жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ Математика
Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы №14 жалпы білім беретін орта мектеп
|
Пәні: Математика Сынып: 1 Күні: 16.06.2017ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқаны: Қатыспағаны: |
|
Сабақ тақырыбы: Бөлім: 4. Жиын. Логика элементтері. Бөлімше: 4.3. Тізбектер. |
10 саны. |
|
Ұзақ мерзімді оқу мақсаты: |
1.1.1.2 **бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 **бір таңбалы сандардың құрамын анықтау 1.1.1.1 **натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.4.3.1** 10-ға дейінгі сандар тізбегін құру. |
|
Сабақ мақсаттары: |
Оқушыларды «бір таңбалы» және «екі таңбалы» сандар ұғымымен таныстыру, 10 санының мағынасын он нысаны бар жиынның сандық сипаттамасы ретінде түсіндіру, 10 санының құрамымен таныстыру. 1. Натурал сандарды біледі,тура және кері ретпен санайды, сандық сәуледе 10 санының орнын таба алады. 2. Қандай сандардың екі таңбалы, қандай сандардың бір таңбалы болатынын түсінеді. 3. 10 санының кұрамын анықтайды. |
|
Бағалау критерийлері: |
|
|
Сөздік қоры: |
Оқушылардың «екі таңбалы сан» және «бір таңбалы сан» атауларын қолдануында мүмкіндік жасау. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды айтқызу, 10 саны жазылған парақшаны көрсеткенде, санның атын айтқызу. Цифр, сан, натурал сан, сандық сәуле |
|
Құндылықтарды дарыту: |
-10 саны туралы не айталасыз? -Қатарда қай саннан кейін тұрады? -10 саны неше цифрмен таңбаланады? -10 саны бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма?
-Суретте барлығы қанша сан бар? -Бір таңбалы сандар қанша? -Екі таңбалы сандар қанша? |
|
Пәнаралық байланыстар: |
Сауат ашу: тура жіне кері санайды, топтық және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог арқылы оқушылардың нақты, еркін сойлеу дағдылары қалыптасады. Жаратылыстану: топқа бөліну арқылы өсімдіктерді ажыратады; Көркем еңбек: жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында сыни ойланады, 10-санының қүрамын анықтайды. |
|
АКТ: |
w.w.w SMK.edu.kz, w.w.w yotube.com-ширату жаттығулары, суреттер. |
|
Алдыңғы білім: |
0-ден 10-ға дейін санай алады, тура, кері санайды, сандарды салыстырады, өсімдіктерді ажыратады, денсаулықтарын сақтау ережелерін біледі. |
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы: 3 минут Білу. 5 минут С.ж |
Мотивациялық кезең: Қол алысып, кәне, біз Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. -«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу, қарым-қатынас жасау (тілдік дағдылары) қалыптасады. -Ынталандыру сұрақтар: Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай өзгерістер болады? -Топқа бөлу: «Таңғажайып себет» әдісі. -Жемістерге не жатады? -Көкөністерге не жатады? -Жемістердің саны нешеу? -Көкөністердің саны нешеу? -Қай жиын артық? Жемістерді тура, кері санайды, сандарды салыстырады, топқа бөліну арқылы өсімдіктерді ажыратады. |
Шаттық шеңбер Себет,алма, алмұрт, қияр, қызанақ.
|
|
Сергіту сәті: Т.ж 2минут |
«Орныңды тап» әдісі 6,7,8,9сандарының құрамын анықтайды, ынтымақтастық орнатылады. Қ.б (ауызша) |
0-ден 10-ға сандар |
|
Сабақтың ортасы: С.ж 5 минут Түсіну. Т.ж 10 минут
2 минут Ж Сергіту сәті: 1 минут Қолдану. Ж 3минут Т.ж 1минут |
Операциялық іс-әрекет кезең: Ширату жаттығулары: 1.Үш алманы бақтағы, Кірпі барып жинады. Ең әдемі, тәттісің, Ақ тиінге сыйлады. Ыдыстағы алманың, Санап көрші қалғаның! 2.Алма бағы жайнаған, Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? 3.Балапанын көгалда, Санай алмай тауық жүр. Жетеуі жүр жүгіріп, Үшеуі жем тауып жүр. Қанша барлық балапан, Санап берші, балақан? -Ынталандыру сұрақтар: -10 саны туралы не айталасыз? -Қатарда қай саннан кейін тұрады? -10 саны неше цифрмен таңбаланады? -10 саны бір таңбалы ма, әлде екі таңбалы ма? Қосымша тапсырма: сандарды сандық сәулеге жазады. «Ақылды бала» әдісі
Қ.б (смайлик) Оқулықпен жұмыс. «Допты лақтыру» әдісі. -Суретте барлығы қанша сан бар? -Бір таңбалы сандар қанша? -Екі таңбалы сандар қанша? 6 5 2 9 3 10 7 0 Сандарды салыстыр: 10*9 2*10 0*10 10*10 Қ.б (бас бармақ ) «РЭП» әдісі : «О» деген әріп пішінде, Нем бар оның ішінде. «Бірлікті» қойсақ алдына, Он саусақ болар расында. Жетпейді бұған қалғаны, Аз емес, «оның салмағы». Дәптермен жұмыс. «Ойлан, тап» әдісі. Әр қапта 10 көкөніс болатындай етіп суретті аяқтап салады.
10 санының құрамын анықтайды. Қ.б (смайлик ) |
Таяқша, қарындаштар,т.б 1 және 0 цифрлар
Сандық сәуле ретінде жіп Оқулық
Жұмыс дәптері «жетістік баспалдағы» өз.б
|
|
Сабақтың соңы: 3 минут |
Рефлексиялық кезең: «Өрмекшінің торы» әдісі Бір таңбалы сандарды атаңдар. Оларды неге бір таңбалы сандар деп атайды? 10-санын неліктен екі таңбалы сан дейді? |
Жіп
|
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген