Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ. Кейіпкердің қозғалысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді:
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақмерзімді жоспар тарауы: |
1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?) |
Педагогтің аты-жөні: |
Г.Бейсеева |
Күні: |
03.10.2024 ж |
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Кейіпкердің қозғалысы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
3. 4. 2. 4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру; 3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру. |
Сабақтың мақсаты: |
Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тимділігін біледі. Кейіпкер қозғалысын іске қосатын командалар туралы түсіндіре алады. Scratch ортасында кейіпкерлердің қозғалысын ұйымдастыруды үйренеді. |
Құндылықтарға баулу |
"Тәуелсіздік және Отаншылдық" құндылықтары ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. |
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/. |
|||
4. Топтастыру: |
Топтастыру. «Социометрия» әдісі Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады. Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде түстеріне қарай 2 топқа бірігеді. І топ: Ақ түс ІІ топ: Қызыл түс Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. |
|||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. |
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
|
Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. |
Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабаққа дайындық. |
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. |
|||
Сабақтың ортасы (31 мин) |
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар:
мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну. |
|||
|
Топтық жұмыс «ПОПС формуласы» әдісі Оқушылар оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдайды. Қорытындысын төмендегі сөйлем тіркестері арқылы баяндап, топ арасында бір-біріне жеткізеді. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» |
1-тапсырма «Ормандағы кездесу» ертегісі жобасының 3, 4-інші және 5-суреттегі скриптеріне талдау жасаңдар. Жобада қолданылған командаларды блоктарға жіктеңдер. Командалардың жобадағы қызметін жазыңдар. Дескриптор
|
Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. |
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері |
|
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма Координата жазықтығында лақтың қозғалыс бағыты берілген (6-сурет). Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазыңдар. |
Дескриптор
|
Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды. |
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері |
|
Жеке жұмыс 3- тапсырма 7-інші және 8-суреттерде берілген жоба скриптері орындалғанда, кейіпкер қозғалысын бағала. Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай сызба пайда болады? |
Дескриптор
|
Қалыптастырушы бағалау Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай өздерін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды. |
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері |
|
Топтық жұмыс. «Қар үйіндісі» әдісі Біріншіден, оқушылардың әрқайсысы жеке жауап беруі керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі. |
4- тапсырма
Дескриптор
|
Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды. |
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы 7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия. |
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия «Үш пікір» әдісі Ортаға өтілген тақырып параққа жазып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды. |
Қалыптастыруыш бағалау: мұғалім ожқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. |