жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ Отынның энергиясы.Меншікті жану жылуы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі |
Жылу құбылыстары |
|
Мектеп |
Ақшұқыр мектеп-гимназиясы |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Кусайнова Шынар |
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану. |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы туралы біледі,физикалық мағынасын түсінеді, отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын біледі Көптеген оқушылар: отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін, отынның меншікті жану жылуын есептей алады. Кейбір оқушылар: отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы ұғымдарын сурет, эксперимент, кесте арқылы тұжырымдап және отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін талдай алады. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау |
|
Бағалау критерийі |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: Отын энергиясы, отынның меншікті жану жылуы . |
|
Құндылықтарға баулу |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, химия, география. |
|
Алдыңғы білім |
Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|
|
Сабақтың басы 10 мин |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау. (2 минут) 2. Сыныпты топқа біріктіру. (3 минут) «Таңдап ал әдісі» (Стикерлерде анықтама, формула, өлшем бірлік, ғалымдардың есімі жазылады. Оқушылар осы берілген мәліметтердің қай физикалық шамаға тән екендігін тауып сәйкесінше топқа біріктіріледі.) 1 топ «Температура» 2 топ «Энергия» 3 топ «Жұмыс» 2 минут) |
|
|
3. Білу (топпен жұмыс) 3минут 1.Мұнайдың меншікті жану жылуы 440МДж/кг, керосиндікі 450МДж/кг екені белгілі.Осыны қалай түсінесіздер? 2.4 кестені пайдаланып,ең жақсы.ең нашар отынды көрсетіңдер? 3.Қайың кеспек толық жанғанда қанша жылу мөлшерін бөліп шығаратынын қалай есептеп табуға болады? Ол үшін қандай шамалар белгілі болу керек? Бағалау критерийі: Отын түрлерін біле алады. Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, кесте бойынша отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді.Отын энергиясын есептей алады. Дескрипторлар: Отын түрін анықтайды Меншікті жану жылуының мағынасын түсіндіреді Отын энергиясын есептеу үшін керекті шамаларды көрсетеді Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын өздері ашады |
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
Қолдану. Жеке жұмыс (8 минут) «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік есептер шығару. І деңгей 1-нұсқа. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғандақанша энергия бөлінеді? 2-нұсқа. Массасы 3 кг керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? Бағалау критерийі: Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептейді. Дескрипторлар: 1. Есептің берілгенін жазады. 2. Отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшері формуласын жазады. 3. Отынның меншікті жану жылуын кестеден табады. 4. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін дұрыс есептейді. ІІ деңгей 1-нұсқа. Көлемі 3л бензин мен көлемі 2л керосинді араластырған .Осы қоспа толық жанған кезде қанша жылу бөлінеді? 2-нұсқа. Егер пеште көлемі 10 дм3 қайың отын және массасы 5 кг шымтезек жанған болса, онда одан қанша жылу бөлінеді? Бағалау критерийі: Екі түрлі отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептейді. Дескрипторлар: 1. Есептің берілгенін жазады. 2. Отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшері формуласын жазады. 3. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не айналдырады. 4. Отынның меншікті жану жылуын кестеден табады. 5. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді. Талдау ІІІ деңгей
Дескрипторлар: 1. Есептің берілгенін жазады. 2. Өлшем бірліктерді ХБЖ-ге айналдырады. 3. Отынның меншікті жану жылуын кестеден табады. 4. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді. 5. Двигательдің қуаты арқылы жұмысты есептейді. 6. Қозғалтқыштың ПӘК-ін есептейді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың аяқталуы 5 мин |
Рефлексия: «ББҮ»
Үйге тапсырма: §8. 8 жаттығу. |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан «ББҮ» әдісі. |
||||||||||
|
Қосымша ақпарат
|
Сабақтан соң мұғалім келесі сабақты кері байланыс арқылы жоспарлау мақсатында беріледі (анализ) |
|||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||
|
Оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап алдым. тапсырма:білім деңгейі әр трлі оқушыларға әр түрлі деңгейлі тапсырмалар берілді.Күрделігіне қарай ілгерілеп отыратын карточка дайындадым қарқын: Басым оқушылар негізгі тапсырмаларды түсінуде, орындауда біршама уақыт беріледі. Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды, әрі көмектеседі. Дереккөздер сараланып берілді |
Қалыптастырушы бағалау тәсілдері бойынша, «Бас бармақ» әдісі «Ауызша бағалау », «Жазбаша бағалау», «Өзара бағалау» әдісі арқылы бағалаймын
|
Оқушылардың партада отыру ережесінің сақталуын қадағалаймын |
||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген