Кіріспе
кезеңі
5 мин
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
20 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу:
«Күлімде ,күн,
күлімде!
Күлсін барлық бала
шат!
Берекелі
бүгіндей
Бейбіт болсын
болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен
сабағымызды бастайық .
ІІ. « Жоғарыда-төменде»
жаттығуы.
Керекті
материалдар: Көгілдір аспан, жасыл алқап,
өзен бейнеленген декоративтік таблица.
Таблицаның әр жеріне ілмек
тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, самолеттің, құстың,
инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың картоннан немесе фанерадан
ойылып алынған фигуралары қойылады.
Жаттығудың
мазмұны.
Бала қораптан қолын салып,
фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнын
анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы: бала самолетті
таблицаның жоғарғы жағына - аспанға, ал балықты - төменгі жағына
судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: самолет жоғарыда аспанда ұшады,
балық төменде - су ішінде жүзеді" дейді.
Бұл жаттығу "жоғарыда -
төменде", "биік - аласа" ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар
нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуді үйренеді.
Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды
дамытады.
Тыныс алу
жаттығуы:
«Зырылдауық» жаттығуы.
Зырылдауықты жоғары көтеріп үрлеу. Зырылдауықты ұстап оңға қарай
жүгіру, солға қарай жүгіру.
Артикуляциялық
жаттығу:
“ Сағат”
жаттығуы «Футбол»
жаттығуы
«Әткеншек» жаттығуы «Тәтті
тосап» жаттығуы
Нейрогимнастика:
І
ІІ. Белсенді еліктеп сөйлеу
әрекетін дамыту (қоршаған ортадағы дыбыстарға
еліктеу);
Саусақ
жаттығуы: «Кіші шармен
жаттығу».
Мынау менің оң
қолым,
Мынау менің сол
қолым.
Кіші шарды
аламын,
Жаттығу
жасаймын.
Оң қолым мықты
болсын!
Сол қолым мықты
болсын!
(Екі шарды алақанға салып,
уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп, жаттығу
жасау).
Дидактикалық
ойын:
1.«Маймылдар»
Мақсаты:
балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру;
ойлау қабілеттерін дамыту
Шарты: Балалардың алдында үлкен аренаның суреті
тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру, маймылдар саусаққа
киілетін.
Маймылдар, тірі
ме?
Қәне, біз оларды тірілтейік: сұқ саусаққа,
маймылдарды кигізіп, саусақтарың кимылын
жасайды.
Біз аң үйретуші боламыз, команда
береміз
-маймыл орындыққа
отыр,
-маймыл үстел астына
отыр,
-үстелдің үстінде
секір
-маймыл, менің иғыма
отыр
-шкафтың артыңа
тығыл
-қолыма
отыр
2. «Бөлме ішіне
саяхат»
Шарты:Кеше кешкісін мұнда Карлсон ұшып келіп
ойыншықтар тығып кетіпті.Қазір соларды табайық.Сен оң жаққа
бұрылып,артқа жүр,сол жерде қандай ойыншық бар екен? Сосын алға
қарай төрт қадам,солға қарай екі қадам,енді алға жүр.Сол жердегі
шкафтың ішінде бір ойыншық бар,соны тап.Ол қандай ойыншық
екен?
ІV. Сергіту
сәті
Оңға,
оңға,
Түзу
тұр!
Солға,
солға,
Түзу
тұр!
Алға қарай бір
адым,
Артқа өарай бір
адым,
Жоғары-төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі,
сабаққа зейін қояды.
«Жоғарыда», «төменде»
ұғымдарымен танысады.
Оқушы педагог үлгісі бойынша қимыл
қозғалыстар жасайды
Оқушы мұқият тыңдап сәйкесінше
қимыл-қозғалыстар жасайды
Ойыншық дыбысына сәйкес суреттерді
көрсетеді.
Дыбыстарды
қайталайды
Оқушы саусақтарға жаттығу
жасайды.
Оқушы кеңістікті бағдарлай
отырып, саусақтарын қимылдайды.
Оқушы берілген нұсқаулар
бойынша жүріп, ойыршықтарды тауып
алады
|
|
Көгілдір аспан, жасыл алқап,
өзен бейнеленген декоративтік
таблица.
Әр түрлі
ойыншықтар
Зырылдауық
Артикуляциялық жаттығулардың
карточкалары
|