400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ҚМЖ Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі тарих пәні мұғалімдеріне, сабақ барысында қолдануға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі.

Мектеп: «Ш. Уәлихан ат. ЖББОМ» ММ

Күні:12.07.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нурсеитов Ербол Ермаханұлы

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.1.1.3 – еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезіндегі Азиялық мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымдағы ерекшеліктерді анықтау;

7.2.1.2 – миссионерліктің міндеттерін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

  • Еуропалық державалардың Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымдағы ерекшеліктерінің қалыптасуын түсінеді;

  • Миссионерлердің негізгі міндеттерін анықтап кестеге түсіріп өзіндік баға береді.

Бағалау критерийлері:

  • Еуропалық державалардың Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) отарлаушы елдердің бағытын картадан көрсетеді;

  • Еуропалық державалардың Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Жапония) отарлау себеп-салдарын анықтайды;

  • Миссионерлердің басты міндетін көрсетеді;


Тілдік мақсаттары:

  • Тыңдалым: Тақырыпқа байланысты бейне материал көрсету;

  • Оқылым: Мәтінді оқып топтық жұмыс барысында оқылым дағдысы дамиды;

  • Жазылым: дәптерге термин жаңа сөздерді жазу (Миссионер, Нанкин, Гунхан, Тяньцин, Айгун, кантрибуция);

  • Айтылым: тақырып бойынша мәтінмен жұмыс арқылы тілдік мақсаттары сақталады;

Құндылықтарды дамыту:

  • Мәңгілік Ел идеясының 7 құндылығы Ұлттық қаіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаhандық тұрғыдан қатысуы-Қытай елінің ағылшын отаршылдарына қарсы күресін сипаттай отырып, Ұлттық қаіпсіздік еліміздің негізгі құндылығы екенін айта отырып оқушылардың бойындағы патриотизм сезімін арттыру.

Пәнаралық байланыс:

  • География

Алдыңғы білім:

  • Отарлаушы және отарлы елдер туралы түсінігі бар


Жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Түгелдеу.

Жағымды психалогиялық ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: Оқушылардың ынтымақтастық және сабаққа зейнін аудару.




Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы жүзеге асады. (Ағылшын, Үндістан, Қытай елдерінің тулары салынған себеттен оқушылар туларды алу арқылы бөлінеді. Бірдей ту жинаған оқушылар сол елдің туы орналасқан топқа жиналады)

Жаңа тақырыпқа шығу: Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін «Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде» тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі. (2 мин)

Видеоролик арқылы «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы оқушылардың не ойлайтындығы сұралады.

Сіз видеоролик арқылы не байқадыңыз? Жұппен өз ойларын бөліседі, топтағы оқушылармен біріктіреді, ойларын толықтырады. Осылайша сабақтың тақырыбына болжау жасалынып, мақсат анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленеді.










Суреттер

Picture 4 «Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде» /http://www.youtube.com/watch?v=st6w3xOUWLg/

2 мин 13 секундтық көрсетілім.


Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс 1-тапсырма.

«Джигсо» әдісі Еуропалық державалардың басқыншылық саясаты қай елдерде жүргізілгенін картадан көрсетіңіздер.

1-топ, 2-топ, 3-топ

1. Еуропалық державалардың Қытайды отарлау бағытын картадан көрсетіңіз?

2. Еуропалық державалардың Үндістанды отарлау бағытын картадан анықтап көрсетіңіз?

3. Еуропалық державалардың Жапонияны отарлау бағытын картадан көрсетіңіз?


Әр топ бір-бірін бағалайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор


- Еуропалық державалардың басқыншылық саясаты қай елдерде жүргізілгенін картадан анықтайды.


- Қытайды отарлау бағытын картадан көрсетеді.

- Үндістанды отарлау бағытын анықтап картадан көрсетеді.

- Жапонияны отарлау бағытын картадан көрсетеді.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі

1. Саты. Мүлдем түсінбедім.

2. Саты. Сұрағым бар.

3. Саты. Түсіндім.

4. Саты. Жақсы түсіндім.

Мұғалімнің кері байланысы дескриптор арқылы жүргізіледі.


Барлықтарына арналған 2-тапсырма.

«Шапқын» әдісі. Еуропа мемлекеттерінің Азия елдерін отарлау себеп-салдарын анықтаңыз.


Кезең

Себеп

Салдар

Англия



Франция



Оқушылар бір-бірін бағалайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор


- Еуропа державаларының Азия елдерін отарлау себеп-салдарын анықтайды .


- Англияның Азия елдерінің отарлауының 2 себебін жазады.

- Англияның Азия елдерінің отарлаудың салдарын жазады.

- Францияның Азия елдерінің отарлауының 2 себебін жазады.

- Францияның Азия елдерінің отарлаудың салдарын жазады.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі

1. Саты. Мүлдем түсінбедім.

2. Саты. Сұрағым бар.

3. Саты. Түсіндім.

4. Саты. Жақсы түсіндім.

Мұғалімнің кері байланысы дескриптор арқылы жүргізіледі.


Жұптық жұмыс 3-тапсырма.

«Сатылау» әдісі. Миссионерлердің негізгі міндетін анықтаңыз.

Shape1

Миссионер дегеніміз кімдер?



__________


Shape2

Shape3

Миссионерлердің басты міндеті қандай?



  • __________


Shape4


Shape5

Миссионерлердің іс-әрекетіне мысал келтіріңіз



____________



Әр жұп бір-бірін бағалайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор


- Миссионерлердің басты міндетін көрсетеді.

- Миссионерлердің кім екендігін түсіндіреді.

- Миссионерлердің басты міндетін анықтайды.

- Миссионерлердің іс-әрекетіне мысал келтіреді.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі

1. Саты. Мүлдем түсінбедім.

2. Саты. Сұрағым бар.

3. Саты. Түсіндім.

4. Саты. Жақсы түсіндім.

Мұғалімнің кері байланысы дескриптор арқылы жүргізіледі.


Саралау:

Барлығы: Оқушылар миссионерлердің кім екендігін анықтап, негізгі міндеттерін түсіндіреді.

Көпшілігі: Өз көзқарасын білдіреді.

Кейбірі: Миссионерлердің басты міндетіне баға береді.




Дүниежүзі картасы



























Қосымша 1



























Smk.edu.kz




Сабақтың соңы

Кері байланыс: «МММ» әдісі арқылы бағаланады.

- Мен осы сабақтан не алдым?

- Мен не жасай аламын?

- Маған қиындық туғызған тапсырмалар?


Рефлексия: «Қара жәшік» әдісі арқылы жүзеге асады.

Мақсаты: Оқушылар өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын жазып қалдырады. Келесі сабақтың басында осы сұрақтар талқыланады.


Үй тапсырмасы


Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қарағанда қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану

Өткен материалды қайталау мен тапсырмалардыорындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсымалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды.

Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбрір оқушының қатысымы жіті қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады.


Оқушылар зерттеушілік Қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі