400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ МАД Бояулар сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек ретінде .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті № 1


Бекітемін: ______ Хидуллина Г.И.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«4» қыркүйек 2020 жыл.

Сыныбы: МАД

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Пәні: Бояулар сыры

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Түстер әлемі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен

таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояутақтаны

дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға

құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын

түсіндіру.

Қажетті құралдар мен материалдар:

бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, жұмыс дәптері,

жай және түрлі түсті қарындаштар, акварель бояу, қылқаламдар,

су құйылған ыдыс, қолорамал

Оқу іс-әрекетінің барысы: І. Ұйымдастыру.

Балаларға ерте кездегі адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айтып өту. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе ретінде сазбалшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, оларды бояу орнына қолданады.

Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі-түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі түс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.

Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсету, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіру.

ІІ. Жұмыс барысы:

  • Балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін

анықтау үшін өз беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар мұғаліммен бірлесе отырып, мынадай қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь түсті сызық түрінде түседі. Мұғалім балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді.

  • Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық

материалдарды түрлі бояулармен орындап жаттығады.

  • Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған

балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру керек.

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту.Аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасау. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті № 2


Бекітемін: ______ Хидуллина Г.И.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«11» қыркүйек 2020 жыл.

Сыныбы: МАД

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Пәні: Бояулар сыры

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің доптарым.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: гуашпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру;

дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйрету;

шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту;

байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл- қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар:

әртүрлі доптар, қағаз, жұмыс дәптері, жай қарындаш, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Оқу іс-әрекетінің барысы. І. Ұйымдастыру.

  1. Балаларға жұмыс орындарын қалай дайындау керектігін түсіндіру.

Балаларға доп туралы жұмбақ жасырып, жұмбақтың дұрыс шешімін талқалып, балаларға доп туралы өлең-тақпақтар айтқызу. Олардан қандай ойын білетіндіктерін сұрап, осы ойындардың қайсысына доп қолданылатынын сұралады.

«Түрлі доптар» дидактикалық ойынын ойнатылады.

Балалар қолындағы доптың түсін, көлемін айтып, келесі бала өзінің қолындағы допқа сипаттама береді. Осылайша доптардың көлемі, түсін айтып, олардың әртүрлі болатынын айқындайды.

ІІ. Негізгі бөлім.

Бүгінгі сабақта доптың суретін салатынын хабарлау. Содан соң балалар жұмыс дәптерлерін ашып, сурет салу кезеңдерінің орындалу ретімен танысады. Сурет салу ретін балаларға түсіндіре отырып көрсету.

Жұмыс барысы:

- Гуашьтың аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырып, бояуды қылқаламмен керегінше алады.

- Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргізеді.

- Контурдың ішін бояймыз.

- Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі түспен бояймыз.

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақ соңында олардың жұмысын балалармен бірге талқылау. Сабақтың қорытындысы шығарылады. Көрме ұйымдастырып, мадақтау.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті № 3


Бекітемін: ______ Хидуллина Г.И.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«18» қыркүйек 2020 жыл.

Сыныбы: МАД

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Пәні: Бояулар сыры

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Шөл даладағы түйе.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын

жетілдіру, «жылы түстер» туралы түсініктерін

қалыптастыру, композиция құрастыра білуге үйрету.

Қажетті құралдар мен материалдар:

шөл дала көрінісінің фотосы немесе салынған суреті, жылы түстер көрсетілген карточкалар, қағаз, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Оқу іс –әрекетінің барысы. І. Ұйымдастыру.

Балалардан кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретін естеріне түсірулерін сұрау, тағы қандай түстерді білетінін анықтау.

Түстердің жылы және суық болып бөлінетіні жайлы түсінік беріледі. Жылы түстер – оттың және күннің түсі, оған сары, қызыл сары, қызыл түс жатады.

ІІ. Негізгі бөлім

Балалардан жылы түстерді қайдан көруге болатындығын сұралады. Балалар кешкі алаудан, күннің батуынан, шөл даладан көретіндіктерін айтады. Шөл даланың суретін көрсетіп, ол жерден қандай жылы түстерді көріп тұрғандарын сұрау.

Ары қарай суретті салу ретімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру. Жұмыс дәптерінде берілген сурет салу кезеңдеріне балалардың назарын аударып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс барысы:

  • Жай қарындашпен шағыл құм мен күнді белгілеу.

  • Суретті аспаннан бастап, тек жылы түстерді қолдана отырып, ретімен бояу.

  • Шөл даланың көрінісін балалар өз қалауынша толықтыруларына да болады.

Сергіту сәті. Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.


ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту.

Жақсы салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырып, жұмыстарын бағалау, мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі