Еңбек
- бәрін де жеңбек
27
қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
r.baibosynova
І
кіші топ
Еңбек - бәрін де
жеңбек
Мақсаты:
Балаларды еңбектің
адам өміріндегі мәні туралы түсінік
беру.
Еңбек етуге деген қызығушылықтарын,
ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: сюжетті
суреттер, нан, дирмен, бидай, ұн,
тоқаштар.
Шаттық шебері.
Балалар
тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады,
сәлемдеседі.
Амандасу.
Біз әдепті
баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды
көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
сәлемдесіп аламыз.
Балалар жылдың
қай мезгілі?
Қыс.
Қыс мезгілінің
неше айы бар?
Үш айы бар; желтоқсан,
қаңтар, ақпан.
Ауа - райы қандай болып
тұр?
Балаларға жаңа сабақты
түсіндіру.
Біз бүгін жаңа сабақта
еңбек жайлы білетін боламыз.
Тақтадан
еңбек туралы суреттерді көрсетіп
түсіндіру, сұраққа жауаптар алу.
Еңбек
түрлері көп: жазғы еңбек, күзгі еңбек,
қысқы еңбек және көктемгі еңбек болып
бөлінеді.
Әр мезгілдің өзіне тән
ерекшеліктері бар екен.
Әңгімелесу
Еңбек
дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін
қажетті іс – әрекеттер.
- Еңбек
түрлерін білесіңдер ме?
- Еңбек ету
адамға қажет деп ойлайсыңдар ма?.
(халық
мақалы)
Бақдаулет. Қырға шықсаң
өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Айзере.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты -
Еңбек.
Бақжан. Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең
- Еңбек.
Нұрасіл. Гүл отырғызсаң
терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Жақсат.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана
жеңбек.
«Әли мен Аян, талқан нан»
туралы ертегі.(компьютерден
көрсету)
Сахналау.
Балалар
көрген ертегіні сахналайды.(әже, бала,
қыз)
Дәйек сөздер:
Әмина. Бақыт
кілті - Еңбекте.
Мақал -
мәтелдер:
Сұңқар. Еңбектің наны
тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Мирас.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның
тіленбей.
Кәусар. Еңбек ер атандырады.
-
Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды
сергітіп алайық.
Сергіту
сәті:
«Көңілді күн» әуеніне би қимылдар
келтіру. (Қимылмен көрсету)
- Ойын:
«Ормандағы аю»
Шарты: Балалар орманға
барып құлпынай тереді, ұйықтап жатқан
аюды оятып алады, аю балаларды қуалайды.
Балалар өздерін бақытты сезініп
қуанады.
Қорытындылау:
Балалар
біз не жайлы білдік?
Еңбек түрлерін
атап беріңдер?
Нан қандай еңбекпен
келді?
Еңбектенген адам мұратына
жетеді.
Алматы облысы, Райымбек
ауданы,
Кеген ауылы, «Балбөбек»бөбекжай
балалар бақшасы
тәрбиешісі: Рахима
Байбосынова
Еңбек
бәрін де жеңбек балабақшаға
арналған сабақ еңбек
туралы мақал