400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ. Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Мәтінді оқиды. - Жаңылтпашты жатқа айтады. - Әріптерден сөз құрастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні

Сауат ашу

Бөлімі

Мен және табиғат

Педагогтің аты-жөні

Жайнабекова Гүлзира Абирбековна

Күні

14.12.2020ж.

Сынып 1 «Г»

Қатысқандар саны______ Қатыспағандар саны______

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат.

Ү дыбысы мен әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.2. оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

  • Мәтінді оқиды.

  • Жаңылтпашты жатқа айтады.

  • Әріптерден сөз құрастырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

3 минут

Жұмбақ.

Халық қу деп,

Қылған күлкі,

Айласы көп

Бұл не?............( Түлкі)


Не меңгеретінін білу үшін

Мадақтау


Презентация № 1,2 б

Жаңа сабақ

13 минут

«Ойлан, тап»

Суреттегілердің алғашқы әріптерінен қандай сөз шығаруға болады?

Күн

Дескриптор:

-Суреттерге зер салып, атайды;

-Суреттердің алғашқы әріптерін анықтайды;

-Алғашқы әріптерін қосып, жасырын сөзді табады.

-Дыбыстық талдау жасайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру








Презентация № 3, 4, б

Тәжірибе

13 минут

Баспа түрі

Жазба түрі

1-жаттығу.

Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау.

  • Мәтінмен жұмыс

Үміт, Қанат, Санат- үшеуі қаладан келді. Оларды атасы мен Үсен қарсы алды. Қастарында ақ күшік те .

Олар түсте ауылды аралады. Ауыл үлкен. Балалар шаршады.





Shape1



Дескриптор:

-Оқу түрлерін қолданып оқиды


2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айт.

Жаңылтпашты тұтастай оқу және жатқа айту білігін бағалау.


Үш аша,

Үшкір ме ұшы аса?


3-жаттығу.

«Ү-ні қайдан табамын?» ойыны

Ойын шарты бойынша берілген суреттердің атын айтып, «ү» сөздің қай жерінде кездесетінін анықта.

Дәптермен жұмыс.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру











Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 5, 6, 7, 8б

Бекіту

5 минут

«Ойлан, тап» ойыны

Ойынның шарты бойынша оқушылар суреттегі заттардың атауларындағы алғашқы дыбыстарды қосып, «үтік» сөзін шығаруы керек.

Дескриптор:

-Суреттерге зер салып, атайды;

-Суреттердің алғашқы әріптерін анықтайды;

-Алғашқы әріптерін қосып, жасырын сөзді табады.


Кері байланыс.

Сөзжұмбақтан үтік сөзі тауып, буындық-дыбыстық талдау жасайды


Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 9 б











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1848
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі