген сөздеріңді қолданыңдар , мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

Жол беру,төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау, қамқор- шы,кеңес береді, үлкенді құрметте,кішіге қамқор,мал бағуға, қолөнерге,кесте тігу,өрмек тоқу ;

« Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша сұраққа жауап беріп , өз көзқарасын білдіреді.Өз пікіріңді 3 сөйлеммен дәлелде.

Сұрақтар:1.Отбасында неше адам бар?2.Неге жасы үлкен адамға жол береді?3.Кімді төрге отырғызады? Не үшін?4.Қарсы сөйлемеу дегенді қалай түсінесің?5.Қыз баланы не үшін сыйлайды?6.Кім жасы кішілерге қамқоршы болады?7.Неге жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді?8.Қазақ халқы ежелден ұл баланы қалай тәрбиелеген ?

9.Қыз баланы қалай тәрбиелеген ?10.Қазақ отбасының қандай дәстүрлерін құрметтейсің ?

Дескриптор:Білім алушы:

  • үйренген сөздерін қолданады;

  • мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

ҚБ: «Серпілген сауал » әдісімен оқушылар айтылған пікірлерге өз көзқарасын білдіреді. Пікірді қорғайды немесе қосымша ой айтады.

3-тапсырма: (ЖЖ)

Көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап алып, диалог құрыңдар.

Тақырыптар:

  1. « Сыйластық-отбасының негізі»

2. «Отбасындағы мерекелер »

3. «Отбасы бірлігі-бақыттың кілті »

Дескриптор: Білім алушы:

- көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап алады;

-шағын диалог құрастырады

ҚБ: «Үздік үштік» әдісімен кері байланыс жасап ,үш түрлі тақырыптың ең үздік жұмысын ауызша мадақтаймын.



Сұрақ арқылы сабақ тақырыбы және мақсатын анықтайды.













Тапсырманы орындайды.



































Тапсырма орындайды

















Конверт ішінде сұрақтарға жауап береді

Презентация

















Кестелер





















































Конверт ішінде сұрақ

Сабақтың соңы



Сабақты бекіту: 4- тапсырма: (Ж)

«Бақытты жанұя» әдісімен сабақ қорытылады. Ол үшін тақтаға Киіз үйдің суреті ілінеді. Жақсы әдеттер мен жаман әдеттер қағазға жазылып, араластырып тасталады. Оқушылар өзіне ұнаған адами құндылықтардың біреуіне таңдау жасап, Киіз үйдің үстіне апарып іледі. Оқушылар осылайша «Бақытты жанұяның» құндылықтарын құрастырады.

Үйге тапсырма:Отбасылық қарым-қатынасқа байланысты сурет салу, мәтін құрау.

Кері байланыс жүргізеді. Киіз үйге бір қасиетті таңдап іледі.

Ауызша

Киіз үйдің суреті,

қиынды қағаздар



Рефлексия

Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің осы сабақ бойынша қай деңгейде екендігіне сыни оймен жауап береді



Рефлексия парақша-лары





























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2021
1459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі