400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ. Өзін-өзі тану. Адамның ішкі сұлулығы 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қмж жасау барысында көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



Бекітемін:_______ Колледждің әдіскері:

Жунусова.Л.Б.

«Келісемін»______ Сынып жетекшісі:



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Т
АҚЫРЫБЫ: « Адамның ішкі сұлулығы»



Өтетін орны: Қ.Дамитов атындағы орта мектеп КММ

Дәрісхана: 29

Сынып: 4

Мерзімі: 15.10.2020

Тобы: 310

Машықкер: Балғынбек Күнай

Баға:«__»___________



Семей, 2020 жыл



Мектебі: Қ.Дамитов атындағы орта мектеп

Күні: 15.10.2020

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адамның ішкі сұлулығы.

Құндылығы: ішкі тыныштық, сүйіспеншілік.

Қасиеттері: сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамдылық, әдептілік, сенімділік, өз-өзіне сенімділік, қарапайымдылық, түсінушілік, кешірімділік, өз-өзіне есеп беру, жігерлілік, кектенбеу.

Мақсаты: оқушыларға адамның ішкі сұлулығы туралы толық ақпарат бере отырып, адам баласының ішкі сұлулығын бағалай білуге сыйлауға, құрметтеуге дағдылау.

Міндеттері:

  • Білімділік: оқушыларға адамның ішкі сұлулығының мән- мағынасын тереңдетіп түсіндіру.

  • Дамытушылық: оқушылардың өздеріне және барша адамзатқа, барша тірі жанға деген көз қарасын өзгерте отырып, ішкі тыныштық және сүйіспеншілік құндылықтарын дамыту.

  • Тәрбиелік: оқушыларды адамдардың сыртына қарап бағаламауға, адамның ішкі сұлулығын бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.










https://youtu.be/1wra5jdp0zQ


Сабақтың дәйек сөзі.

Нәрсенің сыртына қызықпа,

Асылы ішінде болар.

Дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

Мағынасын ашып түсіндіріңдер.

Ы
бырай Алтынсарин

Мұғалімнің сыйы.

Керексіз сұлулық.

Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады. Сөйтіп денесінің басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді.

Сөйтіп тұрғанда арыстан шыға келіп, бұғыны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады. Солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртектей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің сорым болды, онша жақтырмаған әлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» – депті.

Сұрақтар:

Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па?

Шығармашылық тапсырмалар.

  1. Күн шақтары ішінен өзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз. Және де оларды іс жүзінде қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер.



  1. Өзіңнің мінезіңді жақсартатын іс-әрекеттерді теріп жаз.








Аңыз әңгіме































Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ляззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақытта қонбайды.


Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.


(А.П. Чехов )


  1. Кім жылдам?!

  1. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

  3. «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер.

  4. Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

  5. Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аласыз ба? Неге?

  7. Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  8. Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?

Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар. Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.



Топпен ән айту.

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті баламын.


Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп, қол берем.


Қайырмасы.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Сөзін жазған:

Әбдірахман

Асылбек.

Әнін жазған:

Ибрагим Нүсіпбаев.

https://youtu.be/DpZBrRR1J2w


Үй тапсырмасы.

Сабақтың қортынды сәті.


Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам музыка сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәнделеді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады.

Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді

Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.










Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:















https://youtu.be/DpZBrRR1J2w

https://youtu.be/1wra5jdp0zQ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі