Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Жобаның түсаукесері. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру жолдарын білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №34

Мектеп:

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

§34 Жобаның тұсаукесері

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

5.1.3.1. ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру жолдарын білу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгеріс енгізе алу.

Кейбір оқушылар:

Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыра алу, өзгертулер енгізіп, арнайы бумаға жүктеу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері


Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыруды біледі, файлдар мен бумаларды өзгертуді түсініп, қолдана алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Ортақ қолжетімді файлдарды орналастырады, өзгертеді, жүктеуді сипаттап бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Информатика, компьютер, интернет, жоба

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Жоба деген не?

Жоба жасауға арналған қандай бағдарламаларды білесіңдер?

Жобаны ортақ файлда қалай сақтаймыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Компьютер – компьютер- computer, informatik- информатика – информатика, ғаламтор - интернет- internet, тұсаукесер- презентация- prezentation

Құндылықтарға баулу

Денсаулық, достық және айналадағыларға

қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, орыс тілдеріндегі термин сөздер, жобаға қажетті сурет, аудио және видео файлдарды пайдалану.

Алдыңғы тақырып

MS Word мәтіндік редакторында мәтінмен, графикамен, сызбалармен жұмыс жасай алады. PowerPoin бағдарламасын пайдаланып слайд құра алады.. Жергілікті желі арқылы ортақ компьютермен ақпарат алмаса алады.

Жоспар


Жоспарлаған

уақыт


Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар

Басталуы

2мин




Миға шабуыл

8 минут


  1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.

  1. Шаттық шеңберін құру

«Дорбадағы асықтар» әдісі арқылы дорбадағы түрлі-түсті асықтарды алып,

2 топқа бөлініп отырады.

«Қызыл асық» және «Жасыл асық» топтары.

Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушылар сағат тілі бойынша бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  1. «Миға шабуыл»

Жоба құра аламыз ба, ол үшін қандай бағдарламада жұмыс жасаймыз?






Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері




Ортасы

25 минут
















Оқушыларды жыл бойы оқығандарын, білгендерін талқылай отырып, жоба тұсаукесерінің мақсатымен таныстыру.

Екі топқа тапсырма беріледі.

«Қызыл асық» тобына тапсырма:








1 жоба

«Менің сүйікті мектебім» тақырыбы бойынша кітапша жасау.

Талаптары:

  1. Word мәтіндік редакторын пайдалану;

  2. Кітапшаға мектебінің бірнеше суреттерін қою;

  3. Кітапшаның мұқабасын әсемдеп жасау;

  4. Кітапшаның мазмұныны жасау.


Құрған жобаларын «Жасыл асық» тобының компьютеріне орналастыру.


«Жасыл асық» тобына тапсырма:







2 жоба

« Менің сүйікті қалам» тақырыбына тұсаукесер (слайдтар) дайындау.

Талаптары:

  1. PowerPoint программасын пайдалану;

  2. Сүйікті қалаларыңның суреттерін интернеттен жүктеу;

  3. Суреттерін қою;

  4. Интернеттен аудио, видеофайлдарды жүктеу;

  5. Тұсаукесерді безендіру, сақтау.

Құрған жобаларын «Қызыл асық» тобының компьютеріне орналастыру.

Екі топ өздеріне орнатылған жобаны жүктеп алып, атауын өзгертеді.

Критерийлер арқылы бірін-бірі бағалау.

- бүгінгі сабақ бойынша өз бетіңше қандай жоба құра аласың?

-қандай іс-әрекеттер жобада пайдалануда түсініксіз?



Оқулық,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта


Аяқталуы


10 минут

«Конверттегі сұрақ»: (кеспе қағаздар тарату арқылы жұптық жұмыс сұрақтарын тарату)

1.Ортақ қолжетімді файл деген не?

2.Файлға қандай өзгерістер енгізуге болад?

3.Файлды ортақ бумаға қандай жолдармен орналастыруға болады?

4. Жүктелген жобаны қалай сақтаймыз?

5. Жобаның атын өзгерте аламыз ба?


Жиынтық бағалау парағы,

конверт

Үлестірме қағаздар, стикер

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ортақ қолжетімді файлдармен бумада әр түрлі амалдар орындайды, жоба құра алады.

  1. Word мәтіндік редакторын пайдалана алады;

  2. Кітапшаға мектебінің бірнеше суреттерін қоюды біледі;

  3. Кітапшаның мұқабасын әсемдеп жасай алады;

  4. Кітапшаның мазмұнын жасай алады;

  5. PowerPoint программасын пайдалана алады;

  6. Сүйікті қалаларыңның суреттерін интернеттен жүктеуді біледі;

  7. Интернеттен аудио, видеофайлдарды жүктеуді біледі;

  8. Тұсаукесерді безендіру және сақтай жолдарын біледі.

  9. Дайын жобаны ортақ қол жетімді бумаға жүктей алады;

  10. Жүктеген жобаның атын өзертуді біледі;

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс


Қажет жағдайда оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Қабілетті оқушыларға арнайы дайындалған күрделі тапсырмалар ұсыну.


«Сын тұрғысынан ойлау», «Миға шабуыл»

  • Сұрақтарға берген жауаптары бойынша;

  • Топтық жұмыста атқарған жұмыстары арқылы;

  • «Конверттегі сұрақ» арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау.

«Дене мүшесімен 5-ке дейінгі санды жазу» ойыны арқылы Сергіту сәтін қолдану.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12