400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Кішкентай тігінші

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Кішкентай тігінші

52-сабақ

Дағды

Оқылым және айтылым

Оқыту мақсаттыры

4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

4.5.1.4 септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

А.4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру

О.4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

4.5.1.2 көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;

А. 4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Тілдік міндеттер

Тігу,Тігінші, Пішу, Қию, Өлшеу Жіп, ине, ілгек, сырма

Алдыңғы білім

Дизайнер

Сабақтың барысы

С.кезең.і


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Атомдар мен молекулалар» ойыны.

Әр оқушы - жеке атомдар. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Мұғалім қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Осылай бірнеше рет қайталанады. Соңында атомдарға бірігуіне қарай оқушылар топқа бөлініп отырады.

(МК, Ұ) Қызығушылықты ояту.

оқулықта берілген сурет сабақтың алғышарты ретінде қолданылады.

Мысалы, мұғалім оқушыларға:

- Суреттен кімді көріп тұрсың?

- Қыз не істеп жатыр?

- Саған тігінші болған ұнай ма?

Осы секілді сұрақтарын қою арқылы берілген сабақтың тақырыбын ашады. Күнделікті өмірмен байланыстыра айтуларын сұрау.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)

(Ұ) Сөздік жұмыс: Тігу, Тігінші, Пішу, Қию, Өлшеу, Жіп, ине, ілгек, сырма

1. Осы сөздердің мағыналарын ым-ишара арқылы түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

4. Сөйлемдер құрастыру.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

3 мин











Мұғ-Сынып

Суреттер


Негізгі бөлім

  • «Есте сақта» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып,мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

оқулық

«Жаттық» айдарымен ұсынылған тапсырмада жақшаны ашып ғалы-гелі-қалы-келі қосымшаларын жалғап жазады.

Мысалы, тігу-тіккелі, қию-қиғалы.

Үлгі: Мен орамал тіккелі жатырмын.


Ә) Оқушылар мұғалімнің көмегімен бір-біріне «Бүгін не істейсің?» сұрақ қою арқылы алдағы жоспарлы әрекетін баяндап үйренеді.

Үлгі: Мен қазір үйге қайтқалы жатырмын. Одан соң сабақ оқығалы жатырмын.

6-мин

Мұғалім-сынып

Кесте

оқулық



«Оқы және жауап бер» айдарымен ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бөліктерінің ретін анықтайды. Берілген суреттердің ішінен мәтінге қатысты суретті тауып, сол сурет бойынша әңгімелейді.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

7 мин

Мұғалім - сынып


Оқулық


Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында«Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері байланыс жасайды.

Толық ай – сабақты толық түсіндім;

Жарты ай – мен жартылай түсіндім;

Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.

3 мин


Сынып-мұғалім

Айлар суреті

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

  • Жаңа сөздерді меңгереді.

  • Септік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша қолданады.

  • Мәтінді толық мазмұндайды

  • Сөйлеу және жазу барысында етістіктің шақтарын қолданады

Пәнаралық байланыстар

көркемеңбек

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
1623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі