жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ. Жаратылыстану. "Біз қалай қозғаламыз ?"
|
Пән: жаратылыстану Мектеп: Майшай Әбенова Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырыбы аясында
Күні: 3.06.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабекова Ақмөр Сынып : 1 «В» Қатысқандар саны: 27 Қатыспағандар саны:0 |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Біз қалай қозғаламыз ? |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау; |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушыларүшін : Адам дене мүшелері арқылы қозғалатынын біледі. Көпшілік оқушылар үшін: Басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көрсетеді. Кейбір оқушылар үшін : Өзінің қозғалысы мен жануарлардың қозғалысын бақылайды және салыстырады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тірек сөздер: әсер ету;басқару;айналдыру -Адамдар заттарды қозғалысқа келтіру үшін оларға қалай әсер ету керек? -Заттарды қозғалысқа түсіру үшін немен басқаруға болады? -Қозғалмалы дене мүшелерін айналдыруға бола ма? |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Денешынықтыру, көркем еңбек. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожабамен музыка тыңдату. |
||||
|
Бастапқы білім |
Қозғалыстың не екенін біледі. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 3 минут |
Оқушыларды спорт залға апарамын 1.«Би терапиясы» ойыны Оқушылар музыка әуеніне ілесіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстарды (бастарын, мойындарын, иықтарын айналдыру, қолдарын алға-артқа қозғау, бір орында жүгіру) жасаулары тиіс. Жаттығу аяқталған соң оқушылардан қандай қимыл-қозғалыс жасағандарын сұрау. |
Музыка «Көңілді күн» |
|||
|
Сабақ ортасы 5 минут |
«Мен шымырмын» ойыны: 1,2,3,4-ке саналу арқылы топқа біріктіремін. 1-топ ұлдар: жерден тартылу жаттығуын 2-топ ұлдар: турникке тартылу жаттығуын 3-топ қыздар: секіртпемен секіру 4-топ қыздар:жүгіру жаттығуын жасайды Осы жаттығулардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелеріне салмақ түсетінін және қалай қозғалысқа түсетінін түсініп, айтып беруі тиіс. -Балалар , бүгін біз адамның қандай қозғалыстар жасайтынын; денелердің қалай қозғалыс жасайтынын анықтап; жануарлардың қандай қозғалыс жасайтыны білетін боламыз. |
Секіртпе, турник, т.б |
|||
|
Дескриптор |
Қозғалыс түрлерін жасайды. Осы жаттығулардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелері қозғалатынын айтады . |
|
|||
|
5 минут |
Сабақты сыныпта жалғастырамын. «Мен ойыншығымды қалай қозғалтамын» ойыны. 1-топ ұлдар: машина жіппен тартатын 2-топ ұлдар: пультті машина 3-топ қыздар: бесік 4-топ қыздар: қол арбасы Мақсаты : Әр топ өз ойыншығының қалай қозғалатынын көрсетіп, түсіндіріп беруі керек |
Машина , пультті машина, бесік, қол арба (ойыншық) |
|||
|
Дескриптор |
Ойыншықтың қалай қозғалатынын көрсетеді. Қалай қозғалатыны түсіндіреді. |
|
|||
|
5 минут |
Дәптермен жұмыс: 30-жұмыс парағы. Ұқсас суреттерді бірдей түспен. Итерілуді қажет ететін жаттығуларды орындап жатқан балаларды қызыл түспен, тартылып жатқан балалардың суретін жасыл түпен боя. |
Жұмыс дәптері |
|||
|
5 минут |
«Зерттейік.» ойыны Мақсаты: Асық пен кегльдің «әсер ету» арқылы қозғалысқа түскенін дәлелдеп айтып беруі керек. “Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраймын.Әр түрлі жауап нұсқалары тыңдалады. Бір оқушы асық ойнауды , бір оқушы кеглді шарлармен құлатуды ұсынамын. Сұрақ :“Оқушылар асықты (кеглді) қалай қозғады?” — деп сұраймын. Жауап нұсқасы: -Жоқ, оларды басқа асықпен (шармен) қозғады. |
Асық, кегль, шар. |
|||
|
Дескриптор |
Заттарды басқа заттардың әсер етуі арқылы қозғауға болатынын айтады |
|
|||
|
2 минут |
Модельденген оқу Заттарды қозғалысқа келтіру үшін оларды итеріп не тартып қана қоймаймыз. Оларды тербетуге немесе пульттің көмегімен басқаруға болады екен. «Сен білесің бе?» айдары: ең алғашқы пульт арқылы қозғалатын ойыншық 100 жылдай бұрын пайда болды. Ол – қайықтың модельі еді. |
|
|||
|
5 минут |
«Үндемес» ойыны. Әр топқа әртүрлі жануарлар суреттері беріледі. Ал оқушылар ол жануардың қалай қозғалатынын қимылмен көрсетулері тиіс. Тұжырым жасау. 1-сұрақ: Адамның және жануардың қозғалыстарында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? 2-сұрақ:Адамдар мен жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды? 1-топ: құрбақа мен жылан 2-топ: ит пен жылқы 3-топ: түйе мен шегіртке 4-топ: құс пен көбелек |
суреттер |
|||
|
Дескриптор |
1.Жануарлардың қалай қозғалатынын көрсетеді, атайды. 2.Адамның және жануардың қозғалыстарында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екенін айтады. 3. Адамдар мен жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды екенін айтады. |
|
|||
|
6 минут |
Дәптермен жұмыс: 30-жұмыс парағы. Жануарлар қалай қозғалады? Қоршаудың төменгі жағына жазылған сөзгесәйкес қозғалатын жануарлардың суретін сал.
жүгіру шабу |
Жұмыс дәптері, түсті қалам |
|||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
«Алады, алмайды» әдісімен кері байланыс алу Сұраққа оқушылар тек «алады» немесе «алмайды» деп жауап беруі керек. 1-сұрақ: Адамдар және жануарлар әртүрлі қимыл қозғалыс жасай......алады 2-сұрақ: Заттар өз бетінше қозғала.....алмайды |
|
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
Барлық оқушылар үшін: «Мен шымырмын» ойыны: Әр топ өздеріне берілген жаттығуды жасайды. Осы жаттығулардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелеріне салмақ түсетінін және қалай қозғалысқа түсетінін түсініп, айтып беруі тиіс. Көпшілік оқушылар үшін: «Зерттейік» ойыны: Мақсаты: Асық пен кегльдің «әсер ету» арқылы қозғалысқа түскенін дәлелдеп айтып беруі керек. Кейбір оқушылар үшін: «Үндемес» ойыны. Әр топқа әртүрлі жануарлар суреттері беріледі. Ал оқушылар ол жануардың қалай қозғалатынын қимылмен көрсетулері тиіс. Тұыжырым жасауы тиіс. |
Критериалды бағалаудың қалыптасытрушы бағалау түрі |
Спорт залада ереже сақтау керек. Қаламды абайлап ұста. Көзге жақындатуға, ауызға салуға болмайды. Себебі жарақат алып қалуың мүмкін. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|
|
|||
Кері байланыс(тренер тарапынан)
1.Сабақ басын суретпен жұмыс емес, спортзалдан бастау керектігін ұсынды. Себебі, суретпен ғана шектелген жағдайда оқушыларда зерттеу дағдысы қалыптаспайтыны айтылды. Егер сабақ басын спорт залда әртүрлі жаттығулар жасау барысында өз дене қозғалыстарын жасау арқылы дене мүшелерінің қалай қозғалатынын және қай дене мүшесінің белсенді қозғалғанын спорт залдағы жасалған қозғалыстар арқылы зерттеу жүргізу ұсынылды.
2.Әсер ету арқылы қимылдайтын заттарды анықтауда тапсырмаға әр топ оқушыларына : ойыншық, бесік, арба, пультті машина алып келіп, көрсету арқылы дәлелдеу дағдысын қалыптастыру тренер тарапынан ұсынылды.
Рефлексия
1-ші ұсыныс бойынша: Жаратылыстану пәнінде суретпен шектелмеу керек екендігін, әрі бала қозғалып,әрекет жасаса зерттеу дағдысы қалыптасатынын аңғардым. Сабақты спортзалдан бастау тиімді болды деп ойлаймын.
2-ші ұсыеныс бойынша: Сабақта ұқсас тапсырмаларды « қабылдау деңгейіне қарай» біріктіріп, топтық жұмыс жасаудың тиімділігіне көз жеткіздім. Топтық жұмысты орындай отырып дәлелдеу дағдысын қалыптастыру керек екенін түсіндім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген