400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Асқорыту

Материал туралы қысқаша түсінік
адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау. ПИЗА тапсырмасымен әзірленген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: §12. Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы

Мектеп: Құлан мектеп-гимназиясы КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аубакирова Айжан Токановна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа

негізделген оқу мақсаттары

8.1.2.3 – адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау.


Барлық оқушылар:

Адамның асқорыту жүйесіне кіретін мүшелерге түсінік бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Адамның асқорыту жүйесін басқа ағзалармен салыстыра отырып талдайды, ерекшеліктерін айқындайды.

Кейбір оқушылар:

Асқорыту жүйесіне кіретін әрбір мүшенің асқорытудағы рөлін дәлелдей алады.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау

критерийлері:

– Адамның асқорыту жүйесін басқа ағзалардың асқорыту жүйесімен

салыстыра алады, ерекшеліктерін табады.

  • Адамның асқорыту жүйесіне кіретін мүшелерді, орналасуын сипаттайды

  • Асқорыту жүйесіне кіретін әрбір мүшенің құрылысын талдайды, қызметін нақтылайды.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

асқорыту, асқорыту жүйесі, асқорыту мүшелері, бездер, сөлдер, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішектер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қойдың ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 28 есе ұзын, ал адамның ішектері 6 есе, арыстанда 3 есе ұзын болады. Неге осындай айырмашылықтар болатынын талқылап, жауап беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Қарын сөлі етті қорытуға қатысатыны белгілі, ал қарынның қабырғасы бұлшық еттерден тұрады. Неліктен қарын өзін-өзі қорытып жібермейтінін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Асқорыту жолына кіретін мүшелерді ретімен дәптерге жазу

Алдыңғы оқу

«Конверттегі сұрақтар» әдісі

Бір конвертте жуан,бір конвертте жіңішке сұрақтар болады. Оқушы өз қабілетіне қарай сұрақты өзі таңдап алады және ауызша жауап береді.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Оның есесіне мен...» жаттығуы Мақсаты: өзін-өзі тануға ықпал жасау

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қима қағаздар таратылады. Сөйлемді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

  • Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...

  • Мен өте жақсы билей алмаймын, оның есесіне...

  • Мен көп ұйықтаймын, оның есесіне...

  • Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне

  • Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне...

  • Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне...

  • Менің аяқтарым оқтаудай түзу емес, оның есесіне...

  • Менің жазуым маржандай әдемі емес, оның есесіне...

Берілетін мақалдар:

  • Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

  • Ас – адамның арқауы.

  • Ат –адамның қанаты.

Ас – адамның қуаты.

  • Өле жегенше, бөле же.


Үй тапсырмасын тексеру

ЖЖ.«Конверттегі сұрақтар» әдісі

Бір конвертте жуан,бір конвертте жіңішке сұрақтар болады. Оқушы өз қабілетіне қарай сұрақты өзі таңдап алады және ауызша жауап береді.

Топқа бөлу

Күрек тістер мен азу тістер суреттеріне қарай таңдап бөлінеді

1-топ: Күрек тістер

2-топ: Азу тістер



Конверттегі сұрақтар



Күрек тістер мен азу тістердің суреттері


Ортасы






















PISA зерттеулері

Сұрақтары:

10 мин

І. ТЖ. Мәтінмен жұмыс.

Күрек тістер:

Суреттен асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атап, құрылысын түсіндіріңдер. Басқа ағзалардың асқорыту мүшелерімен салыстырыңдар.

Азу тістер:

Адамның асқорыту жүйесінің суретін пайдаланып,асқорыту мүшелерінің реттілігін сызба арқылы жазыңдар. Мүшелер арасындағы байланысты түсіндіріңдер.

Оқулық



к

п с

Дескриптор:



– Мәтінді толық меңг іретін мүшелерді, мүш ішінін көрсетеді, құрылысы

ипаттап береді.

еріп, асқорыту жүйесіне елердің орналасуын нақ н анықтайды, қызметін

ҚБ.Топтардың бірін бірі бағалауы:

Кері байланыс бутерброды


ІІ. 1тапсырма АС ҚОРЫТУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТ

Прямоугольник 1
Лаззаро Спалланцани тамақ бұлшық еттің күш салуынан емес, ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылатыны туралы пікірді 18 ғасырда айтты. Мұны көрсету үшін, ол іші қуыс ұзындығы 2 см жəне диаметрі 0,5 см ағаш түтікшені жұтты. Түтікшенің ішінде кішкене ет болды. Түтікшенің екі жағы да жабулы, ал қабырғаларында көп кішкене тесіктер жасалған еді. Екі күннен кейін ағаш түтікше оның бойынан шықты. Бұл кезде ағаш цилиндр бос болды.

Сұрақ 1: Ас қорыту бойынша эксперимент

Өз экспериментінде Спалланцани қабырғаларында тесіктері бар ағаш цилиндрді қолданды.

Мына пайымдау Спалланцани қабырғасында тесіктері бар ағаш цилиндрді не үшін қолданғанын түсіндіруінің

бірі бола ала ма?

Иә немесе Жоқ?

Ағаш цилиндр қатты болды, сондықтан ас қорыту жолы бұлшық еттерінің цилиндрдің ішіндегі етке əсер етуіне

кедергі жасады.

Иə / Жоқ

Ағаш цилиндр тамақты қорытуға көмектесетін

талшықтардан тұрды.

Иə / Жоқ

Ағаш цилиндрдегі тесіктер ас қорыту сөліне цилиндрдің

ішіне

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі