Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ «Жүздік–Жаңа санау бірлігі. Ынтамен оқимын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




«Бекітемін»: _________

колледждің әдіскері:

Ахметова А.К.

«Келісемін»: _________

Сынып жетекшісі:

Атымтаева Т.Г.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Жүздік–Жаңа санау бірлігі. Ынтамен оқимын»



Өтетін орны: Аягөз аудандық « №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Сынып: 2

Мерзімі:03.11.2020ж.

Тобы: 310

Машықкер:Жапелбаева Жазира Қаирғазықызы

Баға: «__»___________





Семей, 2020 жыл

Тақырыбы:

Жүздік–Жаңа санау бірлігі. Ынтамен оқимын.



Күні: 03.11.2020

Машықкердің аты-жөні: Жапелбаева Ж.Қ



2 сынып

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:



Оқу мақсаттары

2.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру.

2.1.2.3. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

2.1.2.5. Жүздіктерді ауызша қосу жəне азайтуды орындау.



Сабақтың мақсаттары











Барлық оқушылар:

санаудың ірі бірлігін – жүздікті құрастырады, 1000-ға дейін жүздіктермен санайды, үш таңбалы толық сандарды жазады.



Көпшілік оқушылар:



əртүрлі санау бірліктерінде жазылған үш таңбалы толық сандарды салыстырады, оларды алдын ала бірдей санау бірліктеріне ауыстырып, өсу жəне кему ретімен жазады.



Кейбір оқушылар:

əртүрлі санау бірліктерінде жазылған үш таңбалы толық сандарды салыстырады, оларды алдын ала бірдей санау бірліктеріне ауыстырмай, өсу жəне кему ретімен жазады.



Бағалау критерийі


-жүздіктермен санауды, жаңа санау бірлігінің жасалуын түсіндіреді

- жүздіктерді салыстыруда таңбаларды қолдана алады.



Тілдік мақсаттар




Пəндік лексика жəне терминология.

100-ге дейінгі сандардың атауы, толық ондықтар, бірліктер, жүздіктер, санау бірліктері, артық, кем, үш таңбалы сан, үшінші разрядты бірлік.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар.

Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады.

Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.



Жазу.

100-ден 1000-ға дейінгі сандар, толық жүздіктер, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.



Тірек,білім,білік дағдылар

100-ге дейін санау, разрядты қосылғыштар, толық ондықтар, бірліктер, екі таңбалы сан, екі таңбалы санның үлгісі.






Құндылықтарды дарыту

Бірлескен жұмыста оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттыру.



Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,қазақ тілі







АКТ қолдану дағдылары

100-ге дейінгі сандар туралы бейнеролик(https://youtu.be/d_667g05rCs)



Алдыңғы оқу

100-ге дейін санау



Саралау

Қолдау тұрғысынан жасалады: бір тапсырма беріледі, бірақ оны орындауда әртүрлі қолдау жасалады.



Бағалау

Оқушылардың жұмысын бақылау,оларға сұрақтар қою, әңгімелесу,кері байланыс беру. Оқушылар бір-бірін бағалайды.



Жоспар



Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

3 мин

  1. Психологиялық ахуал

  2. Топқа бөлу

III. Үй тапсырмасы №5. 9 бет

-Үйренгендеріңіздің дәлелі не болмақ?

-Бағалау критерийлерімен келісесіңдер ме?

Топтарға берілген өрнектің мәнін табуды ұсыну. Өрнектің мәні нешеге тең екенін айту. Әр топ өрнектің мәнін айтады:

  1. Топ 90+10

  2. 80+20

  3. 60+40

Топтарға сұрақ:

- Бұл қай сан?

- Ол неше саннан құралған?

Қалыптастырушы баға:

- Барлығы дұрыс жауап берді- жасыл түс

- 1,2 қате болса- сары түс

-Оданда көп қате болса- қызыл түс тандайды

Кері байланыс:

- Біз оқу мақсатымызға толық жеттік пе?

- Қандай қиындықтар болды?

- Неден қиналдыңдар?

Оқулықтағы №1 тапсырманы практикалық жұмыс ретінде көрсетеді. Мұғалім оқушыларға жүзге дейін бірліктермен (оқушылар кезек бойынша бірін-бірі ауыстырып жəне санауды жалғастырып қарындаштарды санайды), ондықтармен (оқушылар қарындаштары бар қораптарды санайды) санауды ұсыну. Əрбір топқа өздерінің санау материалдары (ермексаз немесе таяқшалар, конструктор, 10 магнит қыстырғышпен, 10 ыдыс жəне шарлар жəне т.б.) беріледі. Оқушылар санау материалдарынан ондықтарды жинақтайды. Оқушылар жүздікте 100 бірлік, 10 ондық бар деген қорытындыға келеді. Одан кейін жүздіктермен санауды ұсыну.

Оқушыларға қандай жағдайда ондықтармен санау қажеттілігі туындайтынын түсіндіру. Мұғалім оқушылардан жаңа разрядтың қалай аталатынын, кімнің білетінін сұрайды (жүз, жүздік,...)

Оқушылар 100 санын қалай жазу керектігін анықтауы тиіс.Сандағы цифрлардың əрқайсысы разрядты белгілейтінін еске түсіріп, оқушылар 100 – үш таңбалы сан болып табылады деген қорытындыға келеді.

Мұғалім оқушылардан жүздік туралы білгенінің барлығын айтуды сұрайды. (Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондық немесе 100 бірліктен тұрады.)

1 жүздік=10 ондық=100 бірлік

Топтардың жауаптары тыңдалады.

Дескриптор:

  1. Жүзге дейінгі сандарды ондықтармен санай алады.

  2. 100 санын қалай жазылатынын біледі.

  3. Ірі санау бірлігі екенін түсінеді

Қалыптастырушы баға:

- Барлығы дұрыс жауап берді- жасыл түс

- 1,2 қате болса- сары түс

-Оданда көп қате болса- қызыл түс тандайды

2 – тапсырма Жүздіктерді өсу ретімен ата. Қандай жүздік жетіспейді?

Критерий:

жүздіктерді өсу ретімен атай алады

жүздіктерді кему ретімен атай алады

100-ден бастап 1000-ға дейін жүздіктерді жаза жəне санай алады.

Дескриптор:

-Жетіспей тұрған сандарды анықтайды.

-Өсу ретімен санайды.

-Не қиын болды?

- Мақсатымызға толық жеттік пе?

Кері байланыс:

Жүздіктерді санауда нені білдіңдер?

Қиындықтар кездесті ме?











10 мин



Сергіту сәті

2 мин

«Көңілді би» қимылын қайталайды


https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU





Сабақтың ортасы

Саралау тапсырмасы

20 мин

Оқушынын білім сапасына байланысты тапсырма беру.

А)есеп шығару

Кітапханада бір күнде жануарлар туралы17 кітапқа, ал одан 9-ы артық ертегілер кітабына тапсырыс берілді. Неше ертегілер кітабына тапсырыс берілді?

В) сандарды салыстыр:

9ондық*7жүздік

6жүздік*8ондық

10ондық*10

С) жүздіктерді өсу ретімен ата.

-қандай жүздіктер жетіспейді?

Дескриптор: А Есепті шығарған

  1. Қысқаша жазуын жазады.

  2. Шешуі мен жауабын жазады.

  3. Есепті шығарады.

В есепті шығарған

  1. Сандарды салыстырады

  2. Жүздікті анықтайды.

С есепті шығарған.

  1. Жүздікті өсу ретімен атайды.

  2. Қандай жүздіктер жетіспейтінін анықтайды.

Қалыптастырушы баға:

- Барлығы дұрыс жауап берді- жасыл түс

- 1,2 қате болса- сары түс

-Оданда көп қате болса- қызыл түс тандайды

Кері байланыс:

- Тапсырма орындауда неден қиын болды?

- Қалай орындадық?

<, >,= таңбалары


Бас бармақ арқылы бағалайды



Сабақтың аяқталуы

3 минут


Кері байланыс

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Табысты жерлеріміз қандай болды?

-Сабақ ұнады ма?

-Көңіл-күйлерің қалай?






Бағдаршам арқылы бағалайды




Қосымша ақпарат






Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Оқушылар топқа бөлген кезде әр қайсысына бөліп беру ватсапарқылы олар өздерінің орындаған тапсырмалары арқылы топтарын қорғап шығады.



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2021
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12