|
Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты
екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:
-
Ақпаратты кодтаудың мәтіндік
түрінде әріптер мен символдар сол мәтін жазылған алфавиттің
символдарымен кодталады.
-
Ақпаратты кодтаудың сандық
түрінде сандық ақпарат кодталады.
-
Ақпаратты кодтаудың графикалық
түрінде ақпарат суреттермен, кескіндермен кодталады.
Екілік алфавит 0 және 1
таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0
және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11)
кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді
кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп
символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын
тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау
кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп
аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын
ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға
болады.
Символдар
мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен
орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады.
Көрсетілім. Оқулық §1.4, 21-бет
, 2-кесте
ASCII коды
кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен
тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр.
ASCII кодтау
кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі
бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128
символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер
жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған.
Баламалы бөліктегі 128-ден
255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа)
берілген.
Бүгінгі
таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде
жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте,
иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін
өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды.
Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен
65536 символды кодтауға болады.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма.
«Декодтау»әдісі
Оқулық §1.4, 22-бет,
1-тапсырма.
Дескриптор:
-декодтау орындайды;
-декодталған терминдерді қазақ
және орыс тіліндегі аудармасын табады.
Жеке жұмыс.
2-тапсырма.
Берілген
сөздерді ASCII кестесін пайдаланып, екілік кодпен
кодта.
informatika, bit, binary
coding
Дескриптор:
- берілген
сөздерді екілік кодпен жазады.
3-тапсырма.
Берілген сөздердің қанша байт
және биттен түратынын анықтандар.
informatika, bit, binary
coding
Дескриптор:
-берілген сөздердің қанша байт және биттен
тұратынын анықтайды.
|