ҚМЖ. Файлдар мөлшері

Тақырып бойынша 15 материал табылды

ҚМЖ. Файлдар мөлшері

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.1 бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

1-бөлім. «Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері»

Педагогтің аты-жөні:

Бейсеева Гүлжан

Күні:

23.09.2024 ж.

Сыныбы:7а,ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Файлдар мөлшері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1 бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Файлдық жүйе қызметін біледі.

Файлдарды сақтау үшін, әртүрлі форматтарды қолданады.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбекқорлыққа  және кәсіби біліктілігін арттыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

4. Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, 1, 2-ге саналу арқылы екі топқа бірігеді.

І топ. ІІ топ.

5 мин.


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.


  • Түрлі ақпарат көздерінен жинақтаған деректерді есіңде «Компьютерде файлдармен жұмыс жасаудың ортақ ережесін жасаңдар» тақырыбын талдауда оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында диалог ұйымдастыру.

  • Файлдарды кеңейтуге сәйкес программа аттарын дәптерге жазу.

  • Қалай ойлайсыңдар, компьютерге жазылған деректер неге бір-бірімен араласып кетпейді?

  • 1.2-суреттегі шартты белгілер не үшін қолданылады?

  • «BIOS модулi» тақырыбында жинақтаған материалдарды сыныптастар ортасында қорғау.

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Домбыра»әдісі арқылы бағалайды.


5 мин.

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. «Insert/Түртіп алу» әдісі

Жұмыс дәптерінде орындайды.


Білу кезеңі:

  • «Файл» дегеніміз не?

  • Файл атауы қандай бөліктерден тұрады?

  • Файлдармен қандай әрекет жүргізуге болады?

  • Файлдармен жұмыс кезінде қандай әрекеттерді орындауға болмайды?

  • «Файлдар жүйесі» дегеніміз не?

Түсіну кезеңі:

  • Компьютер үшін файлдың маңыздылығына мысалдар келтір.

  • Файлды дискіге сақтау жүйесін сипатта.

Дескриптор:

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.


Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Домбыа» әдісі арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.


Сабақтың ортасы

26 мин.



(Д) Компьютерде практикалық жұмыс


  • Компьютер көмегімен әртүрлі типтегі файлдарды жасау.

  • Файлды дискіге сақтау жүйесін қалай сипаттар едің?

Бағалау Мұғалім оқушыларды

«Домбыра»әдісі арқылы бағалайды.


7-сынып оқулығы.


Топтық жұмыс

(Т) Талдау

«Постер қорғау» әдісі


  1. Файл мен қапшықтың үш ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, көрсетіңдер.

  2. Бірдей ақпарат жазылған файлдарды әртүрлі форматта сақтаңдар.

  3. Файлдар форматының өзгеруі оның көлеміне әсер ететінін зерттеңдер.


Бағалау Топтағы оқушылар бір-бірін

«Домбыра»әдісі арқылы бағалайды.

А 3 қағаздар, маркерлер


Жұптық жұмыс

(Ж) Жинақтау


Компьютерде файл және бумамен жұмыс жасаудың ортақ ережесін ұсыныңдар.


Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін «Домбыра»әдісі арқылы бағалайды. !


Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия


Сабақты бекіту

Диалогті ұйымдастыру немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Сабақтың қай бөлігі түсініксіз болды?

  • Файлдар форматын білу қай дәрежеде маңызды?

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Домбыра»әдісі арқылы бағалайды.



Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы:

Көп деңгейлі (иерархиялық) құжаттардан тұратын құжат жасаңдар. Негізгі буманы «Пәндер» атымен атаңдар. Бума ішінде өзің ұнатып оқитын 3 пәннің атымен бума жасаңдар. Буманың ішіне сол пәндерді не үшін ұнататының жайлы мәтіндік файл жасап, сақтаңдар.

Қосымша зерттеу:

Файлдарды кеңейтудің 3 әріптен және 4 әріптен құралу себебін анықта. Олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.00.2024
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі