400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ. Математика. "Кеңістік фигуралар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық сабақ

Математика

Тақырыбы:«Кеңістік фигуралар»





























2017-2018 оқу жылы















Сабақ тақырыбы:

Кеңістікфигуралары

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбіроқушылар:

Ресурстар:

4 адамнан тұратын топтарға арналған көлемді геометриялық фигуралар топтамасы;

пішіндері текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз;

Тірек сөздер

фигура;

цилиндр;

пирамида;

текше;

конус;

шар.

Сабақтың мақсаты:

Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсіндіру, айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түр-леріне қарай ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққабайланыстыдеректіматериалдар


Сабаққақатыстыескертпелер


Сабақ оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыруға арналған. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсінуі қажет. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Олардың модельдерін ермексаздан және қатырма қағаздардан құрастыра отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді.

Оқушылар фигураның әр түрімен танысу үшін әрбір топқа арнап геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек.


Әр топтағы оқушыларға цилиндрге,конусқа,текшеге,шарға ұқсайтын формалары бар заттар: Темір қорап,уй сылағыш щетка т.б осыған ұқсас суреттерді бар таратыңыз. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеріңіз.


Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Суреттерде не бейнеленген?

— Олардың ортақ белгілері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Суреттердегі зат пішіндерінің атауларын анықтауды өтініңіз. Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе,


Оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұраңыз. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айтыңыз және оларға мұқият қарауды ұсыныңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.

Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы


Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетіңіз.(видео)

Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен не ермексаздан жасаған фигураларының арасынан тауып, оны жоғары көтеруді ұсыныңыз.


Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсыныңыз.


Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсы-ныңыз. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.


Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұрап пысықтаңыз:


— Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?


— Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды?


Алдында жасалған қорытындыны қайталап ай-тыңыз. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар.

Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызыңыз.

Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатыңыз. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырыңыз.


  • Тілдікқұзыреттіліктіқалыптастыру


Қосымшатапсырмалар










Оқушыларғаермексазданжасағанкеңістікфигураларын көрсетуді ұсыныңыз. Әр оқушыөзіжасағанфигурасынкөрсетіп, оныңатауынайтады.

Кеңістікфигурасы мен оныңатауын сызықпен қос. Оқушыларғаөздерінқоршағанортадансуреттегіолардың мен кеңістікфигуралардыңпішінінеұқсасзаттардытабуды ұсыныңыз. Тапсырманыорындаубарысындаоқушыларфигураларғасәйкескелетінтірексөздердіатайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауғақиналса, тапсырманыңбірнұсқасынүлгіретіндекөрсетуіңізгеболады.

Жауабы:

цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті;

конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанадағы пирамида.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

— Мына фигуралар қалай аталады?

— Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер?

— Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Неліктен?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.













































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1259
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі