Оқу мақсаттары | 3.1.2.2. компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;3.1.2.4. компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану;3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;3.2.1.2. қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, абзац, түсі, түзету);3.2.1.3. құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар үшін: Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау, меню командаларын пайдалану.Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемді тереді,абзац қоя алады, жүзеге асыру,пішімдеу, ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қоюды білуКөпшілік оқушылар үшін: Қарапайым мәтіндік редакторда терілген дайын мәтіннің қаріпін, пішімін, түсін, стилін өзгертеді, қиып алу, көшіру амалдарын орындау.Кейбір оқушылар үшін: Мәтінді тереді, абзацты қоя алады,қаріптерді пішімдейді. Құжаттардың ерекшеленген бөлігін қиып алуды және көшіруді қолдану |
Бағалау критерийі | Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау, меню командаларын пайдалану.Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемді тереді,жүзеге асыру,пішімдеу, ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қоя біледіҚарапайым мәтіндік редакторда терілген дайын мәтіннің қаріпін, пішімін, түсін, абзацын, стилін өзгерте аладыМәтінді тереді, қаріптерді пішімдейді. Құжаттардың ерекшеленген бөлігін қиып алуды және көшіруді қолдана алады |
Тілдік мақсаттар. | Пішімдеу-форматирование-formatting,Көшіру-копировать-copyҚиып алу-вырезать-cut |
Құндылықтарға баулу | Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. Оқушыларды әрбір істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі,
|
Алдыңғы білім | Мәтінді теру және өңдеу |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері. | Ресурстар |
Сабақтың басыОқушыларға психологиялық ахуал туғызу.Ынтымақ тастық атмосфера сын қалыптасты ру
| ҰйымдастыруСәлемдесу«Ішкі және сыртқы шеңбер» құрып бір-біріне қарап тұрып жылы тіліктерін айтады.- Оқушыларды мозайка әдісі арқылы топқа бөлуОл үшін мұғалім 3 түрлі мәтін көшірмелерінің қиындылары салынған қорапты пайдаланады. Оқушылар қолдарына алған қиындылармен мозайканы құрастырып үш топқа бөлініп орыпдарына жайғасады.Үй тапсырмасын қайталауӨткен тақырыпты "тақта тазалау" әдісі арқылы қайталау.Мұғалім өткен тақырыптан сұрақтар мен суреттер салынған парақшаларды тақтаға іліп қояды.Әр топтан оқушылар шығып тақтадағы ілінген сұрақтар мен бейнелерге жауап береді."Бас бармақ" әдісі арқылы бағалау. -дұрыс болса "Жарайсың!" -дұрыс емес болса "ОйланІ" |
Мәтін қиындылары
Сұрақтары мен бейнелері бар парақшалар
Бас бармақ әдісі арқылы бағалау |
Сабақтың ортасы
| Жаңа сабақты таныстыру
1-тапсырма «топтық жұмыс » Оқушылар алдыңғы сабақта теріп сақтаған файылдардың ішінен дайын мәтінді тауып ашады.Меню командаларын пайдаданып, сол дайын мәтіннің қаріптерін, пішімдерін, түсін өзгертедіДескриптор: файлдарды сақтайды, ашадыменю командаларын пайдаланадыБағалау: «Үш шапалақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау.2-тапсырма «топтық жұмыс » Мұғалім оқушыларға "Менің Астанам" тақырыбында мәтін ұсынады, оқушылар сол мәтінді теріп, қаріптерді пішімдейді. Құжаттардың бөліктерін ерекшелеп оны қиып алу және көшіруді орындау. | ТаныстырылымИнтербелсенді тақтаға мұғалім осы бейнелерді іледі
|
| Дескриптор: мәтінді теріп, қаріптерді пішімдейдіҚұжаттардың бөліктерін ерекшелеп қиып алады, көшіреді, сақтайдыБағалау: «Оқушылар мен әңгімелесу» әдісі арқылы оқушыларды жеке бағалау |
|
Сабақтың соңы
5 мин. | Рефлексия: Оқушылар сабақ барысы туралы «Гүл шоғыры» әдісі арқылы жасайды.Сабақ ұнаса 2 топ гүлді құрастырады, ұнамаса жапырақтарын жерге жабыстырады Үй жұмысы:Абай Құнанбаевтың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" атты өлең шумағын теріп оны қалың және қисайтып жазу. Әр шумағының түсін өзгерту |
Гүл тәрізді стикерлер
|
Саралау | Бағалау | Ден және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сабақ барысындағы қолданған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп сараланған. "Оқушы мен әңгімелесу" әдісі арқылы әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар өткенді қайталап, жаңа тақырыпты нақтылайды. Қабілеті жоғары және төмен оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға ықпал етемін және тілдік терминдерін дамытамын. Осы әдістер арқылы орта деңгейдегі оқушыларға пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесемін. Үлгерімі төмен оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін. | Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды пайдаланып отырған дұрыс. Себебі, қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап реттеуге мүмкіндік береді. Оқушыларды "тақта тазалау" әдісі, мадақтау сөздер, қол шапалақ, бас бармақпен, бағалау критерийлер, дескрипторлар арқылы бағалаймын. | Оқушылардың компьютер алдында техника қауіпсіздігінің сақтауын қатаң қадағалаймын және сергіте отырып жаттығу жасатамын. |