400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ “Астана қаласына саяхат” 6-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған 2-тоқсан ҚМЖ. Тақырыбы: Астана қаласына саяхат 1-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ


Бөлім:

4-бөлім. Астана – мəдениет пен өнер ордасы. Лексика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

А.Б.Даулетиярова

Күні:

04.11.24ж

Сынып: 6 Ә,Д,Г

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Астана қаласына саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

6.4.3.1 - неологизм, термин, диалект сөз, кəсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну жəне ажырата білу

Сабақтың мақсаты

Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, ойын анық жеткізе алады; неологизм сөздердің қолданыс аясын түсініп, анықтай алады.


      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут






Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ойтүрткі

Ребусты дұрыс шеш. Жасырынған сөзге сипаттама бер.




Оқулықтағы ребусты шешеді.

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!





Сабақтың

ортасы

25 минут














1-тапсырма. Мәтінді тыңда.

Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңдар.

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларыңды толық, анық жеткізіңдер.

1. Сұрақ: «Астана – Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі» дегенді қалай түсінесің?

Жауап:

2. Сұрақ: Автор «жаңа елорда», «жаңа бейнесі», «жарқын келбеті», «дүниенің сегізінші кереметі», «арман қала» деген тіркестерді не себепті қолданған?

3. Сұрақ: Астана әлем жұртын несімен таңдандырады?

4. Сұрақ: Астана қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде деп ойлайсың?

Тілдік бағдар

Неологизм

Ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың, мәдениет

пен тұрмыстың кеңінен дамыған тұсында тілге жаңа ұғымдарды біл-діретін жаңа сөздер енеді. Осындай сөздерді неологизмдердеп

атайды. Мысалы, жағдаят, үнтаспа, жазылым, ландшафт, патент,

фабула т.б. сөздер. Бір кезеңде тіліміздегі класс, глобус, электр,

комбайн, партиясөздері неологизмдер болып саналғанмен, қазір

олар жалпыхалық тық сипат алып кеткен сөздер. Халыққа әбден

танылып, түсінікті бол ған нан кейін жаңа сөздер неологизмдердің

қатарынан шығып қалады.

Неологизмдердің жасалу жолдары

Шет тілінен енген неологимдер:

ноутбук, офис, менеджер; т.б

Күрделі сөздер арқылы жасалған

неологизмдер: ақшалай жарна, сыйақы, үнтаспа, айла-шарғы, әкімшіл-әміршіл, ЕҚЫҰ, БҰҰ т.б

Жұрнақтар арқылы жасалған

неологизмдер: зияткерлік,

айтылым,баспагер, реттегішт.б.

4-тапсырма.

Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосып, жаңа сөз жаса.

Жол, әуе, баян, келіс, жаға, жарыс, сүндет, зейнет, мүшел, сая,

мәлім, көсем, сый, ашық, мерей.

ақы жай хат сөз той

Үлгі: жолақы, келіссөз т.б.

10-тапсырма

Әр торға «Астана» сөзінің беретін мағынасын толтыр.

Shape1

Астана


Shape3 Shape5 Shape6 Shape4 Shape2

Shape7

Shape8


Shape9

Shape11 Shape10





Сұрақтарға жауап береді

Ашық сұрақтар
















Астана- бұл алып қазан немесе тайқазан. Қазіргі таңға дейін Оңтүстік өңіріндегі той, астарда тамақ пісіретін өте үлкен қазанды «астана» деп атайды. «Астана» атауының шығу тарихына тоқталайық. Тарих атасы Геродоттың еңбегінде (б.д.д. 490-425 жж.) сақтардың патшасы Арриант бүкіл жауынгерлерінің жез жебелерін жинатып, оны балқытып, үлкен қазан құйып жасағаны айтылады. Даяр болған қазанға құйылған Тәңір судан айнала қоршаған жауынгерлерге ішкізген екен. Сөйтіп, рухы түсе бастаған сақ жауынгерлері көсемнің ту астына қайта жиналды. Демек, елді бірлікке, татулыққа шақырған тайқазан, яғни астананың шығу тарихы осындай. 

Сонымен бірге, «астана» атауы парсы тілінен аударғанда «киелі орын», «босаға» дегенді білдіреді.





Дескриптор

Білім алушы


− мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

− сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді.









«Жапондық бағалау» әдісі бойынша оқушы өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.

Дұрыс,келісемін


Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.

Менің сұрағым бар

Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж

Сабақтың аяқталуы

10 минут

11-тапсырма.

Блиц сұрақтарға жауап бер.

1. «Астана – бас қала» деп не себепті айтамыз?

2. «Астана» сөзінің бұрынғы мағынасы қандай?

3. Неологизмдерді неліктен жаңарып отыратын құбылыс деп ойлайсың?

Блиц сұрақтарға жауап береді.

Жетон арқылы бағалау



5 минут

12-тапсырма.

«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап

бер.

1. Бүгін не үйрендім?

2. Сабақ бойынша нені түсінбедім?

3. Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?



     

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі