Материалдар / ҚМЖ Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж қолдан жазылған, керекті материал.бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар туралы сұрақ-жауап,әдіс -тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
1079
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөліп шығару

Мектеп: « Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Садуов Дархан Максутович

Сынып: 9

Барлығы - Қатысқандар - Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы:

Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар(кариес, іріңді ангина т.б.)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.5.3-бүйректің жұмысына әсер ететін факторлар сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтау

Оқушылардың басым бөлігі: Бүйректің тіршілік үшін маңызды мүше болып есептелетінін талқылау

Кейбір оқушылар: Бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтай отырып, бүйрек жетіспеушілігі туралы ойды тұжырымдау

Бағалау критерийі

Бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтайды, талдайды, қорытынды шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

«Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар» мәтінін оқи отырып, негізгі ұғымдарға анықтама береді. (оқылым)

Бүйрекке кері әсер ететін факторларды түсіндіреді (айтылым)

Бүйрекке жағымсыз әсерлерді, оларды алдын алу туралы ойларын ортаға салып, жаңа ұғымдарды дәптерлеріне жазады. (тыңдалым-жазылым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: Бүйрек жұмысы,тамақтану рационы, тұздың тұрақты құрамы, физиология, биологиялық сүзгі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар: Бүйректің қалыпты жұмысы істеуі үшін суық тию қауіпті, өйткені ....

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен өсімдіктекті тамақты көбірек пайдалану керек екенін айта аласың ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Бүйрекке оң және кері факторлар әсер етеді,себебі........

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел ұлтық идеясының» үшінші құндылығы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» «Денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың маңызды тәрбиесі»

Пәнаралық байланыс

Химия 7.4.1.5.- қоспалар түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу

Алдыңғы білім

8.1.5.1- адамның зәр шығару жүйесінің құрлысы мен қызметін сипаттау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

«Австралиялық жаңбыр»

Шағын топқа топтастыру.

«Шаңырақ әдісі»

Тапсырма 1.

Нефронның құрылысы мен қызметін ия, жоқ карточкасын көтеру арқылы анықтаңдар.

1. Нефрон- адам және басқа омыртқалылардың құрылымдық әрі қызметтікбірлігі.

2. Нефрон-кеңейтілген бөлік-капсуладан және ирек бүйрек өзекшесінен тұрады.

3. Нефрон қабырғасы эпителий жасушаларының бір қабатынан түзіледі.

4. Ультрасүзу немесе жай сүзу-бірінші реттік зәр түзілу үдерісі.

5. Егер бүйрек сау болса және бүйрек капсуласының эпителий жасушалары зақымданбаса олар нефрон ішіне қан жасушаларын,плазма нәруыздарын өткізбейді.

6. Сүзу үдерісіжүретін басты себеп-шумақ капиллярларында жоғары қысым болады.

7 . Капсула ішіне өтетін бөлшектердің диаметрі 30нм-ден аспайды.

8 .Үдерістің микроскопиялық мөлшерін көрсету үшін жай ғана сүзілу емес,ультрасүзілу деп атайды.

9. бсорбция-қандай да бір зат молекулаларының белгілі бір «шекарада» жинақталуы.

10.Реабсорбция-кері сіңіру үдерісі,яғни нефронға,қан ағымына түскен заттарды кері қайтару.

Қолданылатын әдіс –тәсіл: «Ия-жоқ» стратегиясы

ҚБ: өзін-өзі бағалау «+,-»

Оқушылардың есімдері жазылған түрлі-түсті ленталар





Интерактивті тақта,

«Ия» жасыл

«Жоқ» – қызыл карточкалары

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

20-25 минут


Тапсырма 2.

Оқушыларга «Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар» тақырыбы беріледі,содан кейін оқушылар осы тақырып бойынша не білетіндерін толық жазып шығуы үшін уақыт беріледі,жазғандарын жұптарымен бөліседі.

Тақтаға ББҮ кестесі сызылады:


БІЛЕМІН

БІЛГІМ КЕЛЕДІ

ҮЙРЕНДІМ





Оқушылар жауаптарын жіктеп жазуға болады.

Тақырып бойынша сұрақтар дайындауын өтінемін.

Олар өз жазғандарын қарастыра отырып,ондағы кейбір мәселе бойынша өз сұрақтарын жаза алады.

Оқушылар сұрақтарына жауап іздеп ,мәтінді оқиды.

Оқушылар өз сұрақтарына қандай жауаптар тапқаны туралы баяндайды.

Дескриптор:

Бүйрек үшін инфекция мен суық тиюдің де қауіптілігін жаза алады.

Бүйрек жұмысына жағымды және жағымсыз факторлардың әсерін айта алады.

Бүйрек жұмысы мен медикаментозды препараттарды қолдану арасындағы байланысты дәлелдейді.

Зиянды заттардың бүйрек жұмысына кері әсеріне мысалдар келтіреді.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «ББҮ кестесі»

ҚБ: «Блоб ағашы» әдісі

Тапсырма 3.

«Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар» тақырыбы бойынша тұжырымдамалық карта жасаңыздар. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы т.б. салуға, немесе дайын материалды жапсыруға болады.Бүйрек жұмысына жағымды және кері әсер ететін факторларды нақтылап жүйелеп көрсетіп,.  қортындысын тұжырымдап жазады.

Дескриптор:

Оқушылар бүйрекке жағымды және кері әсерді түсінеді.

Бүйрек ауруларын алдын-алу шараларын жан-жақты біледі.

Белсенді өмір салтын ұстанады.

Қолданылыатын әдіс-тәсіл:«Тұжырымдамалық карта»

ҚБ:

«+»

«-»

«керемет»














Қосымша2


























А3 қағазы

Стикер,маркерлер

Сабақтың соңы

10 минут

Тапсырма 4.

Бүйректің жұмысына әсер ететін факторларға байланысты сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Бүйрек жұмысын бұзуы мүмкін жағымсыз факторды атаңыз?

2.Тұзды шамадан көп пайдаланса,бүйрекке қалай әсер етеді?

3.Бүйрек неліктен тіршілік үшін маңызды мүше болып табылады?

4.Ағзада жұқпаның созылмалы ошағының болуы, бүйрекке қалай ықпал етеді?

5.Дәрілік препараттар бүйрек жұмысына қалай әсер етеді?

6.Бүйрек жұмысына қандай жағымды әсерлерді білесіңдер?

Дескриптор:

Тамақтану рационы,су ішу және тұз пайдалану,медикаментозды препараттарды қолдану режимін түсінеді.

Зиянды заттардан аулақ болуға шақырады.

Қорытынды жасай алады

Қолданылған әдіс – тәсіл: «Аялдама» стратегиясы

Қалыптастырушы бағалау: «бағалау парағы» арқылы мұғалімнің бағалауы

Үй тапсырмасы: Бүйрек жұмысына жағымды және жағымсыз факторларды «Т –кестесіне» салып келіңіздер.

Кері байланыс: «Бес саусақ»

Бас бармақ – не үйрендім

Балан үйрек – неге көңіл аудару керек

Ортан терек – кімге көмектестім

Шылдыр шүмек – алған әсерім, көңіл күйім

Кішкене бөбек – неден қиналдым











Қосымша3

А4

Қосымша ақпарат



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

-Саралау сабағымның өң бойында көрініс табады;

- Сабақ мақсатын құруда, менің барлық оқушыларым- бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтайды;

-Оқушылардың басым бөлігі- бүйректің тіршілік үшін маңызды мүше болып есептелетінін талқылау;

-Кейбір оқушылар-бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды анықтай отырып, бүйрек жетіспеушілігі(бір бүйректі адам)

туралы ойды тұжырымдайды;

- Шағын топтарға топтастыруда құрылымдалған топ құру кезінде;

- ББҮ кестесін қолдану кезінде тапсырманы бірдей орындаса да, нәтиже әртүрлі болуы мүмкін,сұраққа жауап тауып баяндағанда, яғни қорытынды бойынша саралау;

- Күтілетін нәтиже бойынша, бұл жерде

оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарын түсінеді;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!