400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

ҚМЖ. "Квадрат түбір және иррационал өрнек" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырлы күн құрметті әріптестер! Мен Сағатбекова Жанар Қалиқанқызы ҰМЖ бойынша 8 сынып 1тоқсан 1-ші бөлімнің «Квадрат түбір» тақырыбындағы ҚМЖ-ды ұсынамын.Осындағы қол жеткізетін оқу мақсатым: 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану. Осы оқу мақсатым мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып,сабақ мақсаттарын құрастырдым. Мақсатқа жету мақсатында «Кім жылдам?», «Сұрақтар шеңбері», «Бірге ойлаймыз» белсенді оқу әдістерін таңдадым.Осы әдістер оқушылардың оқу мақсатына жетулеріне мүмкүндік туғызады деп ойлаймын. Сабақтың өн бойында критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалауын алдым. Дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым. Қалыптастырушы бағалау оқудағы қажеттіліктерді анықтап, оқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушының алға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау болғандықтан, жоспарлаған сабағым әріптестеріме көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сагатбекова Ж К

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбір

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады

Оқушылардың басым бөлігі: арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып өрнектің мәнін тиімді тәсілмен есептейді

Кейбір оқушылар: есептеулер мен квадрат түбірлері бар кейбір өрнектерді арифметикалық квадрат түбірдің қасиетін тиімді қолданып түрлендіреді

Бағалау критерийі

Өрнек мәнін табу үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

Өрнекті түрлендіру үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін айтады.

Есептердің шығару жолын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір,квадрат түбірдің қасиеттері ,санның модулі,натурал көрсеткішті дәреже ұғымы

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

Көбейтіндіден арифметикалық квадрат түбір табу үшін ...

Бөліндіден арифметикалық квадрат түбірді табу үшін ...

Кезкелгенхүшін ...


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана » 1- құндылығы негізінде оқушыларды Отанын құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

Санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин.)

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Сабаққа дайындығын қадағалау

  • Жағымды атмосфера ұйымдастыру (Шаттық шеңбер)

ІІ. Топқа бөлу.«Өрнектер конверті» әдісі

1-топ:Дәреже

2-топ:Арифметикалық түбір

3-топ:Санның модулі

4-топ:Арифметикалық түбірдің қасиеттері

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылаймын.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Сұрақтар шеңбері» әдісі

Дәреже тобының сұрақтары:

-Санның натурал көрсеткішті дәрежесі деп нені айтады?

-Дәреженің көрсеткіші 1-ге тең санды қалай жазады?

-Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?

Санның модулі тобының сұрақтары:

-Санның модулі теріс сан болуы мүмкін бе?

-Теріс санның модулін табуға бола ма?

-Егер а теріс сан болса, онда а санының модулі неге тең?

Арифметикалық түбір тобының сұрақтары:

-квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің қандай айырмашылығы бар??

-қандай екі шарт орындалғанда в теңдігі орындалады?

-х-тің қандай мәнінде -тің мағынасы болады?

Арифметикалық түбірдің қасиеттері тобының сұрақтары:

-көбейтіндіден арифметикалық квадрат квадрат түбір табу үшін...

- Бөліндіден арифметикалық квадрат түбірді табу үшін ...

-Кезкелгенхүшін ..







Тапсырмалар жазылған конверттер








Әдістемелік нұсқаулық.

Алматы, «Мектеп»2018

(4 бет)

А.Е.Әбілқасымова Т.П.Кучер,

В.Е.Корчевский

Сабақтың ортасы

(20 мин.)

ІV.Шығармашылық тапсырма «Кім жылдам» әдісі.

Әрбір топтан бірінші орындаған оқушы тақтаға жазып, түсіндіреді.

Тапсырма.Өрнектің мәнін табыңыз:

1. ; мұндағы а – Астананың туған күні

2. +2в; мұндағы b-Тәуелсіздік күні

3. +а; мұндағы а-Тұңғыш Президент күні

4. –в; мұндағы в-Қазақстанның Конституция күні


Оқушылар арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайымдайды.

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері:

1-теорема:

2- теорема:

3- теорема:

ҚБ: Берілген жауаптары бойынша оқушыларды топтары бағалайды.

Сергіту сәті. «Ақылды үкі»


І. Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз» әдісі

І топ:

1. Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:

ІІ топ:

1.Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:

ІІІ топ:

1. Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:



ІV топ:

1.Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:

Дайын жауап бойынша әрбір екі топ бірін-бірі бағалайды.

ҚБ:«Бір сөзбен түйіндеу» әдісі




Алгебра,

8 сынып,Алматы «Мектеп» 2018

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер

,В.Е.Корчевский

№3.1, №3.12

(29,31бет)















Постер






Есептер жинағы

8 сынып,Алматы «Мектеп» 2018

В.Е.Корчевский

З.Ә.Жұмағұлова

№36. (8бет)

№41.№42(9бет)

Сабақтың соңы

(10 мин.)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Есептеңіз:

1.а) ; б) ; в)

Дескриптор:

1. көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

2. бөліндінің квадрат түбірі қасиеттерін қоланады;

3. дәреженің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

4. өрнектің мәнін есептейді.

2.

Дескриптор:

1.квадрат түбір астындағы өрнекті көбейткіштерге жіктейді.

2. көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

3. өрнектің мәнін есептейді.

ҚБ: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия:«ББУ» белсенді әдісі


«ББУ» белсенді әдісі

білемін

білгім келеді

үйрендім






Үйге тапсырма:№3.3;3.4 (жұптары)





ҚБ жинағы,2018













Алгебра,

8 сынып,Алматы «Мектеп» 2018

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер

В.Е.Корчевский.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тәсілдері: тапсырма бойынша оқушылардың қажеттілігіне қарай түрлі тапсырмалар жасадым.Диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша қолдауға мұқтаж оқушыны анықтап ,диалогты қолданып,қолдау көрсетемін. Оқушыны мақсатқа жеткізу барысында диалог және жеке тапсырмалар тәсілін қолданамын. Қорытынды тәсілін қолдана отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беремін, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін деп ойлаймын.


Дайын жауаптар бойынша оқушыларды топтары бағалайды,өз-өздерін бағалайды.

«Сұрақтар шеңбері» әдісі

«Кім жылдам» әдісі.

«Бірге ойлаймыз» әдісі


Дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым

Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін.

Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1;



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



































«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.

Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады

«Сұрақтар шеңбері» әдісі

Бұл әдіс бойынша әр топ оқушыларышеңберлер құрады.Бір-бірінетізбектей топ аттарына байланысты кезекпен сұрақ қояды,жауап береді,сұрақ қояды жауап береді.Әр топқа бір-екі минуттан уақыт беріледі. Әр топ оқушылары бірін-бірі толықтыра отырып бір- екі минут үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасы пысықталады.Топтар бірін-бірі бағалайды.





«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 




Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз»

І топ:

1. Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:

ІІ топ:

1.Есептеңдер:

2. Өрнектің мәнін табыңдар:

3. Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар:







«Өрнектер конверті» әдісі

Оқушылар алдын-ала дайындалған конверттен әр түрлі өрнектер жазылған карточкалар алады.Сол өрнектердің терминді атаулары бойынша 4 топқа бөлінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
50 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
6073
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі