400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қмж "Мәдени жаhандану процесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

2-бөлім: Жаһандану мәселелері . Стилистика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

А.Акшапанова

Күні:

12.10.2023ж

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәдени жаһандану процесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут





Сабақтың ортасы

10 минут





















































































7 минут

















10 минут














8 минут









Сабақтың соңы

5 минут

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту»

Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.

Мәтіннің тақырыбы:

Мәтіннің қызметі:

Мәтіннің құрылымы:

Тілдік ерекшелігі:

1-мәтін

Жаһандану және ел тағдыры

Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Жаһандану тұсында бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын.

Ендеше, жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.

2-мәтін

Философия ғылымдарының докторы, профессор Айнұр ҚҰРМАНАЛИЕВА еліміздегі жаһандану үдерісін, діни ахуал мен ұлттық мәдениеттің жаңа замандық сын-сынақтарға бейімделу барысын зерттеп жүрген ғалым. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде ұлттық құндылықтар мен жаһандық құндылықтар арасындағы бірегейлік пен айырмашылық­тарды негізге ала отырып, қазақстандық мәдениеттің түп қайнары мен бүгінгі беталысы туралы өзіндік байламдар жасайды. Біздің сұхбат та осы тақырыптар айналасында өрбіді.

– Камилло Кавурдың «Біз Италия деген мемлекетті құрдық, енді италян ұлтын қалыптастыру керек», – деген пікірі бар. Айтыңызшы, қазақ ұлт ретінде қалыптасып болды ма?

 – Камилло Кавурдың Италия мемлекеті туының астына бірнеше князьдықтар мен герцогтықтарды, облыстарды біріктірудегі еңбегі зор. Мемлекет құрған соң, біріктірілген жерлердің азаматтарын итальян ұлты ретінде қалыптастыру міндетін қою азаматтық санамен байланысты екенін меңзеп тұрғаны. Қазақта «ел», «елдік сана» деген жақсы ұғым бар. Қазақ жерінде өмір сүріп, тағдырын осы қазақ елімен байланыстырып отырған өзге этностардың елдік санасы қандай деңгейде? Ол этностар өздерін ұлттық мүддемен сабақтастыра ала ма? Қазақтар ше? Осы жерде Қазақстандағы мәдениеттану саласының қалыптасуына ерекше үлес қосқан ғалым Садуақас Темірбековтың ойын келтірген орынды деп ойлаймын. Ғалымның ойынша, «толыққанды ұлт болу үшін әрбір халық этникалық бірлікті құрап қана қоймай, ұлт өз дамуына қала мәдениетінің, индустриалды мәдениеттің, тигізер ықпалын жүйелі түрде қабылдап нарықтық қатынастарды бастан кешіріп, пісіп-жетілуі керек. Сонда ғана оның нағыз ұлттық мемлекеті, ұлттық экономикасы, ұлттық мәдениеті қалыптасады. Толыққанды ұлт болу үшін оның тілі мемлекеттік тілге айналу керек, технологиялық менталитеті пайда болуы тиіс. Осы шарттар орындалғанда ғана бұл – «толыққанды ұлт» деген сөз. «Қазақ халқы бұл дәрежеге әлі жете қойған жоқ»,– деп түйіндейді. Сондықтан қазақ ұлт ретінде қалыптасу үшін әрбір азамат елдік мүдде жолында тынбай еңбек етуіміз керек.


2-тапсырма

Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған?


Тілдік бірліктер

Қолдану мақсаты

Жаһандану, «Тілдердің үштұғырлылығы», «Триединство языков», «Trinity of languages»





...жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз...




Тілімізді сақтай аламыз ба?




3-тапсырма

Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, жинақы мәтін жазыңыз.

1.Берілген мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз.

2.Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар?

3.Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз?

4.Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз.

5.Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады? (Термин сөздерді қолдана отырып, мәселені щешу жолдарын ұсыныңыз).

Қорытындылау

12-тапсырма (оқулықтан)

Ғаламтордан жаһандану тақырыбындағы мақалаларды қарап, ондағы айтылған жаһандану үдерісімен байланыстыақпаратқа зейін қойыңыз.Сол ақпараттың жаһанданудың қай түріне қатысты екенін анықтаңыз.

Рефлексия






Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болғансоң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен,

көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.











Мәтіндерді түсініп оқиды. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
































































Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылғанын түсіндіріп, кестені толтырады.










Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, жинақы мәтін жазады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі