Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Жеке кейіпкер жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі

Компьютерлер мен бағдарламалар ІІ бөлім шығармашылық және компьютер

Педагогтің аты-жөні

Г.Бейсеева

Күні

23.10.2024 ж

Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жеке кейіпкер жасау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

        1. 2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты

  • Программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасайды.

  • Суреттің фрагментін көшіріп көрсетіп, суретті қайта өңдейді.

  • Scratch-тің графикалық редакторында кейіпкер жасауды үйренеді.

Құндылықтарға баулу

"Тәуелсіздік және Отаншылдық" ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Егер .., онда не болар еді?» əдісі.

Оқушылардың бірі өз қиялындағы бір жағдайды айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыруы керек.

Мысалы:

«Егер əрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»

«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»

«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айырылып қалса, онда...»

Бұл тəсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады əрі оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады.

Топтастыру

«Жыл мезгілдері» əдісі

Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілі бойынша топқа бөлінеді. Содан соң əр топ өз жыл мезгілін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

1-суретке назар аудар.

Бала қайда асығып барады?

  • Мектептен шыққандағы іс- əрекетіңді сипаттап бер.

«Мектептен үйге қайту» жобасының фоны мен кейіпкерін қалай дайындауға болады?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Жұлдызша» əдісі бойынша бағалайды.

Оқушыларға тапсырманы орындауына қарай жұлдызша таратып отырады.


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) (МК. Т)

Оқулықпен жұмыс.

«INSERT» əдісі.

Берілген мəтінді

«Түртіп алу» əдісін пайдаланып, танысып шығу.

INSERT

оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды əдіс. Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну, əрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі əрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады.

Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • «INSERT» əдісі бойынша мəтінмен жұмыс жасайды.

  • Оқулықта берілген практикалық

жұмысты орындайды.

Топ мүшелері бірін- бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Жұлдызша» əдісі бойынша бағалайды.


Мақсаты: оқылған мəліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным-түсінігін қалыптастырады.

Тиімділігі: жаңа материалмен танысаотырып,

түртіп алу жүйесімен мəлімет жинайды, саралайды, бағалайды.

Интерактивті тақта


(Ж).

1- тапсырма.

  1. «Мектептен үйге қайту» жобасындағы баланың іс- əрекетін алгоритмнің сөз түрімен ұсыныңдар. Алгоритмнің қай түріне жатқызуға болады?

  2. Күнделікті өздеріңе таныс бір іс-əрекетті Scratch- те орындау алгоритмін жоспарлаңдар.

  • «Мектептен үйге қайту» жобасындағы баланың іс- əрекетін алгоритмнің сөз түрімен ұсынады.

  • Бұны алгоритмнің қай түріне жатқызуға болатындығын анықтайды.

  • Күнделікті өздеріне таныс бір іс-əрекетті Scratch-те орындау алгоритмін жоспарлайды.

Жұптағы оқушылар бір-бірін сабаққа қатысу белсенділігіне қарай

«Жұлдызша» əдісі бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта


(Ө) 2-тапсырма. Графикалық редакторда кейіпкерді салудың қандай қиын тұстарын атай аласың?

  • Тапсырманы оқып, танысады.

  • Графикалық редакторда кейіпкерді салудың қандай қиын тұстары бар екенін атайды.

Оқушылар өзін-өзі тапсырма орындағанына қарай

«Жұлдызша» əдісі бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)

Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

(Ұ) «Иық тірескен шеңбер» əдісі.

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» əдісі арқылы бағалайды.

Мұғалімнің соңғы қорытынды бағалауы, оқушылардың сабақтың басынан соңына дейінгі жинаған жұлдызшаларын санаумен аяқталады.

Егер оқушы:

5 жұлдызша жинаса: Жарайсың! 4 жұлдызша жинаса: Жақсы!

3 жұлдызша жинаса: Талпын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.00.2024
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12