400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қмж Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналаған "Ондық бөлшектерді дөңгелектеу" тақырыбында жасалған қмж. Пиза материалы қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.15 Санның жуық мәні ұғымын меңгеру

5.1.2.32 Ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу


Сабақ мақсаттары

Санның жуық мәні ұғымын меңгереді және ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектей алады.


Бағалау критерийлері

Санның жуық мәні ұғымын меңгереді;

Ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектейді




Тілдік мақсаттар

Санның жуық мәні қай разрядқа дейін алынғанын анықтауға тез дағдыландыру үшін есептерді ауызша тұжырымдатамын

Пәнге қатысты лексика мен терминология :

Жуық мән,үлестер, дөңгелектеу



Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, академиялық шыншылдық, ынтымақтастық, өзіне және айналадағы адамдарға құрмет



Пәнаралық байланыстар

География



Бастапқы білім

Натурал сан, жай бөлшек, аралас сан, ондық бөлшектер



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру. Шаттық шеңбері: «Тілек білдір». Мақсатым: Оқушылар арасында психологиялық ахуал қалыптастыру және сабаққа деген ынтасын ашу. Негіздемесі: оқушылар бір-біріне жақсы сөздер айту арқылы көңіл-күйлерін жақсартады, сабаққа деген ықыластарын қалыптастырады.

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Допты лақтыру» әдісін пайдаланып алдыңғы тақырыптарды пысықтаймын. Мақсатым: бұл әдісті қолдану арқылы оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру, тілдік мақсаттарды дамыту және дұрыс сұрақ қоя білуге тәрбиелеу.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың жауабына кері байланыс беру арқылы жүргіземін.









Қима қағаздар, доп.



Сабақтың ортасы



3.Жаңа сабақты меңгерту. «Ой қозғау» әдісі. Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасын сынып бірлесе талқылайды. Оқушылардың бүгінгі жаңа сабаққа деген зейіндерін ашу үшін мынадай тұрмыстық сұрақ қоямын. Жерден Күнге дейінгі қашықтықтың сан мәні қаншалықты дәл?Не үшін? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мақсатым: жаңа тақырып мағынасын ашу.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар бір-бірінің жауаптарын бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

Интербелсенді тақта арқылы, презентаия көрсету арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін.


«Кім тапқыр» әдісі. Оқушыларға тақырыпқа сай есептер шығарту. Оқушыларға қима қағаздар арқылы тапсырма беремін және топқа таратылған қима қағаздарының түсі арқылы бөлемін.

1 тапсырма. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:

1 топ.
1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646;
2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885;
3) мыңдықтарға дейін: 77658; 6480; 11761;

2 топ.

1) ондықтарға дейін: 2369; 896; 245;
2) жүздіктерге дейін: 258; 325; 2569;
3) мыңдықтарға дейін: 55784; 1426; 25456;

3 топ.

1) ондықтарға дейін:2548; 361; 354;
2) жүздіктерге дейін: 912; 658; 4152;
3) мыңдықтарға дейін: 98125; 5418; 65248;

Дескриптор:

  • разрядты ажыратады;

  • ондық бөлшектерді бүтінге дейін дөңгелектейді;

  • ондық бөлшектерді жүздікке дейін дөңгелектейді;

  • ондық бөлшектерді ондық үлеске дейін дөңгелектейді.

Қалыптастырушы бағалау: Интербелсенді тақтадан дұрыс жауабы кқрсетіледі, оқушылар бір-бірімен дәптер алмасады, көрсетілген дұрыс жауаппен салыстыра отырып, бір-бірін бағалайды.

2 тапсырма. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:

1 топ.
1) 2, 4* ≈ 2, 5;
2) 9, 35* ≈ 9, 35;
3) 14, 67* ≈ 14, 68;

2топ.
1) 4,8*≈4,8;

2) 6,75*≈6,76;

3) 25,66*≈25,66;

3 топ.

1) 2,8*≈2,9;

2) 3,52*≈3,53

3) 26,11*≈26,11;

Дескриптор:

  • разрядты ажыратады;

  • жауап дұрыс болатындай жұлдызшаның орнына тиіс сан қояды.

Қалыптастырушы бағалау: Интербелсенді тақтадан дұрыс жауабы кқрсетіледі, оқушылар бір-бірімен дәптер алмасады, көрсетілген дұрыс жауаппен салыстыра отырып, бір-бірін бағалайды.

