400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ Бұлақ орта мектебі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері 9.2.5.6 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру; 9.2.5.7 маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері


Бөлімі:

Тербелістер және толқындар

Педагогтің аты-жөні:

Елубай Әлия Ергешқызы

Шәкім Аманжол Танатұлы

Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.6 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;

9.2.5.7 маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

1. Математикалық және серіппелі маятниктерді пайдаланып тербелістердін айырмашылығын анықтау.

2. Әртүрлі параметрлерге тәуелділігін эксперементік түрде қарастыру.

3.Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістер формулаларын есептер шығаруда қолдану


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут












I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын қадағалау.

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

Тербелмелі жүйелерге мысал келтіріңдер

Шаттық шеңберіне тұрғызып. Смайликтің артына физикалық шамаларды

жабыстырып . “k-m” және “l-g” шамалары арқылы топқа бөлеміз.

1.топ : Математикалық маятник

2.топ: Серіппелі маятник

ІІ. «Ақиқат па ,әлде жалған ба?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.(Жеке жұмыс)

  1. Жиіліктің өлшем бірлігі «секунд» (жалған)

  2. Тербеліс периодының өлшем бірлігі «секунд» (ақиқат)

  3. Еркін түсу үдеуінің сандық мәні : «3,14» тең. (жалған)

  4. Тербелмелі қозғалыстың негізгі физикалық шамалары «период,жиелік,амплитуда».(ақиқат)

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Оқушылар тербелмелі жүйелерге мысалдар айтады, мысалы әткеншек, маятникті сағат,

Серіппеге ілініп тербеліп тұрған жүк

Оқулық

Слайд












Сабақтың ортасы



20 минут
























III. Жаңа тақырып

Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі—математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Математикалық маятниктің карапайым заңдары:

  1. Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.

  2. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.

  3. Тербеліс периоды маятник ұзындығына тәуелді болады.


Математикалық маятниктің формуласы:

Математикалық маятниктің жібінің ұзындығы мына өрнек арқылы есептеледі:

Picture 1 Picture 2



Серіппелі маятник

Формуласы:

Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығына тәуелді болады.

Серіппелі маятниктің жиілігін мына өрнек арқылы шығара аламыз:

Серіппелі маятниктің қатаңдық коэффициенті мына формуламен анықталады:


Серіппелі маятникке ілінген жүктің массасы мына өрнек арқылы есептеледі:

Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады.


Picture 4

IV. «Сенің ойың қандай» әдісі (Топтық жұмыс)(Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірінің қаншалықты толық ашылғанын анықтайды)

1. Серпімділік күші әрекет ететін дененің тербеліс периоды?

2.Математикалық маятник деп нені айтады?

3.Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?

4.Маятник қай жерлерде пайдаланады? неге тәуелді болады?

V. «Кім жылдам?» әдісі.(Жұптық жұмыс) (Функционалдық сауаттылықты арттыратын тапсырма)

Марат шыңды бағындырушылар тобымен Орталық ТяньШаньның ең көрікті ұшар басы және Қазақстанның ең биік

нүктесі Хан Тәңірі шыңына шықты (6 995 м).

Ол таудың басында жүргенде пластикалық бөтелкедегі судың бәрін тауысып

ішіп және оны қақпағымен жауып қойды. Лагерьге келгенде ол бос бөтелкенің

жиырылып қабысып қалғанын байқады. Төменде көрсетілген жауаптардың

қайсысы,неліктен осылай болғанын жақсы түсіндіре алады?

А.Шыңға қарағанда аңғардағы температура төмен

В. Шыңға қарағанда аңғардағы температура жоғары

С. Шыңға қарағанда аңғардағы қысым төмен

D. Шыңға қарағанда аңғардағы қысым жоғары

VI. «Серпілген сауал» Топтық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

Математикалық маятник тобы:

  1. Қатаңдығы 2500 Н/м серіппеге асылған 16 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды?

  2. Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге асылған 4 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды?

  3. Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса период қалай өзгереді ?


Серіппелі маятник тобы:

  1. Егер математикалық маятниктің тербеліс периоды 12,56 с болса, оның ұзындығы қандай? (g=10 м/с2; π=3,14)

  2. Периоды 1с-қа тең болу үшін математикалық маятниктің ұзындығы қандай болуы керек?

  3. Математикалық маятниктің тербеліс периодын 2 есе азайту үшін оның ұзындығын неше есе қысқарту керек.



Оқушылар жұп болып, маятник түрлерін зерделеп, олардың жұмыс істеу принциптерін сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіреді





























Дескриптор

-период теңдеуін біледі

-серіппелі маятник үшін период формуласын қолданады










Маятниктің түрлері: http://www.ehow.com/list_6967711_different-types-pendulums.html#ixzz2AyRRCwUH

















Үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың соңы.

10мин





Рефлекция









Бағалау





Үй тапсырмасы

VII. Сабақты бекіту

«Венн» диаграммасы

Математикалық маятник Серіппелі маятник

Овал 2 Овал 3

Овал 4



Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

Group 1









Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

  • 5.4 Жаттығу, 158 бет












Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.















Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер













Дескриптор









Оқулық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі