400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Жаратылыстану пәні 4-сынып. Жылуөткізгіштік деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарының ұстаздарға көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4 «Б»

Табиғат физикасы.

№12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Бәшімова А.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

26.01.2021

Тақырыбы

Жылуөткізгіштік деген не?

Оқу мақсаты

4.5.2.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу;

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

        1. алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін біледі;

Оқушылардың көбі:

Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын біледі;

Оқушылардың кейбірі:

Түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттейді.

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;

Бағалау критерийі

Түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін білуі;

Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін білуі;

Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын білуі;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

  1. жылуөткізгіштік

  2. жылуоқшаулағыш

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Математика, дүнинтану

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут





Топқа бөлу

3минут









Алдыңғы оқу

5минут




Жаңа сабақ

5мин
































3 мин

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін,

Сәттілікке толсын!


Карточкаларға өрнек жасырып, өрнектің мәні бойынша топқа бөлу. Өрнекте 600 саны шықса 1 топ, 500 саны шықса 2 топ, 800 саны шықса 3 топ. Сандардың бастапқы әріптері бойынша топ атауын беру.

І топ: А тобы

ІІ топ: Б тобы

ІІІ топ: С тобы


«Ыстық орындық» әдісі бойынша өткен білімді пысықтау


Бағалау: Тәттілер


Температураны термометр көмегінсіз анықтауға бола ма?

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екендігін анықтату үшін қолдарына монеталарды таратып беріп, біраз алақандарында қысып отыра тұруларын сұраймын.

Қолдарыңдағы тиынның температурасы қандай?

(бірі білмейміз, бірі адам температурасымен бірдей деп айтуы мүмкін.)

Егер жауапқа дәл шықпасақ ары қарай «Адамның қалыпты температурасы қандай?» - деген сұрақ қоямын.

Онда сенің қолыңдағы дененің температурасы қандай?

Енді қолдарындағы монетаны парта үстіне қойыңдар. Монетаның температурасы енді қандай болды?

(Алдында айтылғандардың мағынасын ұққан оқушы сынып бөлмесінен термометр іздейді)

Бөлме температурасы қанша? Термометр көрсеткішін қараңыз.

Онда монетаның да температурасы бірдей болады, себебі жанасқан денелердің температуралары теңеседі.

Неге әртүрлі?

Бір қолыңмен партаның ағаш бетін екінші қолыңмен партаның темірін ұста?

Не байқадың?

Неге ағашқа қарағанда темір суығырақ?

(себебі ағашқа қарағанда темір өз бойындағы жылуын келесі денеге өткізе салады.)


Бейнеролик


Жылу әрдайым ыстық денеден суық денеге беріледі. Бұл құбылысты жылуөткізгіштік деп атайды. Жылуды өткізу қабілетіне байланысты денелер мен заттарды жылуқткізгіштер мен жылуоқшаулағыштар деп екі топқа бөлінеді.

Ауасыз бос кеңістікті вакуум деп атайды. Вакуум – жылуды ең нашар өткізетін орта.



Карточкалар,

монеталар.












Сабақтың ортасы

5мин



3мин




Сергіту сәті

2мин


Топтық жұмыс

7мин



Оқылым

Оқушылар мәтінді оқып шығады


Дәптермен жұмыс

Жылуөткізгіштік: темір.

Жылуоқшаулағыш: вакуум





А тобы:

Ойлан тапсырмасын «Венн диаграммасы» бойынша топтастырады.


Дескриптор:

  1. Жылы аймақта өмір сүретін адамның неліктен қалың киім кигенін анықтайды.

  2. Суық аймақта өмір сүретін адамның неліктен қалың киім кигенін анықтайды.


В тобы:

«Фишбоун» әдісі бойынша қатты денелерді талқылайды.


Дескриптор:

  1. Проблемасын анықтайды.

  2. Себептерін анықтайды.

  3. Дәлел келтіреді.

  4. Қорытындылай алады.


С тобы:

Зерттеу жұмысы

«Қатты денелер жылуды қалай өткізеді?».

Зерттеу сұрағы:

«Қай дененің жылуөткізгіштігі жоғары?»


Дескриптор:

  1. Қатты денелер жылуды қалай өткізетін анықтайды.

  2. Қай дененің жылуөткізгіштігі жоғары екенін анықтайды.


ҚБ: Басбармақ

Бағалау: Тәттілер












































Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

«Бес саусақ» әдісі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді және мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. «Бас бармақ» Бүгінгі сабақта не құнды мәселе болды?

  2. «Балан үйрек» Қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

  3. «Ортан терек» Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым.

  4. «Шылдыр шүмек» Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  5. «Кішкене бөбек» Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
4733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі