Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Деректерді сұрыптау

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Деректер базасы

Педагогтың аты-жөні

Г.Бейсеева

Күні


Сынып: 9ә,б

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Деректерді сұрыптау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

  • Деректерді сұрыптау әдістерін меңгереді және оларды практикада қолдана алады.

  • Деректерді сұрыптау түрлерін анықтау.

  • Деректерді сұрыптауды қолданудың қажеттілігін тұжырымдау

Бағалау критерийі:

  • Оқушылар деректерді сұрыптау алгоритмдерін түсінеді.

  • Сұрыптау әдістерін (мысалы, таңдау, сызғыш, бұру) қолдана алады.

  • Деректерді сүзгілеу және іздеу дағдыларын дамыту.

Құндылықтарға баулу:

«Әділдік және жауапкершілік» әрбір оқушының жұмысына объективті баға беру және жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой сергіту

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

  • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда).

«Өкіл» әдісі

Оқушылар басқа топтан келген өкілдерге өткен сабақта берілген өз мектептері туралы құрған мәліметтер қорын түсіндіріп береді.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады


Оқулық, презентация, видео сабақ, электронды білім класс

Жұмыс дәптер

Сабақтың ортасы

Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)

  • Күнделікті өзіңе керекті ақпаратты қалай сұрыптап, реттеп отырасың?

  • Үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуде деректерді сұрыптауды қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

  • Дерекқормен жұмыс жасауда сұрыптауды қандай мақсаттарда қолданады?

Оқулықпен жұмыс

Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.

Практикалық жұмыс

1-тапсырма. Жеке жұмыс. Төменде «Әлемдегі ең биік ғимараттар мен құрылыстар» реляциялық дерекқорының бір бөлігі берілген (7-сурет). Осы деректер бойынша:

    1. Ең биік құрылысты;

    2. Елімізде орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың санын;

Құрылыстардың салынуы жағынан ең ескісі мен ең жаңасы бойынша реттеңдер.

DrawObject1

2-тапсырма. А-дан Я-ға және Я-дан А-ға дейін сұрыптау әдісімен деректер базасын реттеу

  1. «Атауы» бойынша әліпби ретімен сұрыпта.

  2. «Биіктігін» өсу бойынша ретте.

  3. «Жыл» бойынша кему ретімен ретте.

Мұғалімді тыңдайды


















1-тапсырманы орындайды

Дескриптор

-Реляциялық деректер қорында мәліметтерді сұрыптайды.







2-тапсырманы орындайды

Дескриптор

-Алфавит әдісі бойынша дерекқорын сұрыптайды.



2 балл


















3 балл















3 балл













Сабақтың соңы

  1. Мәліметтерді сұрыптау дегеніміз не?

  2. Excel-де деректерді сұрыптау және іріктеу командасы менюдің қай бөлімінде орналасқан?

  3. Excel кестелерінде сұрыптау қалай орындалады?

  4. А-дан Я-ға дейін және Я-дан А-ға сұрыптаудың қандай ерекшелігі бар?

  5. Сұрыптау (Сортировка) қандай мақсатта қолданылады?

  6. Сұрыптау (Сортировка) диалогтік терезесінде сұрыптау қалай жүзеге асады?

«Сенім ағашы» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ағашқа жапсырады

Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады

2 балл


Үй тапсырмасы

  1. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде Ертіс,

Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу сияқты 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады. (Укипедия). Төмендегі кесте.

    1. Excel программасына кестені енгіз. Оны өз қалауыңша форматта. Өзендердің ұзындығы бойынша диаграммасын құрыңдар.

1.2 тапсырма. Өзендердің арасында Қазақстан аумағынан ағып өту ұзындығы бойынша ең қысқасынан ең ұзынына қарай сұрыпта.

1.2. Өзендерді ұзындығының артуы бойынша сұрыпта.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.10.2024
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12