400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

ҚМЖ: Функция тарауын қайталау (6-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ: Функция тарауын қайталау (6-сынып) ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 195

Мектеп: Талапты ОМ

Күні: 19.05. 2017 Ж.

Мұғалімнің есімі: Отепов М.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Оқушылардың функция тақырыбын пысықтау, жүйелеу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Функция ұғымын, оның берілу тәсілдерін, элементтері мен маңызын меңгеруі қажет;

Оқушылардың басым бөлігі:

Функция тарауы бойынша негізгі ұғымдарды еркін меңгеріп, оларға есептер шығару және іскерлік қабілеттерінде қолдана алады, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Функция тақырыбын өздігінен практикада қолдана алады және жобалар жасай алады.


Оқушылар:

  • Функция тақырыбы бойынша ойларын жүйелеп, формуламен, кестемен, графикпен жұмыс істей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Функция тақырыбы бойынша: координаталық жазықтық, абсцисса, ордината, функция, аргумент, санақ басы, т.б. терминдерге түсінік бере алады;

Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Функция ұғымы;

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  • «Функция» сөзі практикада көп қолданылады;

  • Функцияның маңызды;

Жазылым бойынша ұсыныстар:

  • Функцияның формуласының дұрыс берілуі және жазылуы;

  • Функция кестесінің тәуелділіктер арасындағы байланысы реттілікпен, толық берілуі;

  • Графиктің дұрыс, көрнекі, түсінікті берілуі маңызды.

п

Айнымалысы модуль таңбасы ішіндегі теңдеулер мен теңсіздіктерді қайталау

Жоспар:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы:

Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:

А) ұйымдастыру сәтін өткізеді;

Ә)Өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;

Б)Төменде берілген «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен тексеріп шығып, сосын фрондальді тексереді)


«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары (әр оқушыға жеке тапсырма):

Бос орынға тиісті қажет сөзді жазыңдар:

  • Х жиынының әрбір мәніне Ү жиынының жалғыз ғана мәні сәйкес келуі .................... деп аталады.

  • y=f(x) функциясының у жиыны ........ , ал х жиыны .................... деп аталады.

  • Функцияның қабылдай алатын мәндері ............................ деп аталады, ал аргументтің қабылдай алатын мәндері .......................................... деп аталады.

  • Функция мынадай түрде беріледі: .............................., ......................., ..............................

  • Сызықтық функция дегеніміз ............. түрінде беріледі.


Ортасы:

Топтық тапсырма (оқушылар 1, 2, 3 жүйесі бойынша топқа бөлініп, топ арасында топбасшы, уақыт үнемдеуші сайланып, бағалау парағын толтырып отырады және берілген тапсырманы топпен қорғайды):

І топ: Функция және оның формуламен берілуі;

ІІ топ: Функцияның кестемен берілуі және оның маңызы;

ІІІ топ: Функцияның графикпен берілуі және оның қолданылу.

(Оқушылар топпен қорғап, бағаланып отырады)


Оқушылармен сергіту сәті:

Оқушыларға карточка тәрізді графиктер беріліп суреттер құрау тапсырылып, қандай суреттер шыққанын көрсету қажет.


Тақтада орындалатын тапсырмалар:

Оқулықтағы №1236, №1238, №1239 есептер тақтада шешіледі.


Қосымша: С деңгейінің оқушыларына жеке тапсырма: Функцияныңөмірмен байланысын анықтап мысалдар қарастыру;


Аяқталуы

А)Оқушылармен сабақты қорытындылау мақсатында миға шабуыл әдісі бойынша топқа бірнеше сұрақтар қойылады:

1) Функция дегеніміз не?

2) Функцияны кестемен беру қалай орындалады?

3) Функцияны графикпен қалай беріледі?

4) Сызықтық функция дегеніміз қандай функция?

5) Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?

6) Сызықтық функцияның дербес түрін тұжырымдаңдар?




Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

  • Сабақ қызықты өтілуі үшін тапсырмалар өмірмен, практикалық түрде орындалады.

  • Оқушылыр бір-бірін бағалауда бағдаршам тәсілі бойынша түінгенін немесе түсінбегенін көрсетіп отырады.

  • Қазақ тілі;

  • География;

  • Физика пәндерімен байланыс болады;

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшықтарға өз пікіріңізді жазыңыз:







Қорытынды бағамдау:


Қандай екі нәрсе табысты болы?



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?



Сабақ барысында мен немесе сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі