15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ дүниетану 1 сынып "Менің үйім"
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Менің үйім |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: баспана түрлерімен танысу; |
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:. «жайлылық» ұғымын түсіну; |
|||||
Кейбір оқушылар: өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy. |
||||||
Тірек сөздер: |
баспана – жилище – house; жайлылық – уют – comfort; киіз үй – юрта – yurt. |
|||||
Ресурстар: |
«Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым, «Үйшік» тапсырмасын орындауға арналған ағаш немесе пластмасса пішіндер, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық), киіз үй әбзелдерінің суреттері бар үлестірме парақшалар, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үйшік түріндегі үлестірме парақшалар, киіз үй макеті. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус» деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.
Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там). Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.
Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.
Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады. |
Тақтаға үлкен ватман қағазын іліңіз. Оқушылар сабақ барысында әр дұрыс жауап үшін үйді дайындауға қажетті «іргетас», «кірпіш», «шатыр» желімдейді. «Кірпіштерге» үйді сипаттайтын сөздер жазуға болады. Мысалы, жайлы, жарық, таза, кең, жылы, әдемі, биік және т.б.
Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Олардан қандай үй түрлерін
білетінін анықтаңыз. Оларды салыстыруын сұраңыз. Оқушыларға үйшік түріндегі үлестірме
парақшалар таратып беріңіз. Әр оқушы өз үйін сипаттайды. Оларды тақтаға немесе қабырғаға ілінеді. Мәтінді оқығаннан кейін киіз үй туралы білімдерін тексеріңіз. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұраңыз.
Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б.
Сен білесің бе? Оқушылардан мәтінді оқып шығуын сұраңыз. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіріңіз. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал етеінін білуі қажет.
Зертте. Келесі тапсырманы орындау үшін киіз үйдегі заттардың неліктен қатаң тәртіппен орналасатыны туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушыларға киіз үйдегі заттардың орналасу реті туралы сұрақ қойыңыз. Олардың назарын киіз үйдегі әр заттың белгіленген орында орналасуының белгілі бір мәнге ие екеніне аударыңыз. Киіз үй үлгісін және бірнеше заттардың (сандық, кебеже, дөңгелек үстел, ошақ) суреттерін алыңыз. Оқушылар оларды орналастырады. Содан кейін киіз үйдегі заттардың дұрыс орналасу тәртібі туралы таныстырылымды көрсетіңіз.
Жауабы: Киіз үйде бос орын аз. Үй іші таза және жайлы болуы үшін заттарды орналастыруда қатаң тәртіп сақтау қажет болған.
Балаға көмектес. Оқушылардан бала неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіріңіз. Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі.
Анықта. Бұл айдар оқушылардың «мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл тапсырманы сыныпта немесе үйде өз бетімен орындайды. Тапсырма оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту және жазу дағдысын бекітеді.
Орындап көр. Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беріңіз. Үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, сопақ фигураларды қолдануға болады. Оқушылардан бұл фигураларды атап, санап шығуын сұраңыз.
Сабақ соңында оқушылардың назарын өздері бірге құрастырған үйге аударыңыз.
|
|||||
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
|||||
Түрлі-түсті геометриялық фигуралардан үйшік құрастыр. Қандай фигура түрлерін қолдандың? Оларды ата және сана.
|
Тақтаға киіз үйдің және лашықтың суреттерін іліңіз. Оқушылар әр үйшікке тиісті сөздер жазылған үлестірме парақшаларды орналастыруы тиіс. Олар үш тілдегі мағынасы бір сөздерді тауып, орналастырады. Тірек сөздерге осы тақырып бойынша басқа сөздерді де қосуға болады. Мысалы, үстел – стол – table кілем – ковер – carpet теледидар – телевизор – television гүлдер – цветы – flowers.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||
Жаратылыстану. Оқушылардан үйлерінде қандай өсімдіктердің бар екенін сұраңыз. Сынып бөлмесінде тұрған өсімдіктерге назар аудартыңыз. Оқушылардың бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы білімін тексеріңіз. АКТ. Оқушылардан интернеттен әлемнің ең ерекше үйлерін табуды сұраңыз: ұлу қабыршағы тәрізді үй, автомобиль сипатындағы үй, ойық үй және т.б. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің ерекше үйлерін ойлап тауып, ауызша сипаттап беруіне болады. Өнер. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді.
|
Оқушыларға «Дүкенде» рөлдік ойынын ойнауды ұсыныңыз. Олар сатушы және сатып алушы рөлдерінде ойнасын. Бағалау критериі: дүкенде өзін дұрыс ұстай білу дағдысының қалыптасуы (тауарды дұрыс сатып алу, сатушымен дұрыс есеп айырысу). Алдын ала қағаз ақшалар жайындап қойып, есептесу дағдыларын үйретуге болады.
Сен
не білдің?
Сұрақтарға жауап бер
Достық дегеніміз не?
Кімді нағыз дос деуге болады?
Отбасы дегеніміз не?
Қандай отбасылық дәстүрлер бар?
Үйдің қандай түрлері болады?
«Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді?
|
|||||
Бағалау
|
Оқушылар – үйлердің көптеген түрлері болатынын; – қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін; – үй ішіндегі жайлылық туралы; – үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді; Оқушылар – ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды; – өз бөлмесін сипаттауды; – өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді. Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырма
|
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
||||||
Сабақ № / Сабақ тақырыбы: |
Бізді қоршаған әлем Бағдарлауды үйренеміз
|
Мектеп: |
|||||
Күні : |
дүниетану |
Мұғалімнің есімі: |
|||||
СЫНЫП: 1 |
Қатысқандар саны:
|
||||||
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: көкжиек тұстарымен (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) танысады; |
||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі:. көкжиек тұстарын тұсбағдар көмегімен анықтауды үйренеді. |
||||||
Кейбір оқушылар: көкжиек тұстарын тұсбағдар көмегімен анықтауды үйренеді. |
|||||||
Тірек сөздер: |
көкжиек – горизонт – horizon; тұсбағдар – компас – compass; солтүстік–С – север – С – North– N; оңтүстік–О – юг– Ю – South– S; шығыс–Ш – восток –В – East– E; батыс–Б – запад –З – West– W. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау |
||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
Ресурстар:
|
|||||
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағытта болады. Қатты жел соғып тұрған қарама-қарсы бағыт солтүстік деп аталады. Бұл көкжиектің негізгі тұстары Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау.Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау үшін бетіңізді күнге қаратыңыз. Сағаттың тілі күнге бағытталатындай орналастырыңыз. Сағат тілі мен қысқы уақыт бойынша «1» саны немесе жазғы уақыт бойынша «2» саны арасындағы сызық оңтүстікті көрсетеді. Егер мүмкіндік болса, оқушыларға көрсетіңіз. Көкжиек тұстарын тұсбағдар бойынша анықтау. Көкжиек тұстары мен қозғалыс бағытын жылдың кез келген уақытында тұсбағдармен анықтауға болады. Ол тіпті табиғатқа шағын саяхат жасаған кезде де қажет. Тұсбағдардың негізгі бөлігі – магнитті тілі. Ол өз осі бойынша еркін айналады. Тұсбағдардың тілі сыртқабатының ішінде орналасқан. Онда С, О, Б, Ш бөліктері көрсетілген шеңбер бар. Тұсбағдар бойынша бағытты дұрыс анықтау үшін оны тегіс жер бетіне қою қажет. Сақтандырғышын тартып, аспаптың көк ұшы солтүстікті көрсететіндей етіп бұрыңыз. |
Не көріп тұрсың? Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-суретке аударамын. Олардан сұрақтарға жауап беріп, суретке ат қоюын сұраймын. Оқушылар «көкжиек» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтады. Жауаптарын тыңдаймын. Айналада көріп тұрған кеңістік көкжиек екенін түсіндіремін. Оқушылардың біріне оқулықтағы 1-мәтінді оқуды ұсынамын.
Тұсбағдар және сағат. Бұл тапсырманы топта өткіземін. Ол үшін оқушыларға көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшаларды таратамын. Оқушылар таңдап алынған үлестірме парақшаларына сәйкес топтарға бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударамын.Олардан бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар екенін сұраймын. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінмен танысуды ұсынамын. Сен білесің бе? Оқушыларға тұсбағдарсыз жергілікті жерде бағдарлаудың көптеген тәсілдері бар екенін айтамын. Тұсбағдар өсімдігі бар екенін, оның жапырақтары солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасатынын айтамын. Осындай өсімдіктердің бірі – сүтшөп (латук). Оның жапырақтары қырымен орналасады және ұштары солтүстік пен оңтүстікті көрсетіп тұрады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің емдік қасиеттері туралы ақпаратты да айтыңыз. Оқушылардан 3-суретке қарауын және айдар мәтінін оқуын сұраймын. |
Тұсбағдар, қол сағаты, көкжиек атаулары (С, О, Б, Ш) жазылған үлестірме парақшалар. |
|||||
Не байқадың? Суретке мұқият қара. Суретке ат қой.
|
|||||||
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
||||||
Орындап көр. Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беріңіз.
|
Бұл сабақта оқушылар бірқатар жаңа ұғымдармен алғаш рет танысады, сондықтан да оқушылардың үш тілдегі тірек сөздерді тыңдауына және айтуына көңіл бөлу. |
||||||
|
Қосымша тапсырмалар
|
||||||
Жаратылыстану. Оқушылар тұсбағдар өсімдік – сүтшөп (латук) туралы мәлімет алады. Өнер. Жұмыс дәптерінде оқушылар үйдің айналасында орналасқан заттардың суретін салады және бояйды. |
|
||||||
Бағалау
|
Оқушылар
–– көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс туралы;
–– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді.
Оқушылар
–– тұсбағдарды пайдалануды; –– нысандардың бағытын анықтауды; –– тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді.
Блиц-сауалнама (әр оқушыға арналған үлестірме парақшалардағы кестеде). Әр жауаптан кейін дұрыс болса (+) белгісін, бұрыс болса (-) белгісін қою қажет.
Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)
Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (-)
Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (+)
Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (-)
Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+) Күн әрқашан шығыстан атады. (+) Тал түсте күн солтүстікте болады. (-)
|
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген