400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ биология сүйек құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып биология пәнінен қмж 3 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Қозғалыс. Биофизика

Педагогтің аты-жөні:

Айдарханова Н. Л

Баймұратова Н

Күн: 28.01.2026

Сыныбы : 8 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Cүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы.

9 зертханалық жұмыс «Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу

Сабақтың мақсаты:

  • Сүйектің химиялық құрамын анықтау және оның қызметімен байланыстырады.

  • Сүйектің макроскопиялық құрылысын сипаттайды.

  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын зерттеп, маңызын түсіндіреді.

Құндылықтарды дарыту

Құндылық: Заң мен тәртіп

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Аптаның дәйексөзі: «Әділет жолы- адал жол»


Сабақ барысы

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру

- Сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу.

- Сабақтың мақсатымен және міндеттерімен таныстыру.

- Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Мұғаліммен амандасады.



Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Түрлі түсті стикерлер


5 мин

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан «Сынып дөңгелегі» әдісі арқылы өткен сабақтан сұрақтар сұралады.

Оқушылар өткен сабақтан алған білімдерін түсіндіреді.



«Сынып дөңгелегі» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіреді.

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»т .б

Экран


Жаңа сабаққа кіріспе



15 мин

Мұғалім презентация арқылы жаңа сабақты түсіндіріп, оқушыларға қысқаша ақпарат береді.

Тақырыпқа байланысты кілт сөздерді дәптерге жазғызады.

Кілт сөздер:сүйек ұлпасы, сүйекқап, шеміршек ұлпасы, остеобластар, остеон, оссеин, коллаген

Мұғалім кілт сөздерді жазғызғаннан кейін кітаппен жұмыс жасатқызады. Оқушылар кітапты толық оқып, тапсырма орындауға дайындала бастайды.

Оқушылар мұғалім түсіндірген сабақ бойынша білімдерін шыңдатады. Жаңа тақырыптың кілт сөздерін дәптерге жазып алады.

Кітаппен жұмыс жасайды.


Кері байланыс:

« Басбармақ» әдісі арқылы беріледі





А4, А3 форматтар, компьютер, ғаламтор желісі, стикерлер, түрлі түсті қағаздар

маркерлер

15мин

Сабақты бекіту тапсырмалары.

1-тапсырма.

Сөйлемді толықтыр.

1. Сүйектің микроскопиялық құрылымдық бірлігі- ............

2. Сүйек сыртынан онымен тұтасып өскен, созылғыш ұлпа ........ жабылған.

3. Сүйектер ....... және ......... заттардан тұрады.

4. Сүйек дәнекер ұлпасының бір түрі болып табылатын ............ түзілген.

5. Ағзаның толық сүйектенуі .......... жаста жүзеге асады.


Мұғалім презентация арқылы тақырып бойынша қызықты мәліметтерді айтады.








2- тапсырма. Кестені толтыр.


Сүйек бөлімі

Қызметі

Маңызы

Сүйекқап



Остеоциттер



Остеобластар



Остеокластар




Оқулықта берілген білу және түсіну тапсырмалары арқылы сабақты бекіту тапсырмаларын орындатады.





Білу және түсіну тапсырмалары.

1. Адам ағзасына оссеин нәруызы не үшін керек екенін түсіндіріңдер. Жас өскен сайын оның мөлшері қалай өзгереді?

2. Сүйектің қандай жасушалары шеміршек ұлпасын жоятынын және ол не үшін керек екенін сипаттаңдар.

3. Неше жаста дене толық сүйектенетінін және себебін түсіндіріңдер.

4. Сүйек жүйкелері мен қан тамырларының қызметін сипаттаңдар. Олар қайда орналасқан және не үшін керек?

5. Остеон цилиндрлері арасында орналасқан зат неден тұрады? Олар қандай қызмет атқарады?

Оқушылар сөйлемді толықтыр тапсырмасын орындайды. Дәптерге жазады.










Оқушылар қызықты мәлімет арқылы жаңа ақпаратпен алмасады.





Оқушылар берілген кестені дәптерге сызып, толтырады.

Өз жауаптарын оқиды.








Оқушылар оқулықта берілген білу және түсіну деңгейлеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

Оқушылар сөйлемді толықтыр тапсырмасын орындайды.

.

Жалпы балл-4








Дескриптор

Оқушылар берілген кестені дәптерге сызып, толтырады.

Жалпы балл-3

















Дескриптор:

Оқушылар білу және түсіну деігейіндегі сұрақтарға жауап береді.

Жалпы балл-3

























Тапсырма жазылған парақтар














Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс

«Сұрақ бар ма?» әдісі

арқылы кері байланыс жасауды ұсынады.

Сабақ соңында:

-Кімде қандай сұрақ бар?

-Бәрі түсінікті ме?


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Сұрақ бар ма?» тәсілі

арқылы

Ауызша

1 мин

Үй тапсырмасы

§ 32. «Cүйектің макро – және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы» тақырыбын оқып, мазмұндап келу.



































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.01.2026
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі