жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ "Ғаламтордағы қауіпсіздік" 3-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 3.3 В Әлемнің барлығы Ғаламторда |
Мектеп: «Қарағаш орта мектебі» МКМ Пәні: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: Серік Данна Серікқызы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 3 |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ғаламтордағы қауіпсіздік |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну 3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Ғаламтор, ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерімен танысады. Нақты сұрақтарға жауап табу үшін ғаламторды қолдануды, желіде ақпарат алмасу жолдарын түсінеді. Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Ғаламтор туралы, ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерін біледі. Ақпарат іздеуде ғаламторды пайдалана алады. Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
Пәндік лексика және терминалогия: Ғаламтор- Интернет-Internet Модем-Модем-Modem Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тәжірибелік жұмыс барысында академиялық адалдық, тұтастықты сақтау, өзара бағалау. Топта жұмыс істей білу, сыныптастардың жауаптарын тыңдау, объективті бағалау, этика нормаларын сақтау қабілеті арқылы бір-біріне құрметпен қарау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу. 6 Бөлім: Атақты тұлғалар. Орыс тілі – мультфильм қараған кезде |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта қолдану Ғаламтор қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру. Ғаламтор дегеніміз не? Ғаламтордың қандай мүмкіндіктері бар? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезені «Желілік байланыс» тренингі Шарты: Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне лентаны ұзатып тілектерін айтады. Тілек сөздер айтылып болған соң «Осы лентаны бір-бірімізге ұзатқанда не құрылды?», Бұл неге ұқсайды? Деп жетелеуші сұрақтар қою. Топқа бөлу. Сөйлемнің соңы қалай аяқталатынын болжа:
Егер жауабыңыз Уикипедия болса, онда «Компьютер» тобы, жауабыңыз Вконтакте болса, онда «Ноутбук» тобы, жауабыңыз WhatsApp болса, онда «Ұялы телефон» тобында боласыз. Топтарыңның атына, тренинге байланысты бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты тұжырымдау Жауаптарын талқылау кезінде оқушылар бір тұтас ойға келіп, сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдайды. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін тұжырымдауға кіріседі. |
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, жіп арқылы тренинг өткізу. Оқушыларды топқа бөлуге арналған парақшалар Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Жаңа тақырып Ойлан!
Электронды оқулықтағы таныстырылымды көрсету. Оқушыларға «Почемучка» мультфилімінің 49 сериясының бейнеүзіндісін ұсыну. Инттернет арқылы жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік сақтау (1:55 тен 3:23 мин ке дейін қарау). Талқыланатын сұрақтар ұсыныңыз:
Топтық жұмыс (Постермен жұмыс) І топқа: Интернет туралы Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. |
«Почемучка» мультфилімінің видеосын көрсету.
А3 парағы, қосымша материалдар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Модем-компьютерге телефон арқылы ғаламтор желісін қосуға мүмкіндік беретін құрылғы. E-mail – электрондық пошта.Желі қолданушылары арасында хабар, мәлімет алмасуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі.Ғаламтордағы мәліметтерді оқу «браузер» деп аталатын арнайы программа арқылы орындалады. Браузер ағылшынның қарау, парақтау деген сөзінен шыққан. Ғаламтордағыкең тараған браузерлер Internet Explorer, Mozilla FireFox, Google Chrome, Амиго және т.б ІІ топқа: Интернеттің пайдасы Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 1.Алысты жақындату 2.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 3.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 4.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 5. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны,
құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап
алуға не керісінше жіберуге болады; ІІІ топқа: Интернеттің зияны Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім: Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек, Пайда не залал ма ескерілмек, Көргенің естігенін есепке алса, Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық. Топтардың постермен жұмыстарын бағалау. І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды. ІІ топ оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды.
ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының жұмысын бармақ әдісі арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді. Жеке жұмыс. Компьютерлік программалардын түрін анықтаңыз.
Дескрипторлар
ҚБ «Бір минут» әдісі оқушылaр интер белсенді тaқтaдaн жaуaптaрымен өздерін-өзі бaғaлaйды. Топтық жұмыс «КМЭҚ» әдісі арқылы ғаламторды қолданудың күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдап жазыңдар.
Қ М Ә К
ҚБ: «Бас бармақ» » әдісі арқылы бағалайды. |
Интерактивті тақта арқылы көрсету
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 05.05.2020 2951
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||||||||||||||||||||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген