400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

ҚМЖ. Алгоритмді орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі

Компьютерлер мен бағдарламалар ІІ бөлім шығармашылық және компьютер

Педагогтің аты-жөні

Г.Бейсеева

Күні

16.10.2024 ж

Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді орындау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру;

Сабақтың мақсаты

  • Отбасыңда шай қоюды, аула, үй тазалау, жұмыс орнын жинауды кім үйрететінін əңгімелейді.

  • Үй шаруасындағы жұмыстардың бірін орындау кезіндегі іс-əрекетінің ретін айтып береді.

  • Алгоритмді сөзбен, ауызша сипаттауды жүзеге асырады.

Құндылықтарға баулу

"Тәуелсіздік және Отаншылдық" ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Бірлік» əдісі

Оқушылар шағын топ құрамында бір қолының жұдырығын жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.

Мақсаты: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылар біркелкі саусақ көрсеткеніне дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі тиіс.

Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал туғызады жəне ынтымақты болуға баулиды.

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үшке дейін санап, екі топқа бірігеді.

1- топ. «Бірінші» тобы 2-топ. «Екінші» тобы



(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

–Отбасында ауланы, үйді тазалау, жұмыс орнын жинауға кім үйретеді?

–Осы жұмыстардың бірін орындау кезіңдегі іс-əрекетіңнің ретін айтып бере аласың ба? (1-сурет)

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды: Жасыл түс:

Жарайсың!

Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша баяндайды.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатмен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (МК, Т)

Оқулықпен жұмыс.

«Жауап беретін əріптес» əдісі. Оқушылар алдымен мəтінді толық оқиды.

Содан соң оқушылар əріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін əріптестің рөлін бағалауы үшін оқу мақсаттарына сəйкес құрылымды жəне жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. Бұл əдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуына, бір- бірімен талқылауына, бір- біріне сұрақ қоюына тиімді

болып келеді.

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • Бір-бірімен топтық талқылау жұмысын жүргізеді.

  • Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген тұстарын толықтырады.

Топ мүшелері бірін-бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың!

Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!

Интерактивті тақта.


(Ө) 1- тапсырма. Жұмыртқа қуыру: Анасы балаларына жұмыртқаны қалай қуыруға болатынын үйретуде (3-сурет). Суретке қарап, төмендегі тапсырмаларды орында:

  1. Жұмыртқа қуырудың сызықтық алгоритмін сөзбен сипаттаңдар.

  2. Құрастырған алгоритміңді тармақталған алгоритмге

ауыстыр.

Дескриптор

  • Тапсырмамен танысады.

  • Жұмыртқа қуырудың сызықтық алгоритмін сөзбен сипаттайды.

  • Құрастырған алгоритмді тармақталған алгоритмге ауыстырады.

Оқушылар бір- бірін сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Интерактивті тақта


(Ж) 2-тапсырма. Жұмыртқа қуырудың сөзбен берілген тармақталған алгоритмнің графикалық блок- сызбасын ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырмамен танысады.

  • Өзара талқылау жүргізеді.

  • Сөзбен берілген тармақталған алгоритмнің графикалық блок- сызбасын ұсынады.

Жұптағы оқушылар бірін- бірі жұптағы жұмыс істеу деңгейіне қарай

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Интерактивті тақта


(Ө) «ВЕНН

диаграммасы» əдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын

меңгереді.

3- тапсырма.

  • Алгоритмді сөзбен жəне блок-сызбамен ұсыну түрлерін салыстырады. Дескриптор

  • Алгоритмнің екі түрін салыстырады.

  • Айырмашылығын жазады.

  • Ұқсастығын жазады.

Жұптағы оқушылар бір- бірін жұптағы жұмыс жасау деңгейіне қарай

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ж) «ВЕЕР» əдісі

Сабақты бекіту, яғни қорытындылау үшін оқушыларға желпуіш (веер) жасау тапсырмасы беріледі. Қағазды қатпарлап бүктеп, бірінші оқушы бір қатпарына сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші қатпарына қысқаша жауап жазып тапсырады.

Мақсаты: идеяларды жинақтап, жазбаша кері байланыс береді.

Тиімділігі: идеялар талқыланады, жинақталады.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!

Стикерлер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қыркүйек
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі