400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ әдебиеттік оқу пәні 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар :Мәдени мұра

27-сабақ. Даналық сөзден үйренемін.Мақал-мәтел

Күні:08/11.2019ж

Мұғалім: Айлшиева Р

Сынып 4 Ә

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.4.1Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді,шешендіксөздерді жән евербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба ,диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өлеңді талдап, зерттеп оқып, мақал-мәтелдермен түйіндей алады. Мақал-мәтелдерді сөйлеу барысында кеңінен қолданып, диалог түрінде ұсынады.

Оқушылардың басым бөлігі: Суреттерге сәйкес мақал-мәтелдер таба алады.

Кейбір оқушылар: Өлең мазмұнын сурет мазмұнымен салыстырады.

Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері,

табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын қолданады. Талдау жасап, зерттеп оқиды.

Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсынады.

Құндылықтарды дарыту

Әлеуметтік жауапкершілік және жанашыр болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпқа қатысты мәлімет

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәдени мұра. М.Әуезов «Бала Абай»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

«Құрастыр» айдары бойынша

«Сырсандықтағы мақалдарды» екі бөлікке бөліп жазып, оқушылардың бір бөлігін тауып,құрастырады.

Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Сандықша. Мақалдардың бөліктері жазылған қағаздар





Ортасы

Мағынаны тану

Мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру

«Түсініп оқы» айдары

Оқушылар «Сөз мәйегі» өлеңін оқиды, оқу арқылы талдайды,түсіндіреді

Мақсаты: Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, әр бөлімнің мазмұнын ашатын сұрақтарға жауап ала отырып, келесі бөлім мазмұнын болжай білуге үйренеді.

Тиімділігі: Өлең мазмұнын сұрақтар арқылы талдай отырып оқуға дағдыланады.

«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша мәйек, көркеуде сөздерінің мағынасын ашады.

Мәйек – бір нәрсеге ұйытқы, көмек, негіз болатын зат Көркеуде – оқымаған, надан адам

«Ойлан» айдары

  1. топ Өлең мазмұнына мақал табады

  2. топ Берілген сурет бойынша мақал тауып айтады

  3. топ Мәтінге сәйкес мақал табады

  4. топ Аралас сөздерден мақал құрастырады

Дескрипторы:

1Сөздің мағынасын түсінеді

. 2. Мақал мазмұнын түсінеді .

ҚБ: мақтау

(Т) «Суретпен жұмыс» айдары бойынша

Берілген суреттер бойынша мақал құрастырады

Дескрипторы:

Сурет мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше мақал айтады.

. Дескрипторы: суретті бейнені пайдаланып өздері мақал құрастырады..
































Парақшалар


Аяқталуы

Ой толғаныс:

«Суретпен жұмыс» айдары бойынша

Берілген суреттер бойынша мақал құрастырады

Дескрипторы: суретті бейнені пайдаланып өздері мақал құрастырады..

Үйге тапсырма:

1. Сыныпта немесе сыныптар арасындағы мақал-мәтел сайысына дайындал.

2. «Мен естіп-білген мақал-мәтелдердің маңызы» тақырыбына зерттеу жұмысын жаса.

Кері байланыс:ауызша


Мақал-мәтел кітабы













Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бүгінгі сабақта оқушылар сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді,шешендік сөздерді жән евербалды емес тілдік құралдарды қолдану екенін түсінді. Сыныптағы ахуал белсенді болды. Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды. Сабаққа берілген уақытты тиімді қолдана алдым.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс

2: Оқулық бойынша түсіндіру

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1: Жеке жұмыс

2: Бағалауы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?

Қосымша материалдар жинақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
2415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі