400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ, Өмір танымның көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «өмір», «өмір сүру құндылығы», өмірдің мәнін түсіну, адам атына лайықты өмір сүру,өмірге деген құштарлық түсініктерін кеңейте отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Бұйрығына 7-қосымша

 

Нысан

    

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді жоспар


Өмір танымның көзі

(сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

Таным жолында

Педагогтің аты-жөні

Малкаева Ш.Д.

Күні:

01.09.-04.09.2021ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өмір танымның көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтар – танымның мақсаты. Адами таным бастаулары.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «өмір», «өмір сүру құндылығы», өмірдің мәнін түсіну, адам атына лайықты өмір сүру,өмірге деген құштарлық түсініктерін кеңейте отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Ресурстар: оқулық, үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, өзін-өзі тану пәнінің жалпы мақсаттарын: рухани-адамгершілік құндылықтар, адамның өзін-өзі тану жолдары және т.б. еске түсіруге шақырады.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Жағымды ой-пікір

Жеңген адам мін-мінезін өзінің,

Танытады өз қайратын, өз үнін Ж.Молдағалиев


Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?


  1. Оқиға айту.

«Өмірге құштарлық» бейнебаян.

  • Бейне баянда не туралы баяндалған?

  • Адамдардың өмірге деген құштарлықтарын неден байқауға болады?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс. 1-2 тапсырма.

«Менің бір күнім» тақырыбында эссе жазу.


  1. Топпен ән айту.

Ғажайып Сөзі мен әні А.Қырықбаевтікі

Мен өмір жайлы көп толғанам,

Мен өткен күндерге көз салам.

Бұл өмірдің ағынын-ай,

Дәл ойдағыдай болмаған.


Қайырмасы:

Өмір – өзен – тағдыр, ғажайып,

Сыры терең, тағдыр, ғажайып.

Теңіз болып,

Тасқындай толқисың.

Өмір – өзен – тағдыр, армансың,

Сыры терең,

Тағдыр, ормансың,

Аққу болып биікте қалқисың.


Жыл, жылдар өтіп барады,

Жас, жасыма жас қосылады.

Тек көңілім бала кездей

Нұр, нұр сәуледей жанады.



    

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.10.2021
2559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі