Тақырып бойынша 26 материал табылды

ҚМЖ. Антивирустық қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
7.4.2.1.Компьютерді зиянды программалардан қорғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар


Бөлімі:

2-бөлім. «Желі және қауіпсіздік»

Педагогтің аты-жөні:

Г.Бейсеева

Күні:

07.10.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Антивирустық қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.2.1.Компьютерді зиянды программалардан қорғау

Сабақтың мақсаты

  • вирус жұққан компьютерлердің белгілерін ажыратады.

  • антивирустық программалардың жұмыс принципін түсінеді.

  • вирустан қорғану жолдарын біледі.

Құндылықтарға баулу

"Тәуелсіздік және Отаншылдық" құндылықтары ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


7 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Топтастыру

«Қалауым» әдісі бойынша оқушылар өз еркімен қалаған топқа отырады.

І топ: «Вирус»

ІІ топ: «Антивирус»

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және критерийлерімен таныстыру.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Презентация

Оқулық, дәптер


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұраққа жауап береді.

Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


  • «Биологиялық вирустар мен компьютерлік вирустар: ұқсастық және айырмашылықтары» тақырыбында талқылау ұйымдастыру.

  • Компьютерді зиянды программалардан қалай қорғаймыз?

  • Вирус түрлерін жазу.

  • Компьютердің жұмыс істеу қабілетінің төмендеу себептері неде деп ойлайсыңдар?

  • Компьютердің адам сияқты ауруы мүмкін бе, қалай ойлайсыңдар?

  • Желілер топологиясының тиімді және тиімсіздік жақтарын талқылау.

.«Домбыра» әдісі

арқылы бірін-бірі бағалау

2 балл




Жаңа мабақ

Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

Жаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін

«ДЖИГСО» әдісін қолдану.


Білу кезеңі:

  • «Компьютерлік вирус» дегеніміз не?

  • Ол қалай пайда болады?

  • Компьютердің вируспен зақымдалғанын қандай белгілерден ажыратуға болады?

  • Жұмыс істеу қабілеті төмендеген компьютердің жұмысын қалай қалпына келтіруге болады?

  • Компьютердің вируспен зақымдалғанын қандай белгілер арқылы ажыратуға болады?

Түсіну кезеңі:

  • Компьютерлік вирустан қорғау жолдарының негізгі қадамдарын қалай сипаттар едіңдер?

  • Компьютерлік вирустардың зияндылығына дәлелді мысалдар келтіріңдер.

  • Компьютерлік вирустарды әсер ету дәрежесіне байланысты қалай жіктеуге болады?



Сабақтың ортасы

21 мин.






(Ж) Қолдану

Компьютер дәрісханасындағы компьютердегі вирусқа қарсы программаның жұмысына талдау жүргізіңдер. Антивирустық программа терезесінің негізгі элементтерінің қызметімен танысыңдар.

Дескриптор:

  • Вирусқа қарсы программаның жұмысын талдайды.

  • -Антивирустық программа терезесінің негізгі элементтерінің қызметімен танысады.


3 балл


Жұмыс дәптері


Постер жұмыс

(Т) Жинақтау «Постер қорғау» әдісі


«Биологиялық вирустар мен компьютерлік вирустар: ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбында шағын жоба дайындаңдар.


3 балл


Жеке жұмыс

(Д) Бағалау

«Ой қозғау» әдісі


Болашақта компьютерлік вирустардың даму қаупі мен келтіретін зияны туралы болжам жасаңдар.


2 балл


Сабақтың соңы


7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

Диалогті ұйымдастыру немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған түсінуге ...қиын болды.

  • Мен ... түсіндім.

  • Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы ... түсінуге мүмкіндік берді.

  • Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді қаладым.



Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы

  • Өздерің қолданатын компьютерге немесе ұялы телефоныңа қандай антивирустық программа орнатылған?

  • Антивирустық программалардың басқа компьютерлік программалардан қандай ерекшеліктері бар?

  • Компьютерлік вирус пен ұялы телефондағы вирустардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы зерттеу жүргізіңдер.

Тапсырмалар негізгінде жасалған түйіндерді дәптерге жазыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.00.2024
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12