|
Бөлім
тақырыбы:
|
Мектеп:
|
|
Сынып:
1-4
|
Сынып
жетекші
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
«Білімім Отаныма»
тәрбие сағаты
|
|
Сабақтың
мақсаттары
|
оқушыларға
білімнің қоғамдағы, әсіресе туған ел алдындағы жауапкершілікте
алатын орнын ұғындыру, олардың елін сүйетін, білімді, патриот
азамат болып өсуіне ықпал
ету.
|
|
Жоспар
|
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
1. Ұйымдастыру 5
минут
|
– Оқушылармен жылы
амандасу
Психологиялық
ахуал:
-
Мұғалім сыныптың
ортасына үлкен қағаздан қиылған күн
бейнесін іледі немесе үстелге
қояды.
-
Оқушыларға алдын ала
дайындалған күннің шуағы тәрізді
стикерлерді таратады.
-
Мұғалім оқушыларға
мынадай тапсырма береді:
«Бүгінгі күнімізді
шуақты ету үшін әрқайсымыз күн шуағына өзіміздің біліміміз арқылы
Отанымызға қалай көмектесе алатынымызды айтайық.
Мысалы: “Мен жақсы оқимын –
елімнің болашағымын”,
“Мен көп
оқимын – болашақ ғалым боламын”,
“Мен
білім аламын – елімді дамытамын”»
-
Әр оқушы өз «сәулесін»
оқып, күннің төңірегіне іліп шығады немесе
жабыстырады.
-
Жаттығудың соңында
мұғалім былай қорытындылайды:
«Міне, балалар,
әрқайсымыздың біліміміз – Отанымыз үшін бір шырақ, бір сәуле. Жарық
көп болса, еліміз де сондай жарық
болмақ!»
Олай болса биылғы оқу
жылының «Білімім-Отаныма тақырыбындағы соңғы тәрбие сағатын
бастайық
|
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер
білдіреді
|
Қол шапалақтау
|
Музыка, күн суреті
|
|
2. Кіріспе
әңгіме
5
минут
|
– «Отан», «білім»,
«Отанға деген қызмет» туралы қысқаша
сұрақ-жауап
-
Отан дегенді қалай
түсінесің?
-
Білімнің адам
өміріндегі маңызы қандай?
-
Отанға деген
сүйіспеншілік неден басталады?
-
Елді сүю дегеніміз
не?
-
Бүгінгі жас ұрпақ ел
болашағы үшін не істеуі керек?
-
Қандай мамандықтар
арқылы Отанға қызмет етуге болады?
-
Отанға қызмет ету үшін
міндетті түрде әскерде болу керек
пе?
-
Сен Отанға қалай үлес
қосқың келеді?
-
Сен өз Отаның үшін не
істей аласың?
-
Білім арқылы елге қалай
пайда әкелуге болады?
-
«Сен не үшін
оқисың?»
Сұрақтары арқылы тақырыпқа
кіру
|
Қарапайым сұрақтарға жауап береді, пікірін
айтады
|
Мадақтау
|
Презентация, тақырып сөзі
|
|
3. Негізгі
бөлім
15
минут
|
– «Мен не үшін оқимын?»
қысқа видеоны көрсету
Балалар сендер елдің болашағысыңдар, оны өздерің де жақсы
біліп, жүрекпен сезесіңдер. Олай болса балалар қазір топтарға
бөлініп, «Білім арқылы мен не істей аламын?» деген тақырыпқа сурет
салайық. Әр топ өз суретін салып,
қорғайды.
|
Видеоны қарайды, пікір айтады, постер
дайындайды
|
«Жұлдызша» әдісі
|
Видео https://www.youtube.com/watch?v=surW7kxoD1U
, А4,
фломастер, слайд
|
|
4.
Қорытынды
5
минут
|
– Тақырыпты бекіту
мақсатында сұрақтар:• «Білім кімге керек?»•
«Білім
арқылы не істеуге болады?»– Педагог ойды
жинақтайды.
Биылғы оқу жылын ойдағыдай
аяқтағандарың үшін сендерге және сендерге жыл бойы көмектесіп,
сапалы білім алуларыңды қадағалаған ата-аналарыңды марапаттауға
рұқсат беріңдер. Оқушылар мен ата-аналарға боньбонерки ұсыну.
Сонымен қатар ерекше жетістіктері бар балаларды атап
өту
|
Қорытынды ойларын айтады, білімнің пайдасын мысалмен
келтіреді
|
Ауызша кері байланыс
|
Оқушылар мен
ата-аналарға боньбонерки
|
|
5.
Рефлексия
5
минут
|
Құрметті
оқушылар!
Бүгінгі тәрбие
сағатымыз – жай ғана сабақ емес, бұл өмірлік маңызды бір ойдың
түйіні: нағыз білім – Отанға
қызмет етудің бастауы екенін
ұмытпаңыздар.
Сіздердің әрбір оқыған
кітаптарыңыз, меңгерген біліміңіз – еліміздің болашағына қосылған
үлес. Өйткені білімді ұрпақ – тәуелсіз елдің
тірегі.
Алда сендерді үлкен
өмір жолы күтуде. Сол жолда адаспай, еліңе, жеріңе адал қызмет
ететін азамат болуларыңа
тілектеспін.
Естеріңде
болсын: «Білім – байлық, оны
ешкім тартып ала алмайды. Ал сол байлықты ел игілігіне жұмсау –
нағыз Отанға қызмет ету!»
Келесі оқу жылында
кездескенше
Отан сендерге сенім артады – соған лайық
болыңдар!
Қорытындыдан
кейін оқушылардан қысқаша тілек, әсерімен бөлісу, бір шумақ өлең
немесе «Менің Отанға деген қызметім...» деген бір ауыз тілек айтуын
сұраймын.
|
Балалар тілегі мен
мұғалім тілегі
|
Жеке пікір
|
слайд
|