жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, Ғаламдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмі 10 сынып ЖМБ
География пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология 3.2Геоэкологиялық зерттеулер Мектеп: Қаражал қаласы №7 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Күні: 06.11.20 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Кәріп Береке Бексұлтанқызы Сынып: 10-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ғаламдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмі |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) |
10.3.2.7 ғаламдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмін түсіндіру |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Ғаламдық экологиялық мәселелерді сипаттау және пайда болу механизмін түсіндіру Көпшілігі: Ең өзекті ғаламдық мәселелерді жіктеу; қоғам мен табиғат арасындағы байланысын анықтау Кейбірі: Ғаламдық экологиялық мәселелерді қалыптастыратын түрткіжайттарға баға беру
|
|
Бағалау критерийі |
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып ғаламдық экологиялық мәселелерді сипаттайды және пайда болу механизмін түсіндіреді; Ең өзекті ғаламдық мәселелерді жіктейді; қоғам мен табиғат арасындағы байланысын анықтайды; Ғаламдық экологиялық мәселелерді қалыптастыратын түрткіжайттарға баға береді, шешу жолын ұсынады. |
|
Тілдік мақсаттар |
Айтылым: Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық мәселелердің арту себебін анықтап, талқылайды. Тыңдалым: Ғаламдық экологиялық мәселелерді қалыптастыратын түрткіжайттарды анықтау мақсатында бейнероликтегі мәліметтерді тыңдап, қорытынды шығарады. Оқылым, жазылым: Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, ғаламдық экологиялық мәселелер дамыған аймақтарды анықтап, кескін картаға түсіреді |
|
Құндылықтарға баулу |
Туған жерге, қоршаған ортаны қорғауға деген қамқорлық, ғаламдық және жергілікті жердің табиғатын бағалауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру. |
|
Пəнаралық байланыс |
Экология ,биология, химия |
|
Алдыңғы білім |
Алдыңғы сыныптарда ғаламдық экологиялық мәселелер жайында атмосфера, гидросфера және биосфераның ластануы жайлы тақырыптардан біледі |
|
САБАҚ БАРЫСЫ |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: 3 тілде амандасу: Қайырлы таң, Доброе утро, Good morning! Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жүректен-жүрекке». Мақсаты: оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру « Тақырыпты жасыру » әдісі. Сабақ тақырыбының әріптерінің орны ауыстырылып жазылады. «Маағлқды қояоиылкэ ллңдеәсреме айпад убол ізмнахеми» (оқушылар шешімін табады) Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сабақ тақырыбын анықтау, оқу мақсаттарымен таныстыру. Үй жұмысын тексеру «Миналы алқап» әдісі Мақсаты: оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. (сұрақтар жазылған парақшаның арғы бетіне озон қабаты және мұхит суы суреттері беріледі. Артынан оқушылар сол суреттер арқылы екі топқа бөлініп отырады) -географиялық орта табиғи ортадан қалай ерекшеленеді? -қоршаған орта сапасын қандай көрсеткіштері сипаттайды? -Рұқсат етілген шекті концентрация (РШК) нормативтері неге сүйенеді? Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау әдісі |
Интербелсенді тақта География оқулығы, 2 бөлім. Авторы: Төлепбекова С.Қ., Аманжолов А.И., Жылқайдарова А.М.
Сұрақтар жазылған таратпа парақшалар
|
Сабақтың ортасы |
«Джигсо» әдісі Мақсаты: оқушыларға бейнеролик ұсыну арқылы тақырыпты топта талқылау. Бейнеролик : ғаламдық экологиялық мәселелер Бағалау критерийі: Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып ғаламдық экологиялық мәселелерді сипаттайды және пайда болу механизмін түсіндіреді. Тапсырма: Ғаламдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмін анықтап түсіндіріңдер. Дескриптор: -ғаламдық экологиялық мәселелерді сипаттайды; -пайда болу механизмін түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау: Өзара бағалау
Саралау әдісі «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы Мақсаты: оқушыға қабілеттері мен бейімділіктерін барынша дамыту үшін, олардың жалпы білім мазмұнын меңгеру үдерісіндегі танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру . Бағалау критерийі: Ең өзекті ғаламдық мәселелерді жіктейді; қоғам мен табиғат арасындағы байланысын анықтайды. 1-топ А –деңгей Тапсырма: Оқулықты және қосымша мәліметтерді пайдаланып, ғаламдық экологиялық мәселелерді жіктеп жазыңдар. Дескриптор: -ғаламдық экологиялық мәселелерді біледі; - ғаламдық мәселелерді жіктеп жазады.
2-топ В-деңгей Тапсырма: Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты туындайтын мәселелерді анықтап, сызба түрінде көрсетіңдер. Дескриптор: -ғаламдық экологиялық мәселелердің қоғам мен табиғат арасындағы байланысын анықтайды; -қоғам мен табиғат арасындағы байланысты сызба түрінде көрсетеді.
3-топ С-деңгей Тапсырма: Ең өзекті ғаламдық экологиялық мәселелер дамыған аймақтарды дүниежүзінің кескін картасына бейнелеңдер. Дескриптор: -экологиялық мәселелер дамыған аймақтарды анықтайды; -экологиялық мәселелер дамыған аймақтарды дүниежүзінің кескін картасына бейнелейді. Қалыптастырушы бағалау: Бутерброд әдісі
|
Бейнеролик – ғаламдық экологиялық мәселелер
Өзара бағалау
Интербелсенді тақта
Оқулық, интернет желісі
Интербелсенді тақта, презентация
Дүниежүзінің кескін картасы |
Сабақтың соңы |
Бағалау критерийі: Ғаламдық экологиялық мәселелерді қалыптастыратын түрткіжайттарға баға береді, шешу жолын ұсынады. Тапсырма: Қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің арту себебіне баға беріңдер және ғаламдық мәселелерді шешу жолында нақты қандай жұмыстар атқаруға болады, өз ойларыңды ұсыныңдар. Дескриптор: -ғаламдық мәселелердің арту себебіне баға береді; -ғаламдық мәселелерді шешу жолын ұсынады. Қалыптастырушы бағалау: Бас бармақ арқылы бағалау.
Бүгінгі сабақты қорытындалып, оқушыларды бағалаймын. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы кері байланыс орнатамын. Мақсаты: оқушыларға өз білімін саралауға үйрету. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... – ......қиындық тудырды. Үйге тапсырма: Ғаламдық экологиялық мәселелердің алдын алу тақырыбында презентация әзірлеңдер. |
Интербелсенді тақта презентация
Аяқталмаған сөйлем әдісі берілген таратпа қағаздар
Интербелсенді тақта, күнделік |
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Саралау әдісін қолданудағы негізгі мақсатым – Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтың әрбір кезеңін қызықты, ұтымды өткіземін. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші, өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастырамын. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдаймын. Барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастырамын. |
Бағалауды қолданудағы негізгі мақсатым: оқушылардың сабақтан алған білімін игеру деңгейін бағалау арқылы тексеремін. Оқу барысында қалыптастырушы бағалаудың «Өзін-өзі бағалау», «Өзара бағалау», «Бутерброд», «Бас бармақ» әдістерін қолдана отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергендерін байқадым. |
Оқушылаға топтық жұмыс , интербелсенді тақтамен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау ескертіледі. Қауіпсіздік ережесін айтып ескертіп отырамын. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген