Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ. Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.2 түрлі форматтағы мұрағаттарды жасау және ашу 7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

2-бөлім. «Желі және қауіпсіздік»

Педагогтің аты-жөні:

Г.Бейсеева

Күні:

30.09.2024 ж

Сыныбы: 7а,ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.2 түрлі форматтағы мұрағаттарды жасау және ашу
7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу

Сабақтың мақсаты

  • Компьютерде желі түрлерін біледі.

  • Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастырады.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбекқорлыққа  және кәсіби біліктілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

4. Топтастыру. Оқушыларға «Мозайка» әдісі арқылы қағаз қималары беріледі. Сол қағаздарды құрастырып, екі топқа бірігеді.

І топ: «Жергілікті желі», ІІ топ: «Корпоративтік желі»

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және критерийлерімен таныстыру.

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұраққа жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Компьютерлердің өзара ақпарат алмасуының пайдаланушыға тиімділігін қалай түсіндірер едің?


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша қалыптастырушы бағалаумен бағаланады.

Презентация

Оқулық, дәптер

Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

Жаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін «ДЖИГСО» әдісін

қолдану.


Білу кезеңі:

  • Желі ұғымы саған таныс па?

  • Желінің қандай түрлерін білесің?

  • Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?

  • Компьютер желілерінің бір­бірінен ерекшелігі неде?

  • «Желі топологиясы» дегеніміз не?

  • Бүгінгі сабақта желі топологиясының қандай түрлерімен таныстың?

Түсіну кезеңі:

  • Басқа бөлмеде немесе басқа ғимараттарда орналасқан компьютермен қалай байланыс орнатуға болады?

  • Локальдық желінің қызметін өз сөзіңмен сипаттап бер.

  • Корпоративтік желілер қандай жағдайлар үшін қолданылатынын түсіндіріңдер.

  • Сымсыз желімен кабельдік арналардың жұмыс принципі дегеніміз не?

Дескриптор:

  • Оқулықтағы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.


Сабақтың ортасы

21 мин.






(Ж) Қолдану

Компьютер бөлмесінде орналасқан компьютерлердегі жергілікті желінің топологиясын анықтаңдар. Оның схемасын дәптерге түсіріңдер.

Дескриптор:

  • Жергілікті желінің топологиясын анықтайды.

  • Схемасын дәптерге сызып көрсетеді.


«Домбыра» әдісі

арқылы бірін-бірі бағалау

3 балл


«Домбыра» әдісі

арқылы бірін-бірі бағалау

4 балл


3 балл

Жұмыс дәптері



Жұптық жұмыс

(Т) Жинақтау «Постер қорғау» әдісі.

Өздерің оқитын мектеп үшін корпоративтік желінің жобасын жасаңдар. Мектептегі корпоративтік желінің негізгі элементтері орналасатын орындарды анықтап, сұлбасын жасаңдар.

Дескриптор:

  • Корпоративтік желінің жобасын жасайды.

  • Корпоративтік желінің негізгі элементтері орналасатын орындарды анықтап, сұлбасын жасайды.


А4, А3 қағаздары

Маркерлер



Жеке жұмыс

(Д) Бағалау

«Ойқозғау» әдісі

Төмендегі мәселе бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.

«Компьютерлік техниканың дамуында желілік технологияның маңызын бағалаңдар».


Сабақтың соңы


7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

Диалогті ұйымдастыру немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.


Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Маған ... қызықты болды.

  • Маған түсінуге ... қиын болды.

  • Мен ... түсіндім.

  • Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы ... түсінуге мүмкіндік берді.

  • Мен ... тақырыбында қосымша ізденуді қаладым.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы

Интернет беттерінен желінің негізгі құрылғылары жайлы ақпараттық ізденіс жасаймыз. Жергілікті желілерді ұйымдастыру үшін керекті құрал-жабдықтар тізімін жасап, дәптерге түсіреміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.00.2024
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12