|
Сабақтың
басы
5 мин
|
Оқушыларды сабаққа қызықтыру және дайындық.
Сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақтың мақсатын
түсіндіреді.
Оқушыларды
түрлі-түсті стикерлерді тарату арқылы 3 топқа
бөледі. Бірдей түсті алған оқушылар бір топқа
жиналады.
|
Топқа
бөлінеді, сабақтың мақсатын тыңдайды
|
|
Түрлі-түсті стикерлер
|
|
Сабақтың
ортасы
15 мин
|
Сілтеме немесе
qr-код арқылы өтіп, нәруыздар
туралы қысқаша бейнежазба көрсетеді. Оқушылардан нәруыздар туралы
не білетіндерін сұрайды.
https://youtu.be/yR46ta46OL4?si=eiyq6hyCmYpusdmA

Нәруыздардың құрылысы мен
қызметтерін түсіндіру: презентация арқылы нәруыздардың құрылымы,
қызметтері және адам ағзасындағы маңызы туралы мәлімет береді.
Нәруыздардың түрлері туралы түсіндіреді.
Оқушыларға түрлі тағамдарды
(ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ) көрсетіп, олардың қайсысында
көп нәруыз бар екенін анықтауды сұрайды. Әр оқушы өз таңдаған
тағамының нәруыз түрлерін анықтап, оның адам денсаулығына қалай
әсер ететінін қысқаша түсіндіруі қажет екенін
айтады.

Топтық жұмыс: Әр топ берілген
тақырыпша бойынша постер дайындауы қажет.
1-топ: "Нәруыздардың
қызметтері";
2-топ: "Нәруыздардың қайдан
алынады?";
3-топ:
"Нәруыздардың маңызы".
|
Бейнежазбаны қарайды,
сұрақтарға жауап береді
Түсіндіруді тыңдайды, қажетті
мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады
Әр оқушы өз таңдаған тағамының
нәруыз түрлерін анықтап, оның адам денсаулығына қалай әсер ететінін
қысқаша түсіндіреді
Топтар тапсырманы орындайды, өзара талқылайды,
постер дайындайды
|
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, сәйкесінше мақтау сөздерімен
бағалау
|
Интербелсенді тақта,
бейнежазба,
презентация
А4
қағазы, маркерлер, түрлі-түсті қаламдар
|
|
Сабақтың
соңы 15
мин
|
Әр топты жеке тақтаға
шығару арқылы топтық жұмыс нәтижелерін
талдау.
Оқушыларға "Нәруыздардың
маңызы" тақырыбында бірнеше сұрақ қояды.
- Нәруыздар дегеніміз
не?
- Адам ағзасы нәруызды қандай
тағамдардан алады?
- Егер адам ағзасында
нәруыздар болмаса, не болар еді? Өз ойыңды
дәлелде.
- Неліктен адам ағзасы
нәруызды күн сайын тұтынуы қажет?
- Адам ағзасына қажетті барлық
нәруыздарды тек өсімдік өнімдерінен алуға бола
ма?
- Әртүрлі спорт түрімен
айналысатын адамдарға нәруыздар не үшін қажет деп
ойлайсың?
Қорытынды
шығарып, негізгі түсініктерді пысықтайды.
|
Әр топ өз жұмысын
қорғайды.
Оқушылар
қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Топтардың
орындаған жұмыстарының ерекшеліктерін айту арқылы мақтау сөздерімен
бағалау
|
|