2. «Топтық жұмыс». «Карусель» әдісі арқылы әр топ тапсырма орындайды. Сыныптағы оқушылар оқулықты оқи отырып, әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша ізденіп, мысалдарын талдайды. Әр топ алмасып бір-біріне түсіндіреді, білімдерін толықтырады. Аталған әдіс арқылы оқушылардың оқылым дағдысы, есте сақтай отырып ақпарат алмасу дағдысы қалыптасады. Оқулықтан есептер шығарады.

1-топ. Ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеу;

2-топ. Ондық бөлшекті жүздік үлеске дейін дөңгелектеу;

3-топ. Ондық бөлшекті мыңдық үлеске дейін дөңгелектеу.

Дескриптор:

  • разрядты ажыратады;

  • ондық бөлшектерді бүтінге дейін дөңгелектейді;

  • ондық бөлшектерді жүздікке дейін дөңгелектейді;

  • ондық бөлшектерді ондық үлеске дейін дөңгелектейді.

Қалыптастырушы бағалау: «Дұрыс жауап парағы» әдісін қолдану арқылы тексеремін. Парақтарына есеп жауабын жазып, барлығы парақтарын көтереді. Жауаптарын интербелсенді тақта арқылы тексереді. Бұл әдіс оқушылардың бір бірін тексеруін, қаншалықты түсінгендері жөнінде ақпарат береді. Оқушылардың қаншалықты деңгейде тапсырманы орындауларын талдап өтемін.

3.Сергіту сәті: «Көңілді қонжық». Оқушыларға суретті көрсетемін және ойларын сұраймын. Бұл суретті не себепті көрсеттім? Суретке қатысты қндай тапсырма орындаймыз? Сауалға жауап алған соң, шартын түсіндіремін. Қонжық салынған суретті жоғары және төмен көтеремін, оңға және солға бұрамын, соған сәйкес оқушылар қолдарын және көздерін қимылдатады.Мақсатым: Оқушылар қол және көз жаттығуларын орындату.

4.Саралау тапсырмалары: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы әрбір оқушы өзі орындайды, жұп болып ақылдасады, топта талқылайды.Бұл әдіске тапсырма ретінде 2012 жылғы «Жүрек ырғағы» деген Пиза есебін орындатамын.

«Жүрек ырғағы» есебі.

Жүрек – адамның бақылауына бағынбайтын жалғыз бұлшықет органы. Ол өз бетінше жұмыс істейді және вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Біздің жүрегіміздегі синустық түйін жүректің жұмыс ырғағын реттеп отырады. Жүрек бұлшықетінің белгілі бір ырғақпен жиырылуы және босаңсуы жүрек ырғағы деп аталады. Жүрек ырғағының қалыпты нормасын мына формула бойынша есептеуге болады:118.1- (0.75 * жас).

Тапсырма. Адамның әрбір жасы үшін жүрек соғу жиілігін есептеңіз, жауабын бүтін санға дейін дөңгелектеңіз.


Адамның жасы

Бір минут ішінде адам жүрегінің соғуы

10 жас


25 жас


40 жас


65 жас


70 жас




Дескриптор:

  • разрядты ажыратады;

  • адамның әрбір жасы үшін жүрек соғу жиілігін есептейді;

  • жауабын бүтінге дейін дөңгелектейді;

  • кестені толтырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бес бармақ» әдісі. Оқушылар бір-бірімен дәптер алмасады, интер белсенді тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі. Жауаптың дұрыс немесе бұрысына қарай саусақтарын көрсетеді.












Интербелсенді тақта, презентация.



Интербелсенді тақта, қима қағаздар



























































Оқулықпен жұмыс



















Қонжық суреті





















https://sdo.cpm.kz/mod/resource/view.php?id=1421























Сабақтың соңы



Сабақты бекіту.

1. «Мағынасын аш». Тапсырма. Интербелсенді тақтадан ондық бөлшектерді көрсетемін. Таңдаған ондық бөлшектерінің тұсындағы есепті шығарады. Есептің жауабы сәйкес келетін нұсқаны басқанда, артынан сурет шығады. Сол суретке қарап қандай ат немесе тақырып қояды. Оқушылар ойларын талқыға салады.

Дескриптор:

  • ондық бөлшекті таңдайды және сол жердегі есепті шығарады;

  • жауабына сәйкес кел

    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    8 ұстаз жүктеп алған
    7 ақпан
    1308
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі