400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Барлық сынып Тақырыбы «Ұстаз — ұлы тұлға. «Әншуақ» фестивалі Қауіпсіздік сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ Барлық сынып Тақырыбы «Ұстаз — ұлы тұлға. «Әншуақ» фестивалі Қауіпсіздік сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаралды___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты №4

«Ұстаз — ұлы тұлға. «Әншуақ» фестивалі

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны: 23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ұстаз — ұлы тұлға. «Әншуақ» фестивалі

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Әзілхан Нұршайықов – очерк жанрының шебері (20 минут)

Сабақтың мақсаты:

Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстаздысыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру.Әзілхан Нұршайықов – очерк жанрының шебері туралы айтып,ұғындыру

Құндылықтарды дарыту

әдеби- музыкалық бағдарлама

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі


Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 5 «В» сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.

Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.









Презентация








Сабақ басы












Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді...

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Оқушылар рәміздер туралы видеожазба көрсету












Компьютер












Ортасы

Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың дертіне дауа болмайды.

Биші де келеді,Күйші де келеді ,Әнші де келеді,Дәрігер де келеді

- Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде.

Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» /3/ әнін орындайды.

1-о:
Әр адамға құрметпенен қараған
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
1-ж:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған,
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. /4/ Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі тақпақтарымызды арнаймыз.
1-о:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман

Презентация























Презентация

Интернет ресурстары

Соңы






Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік сабағымыз аяқталды.







Оқушылар рәміздер туралы өлең жолдарын айтады










презентация













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі