400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерсімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Координаталық жазықтық

Педагогтің аты-жөні:

Ө.Нұрлан

Күні:

02.03.2023ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



1 Жазықтық дегеніміз не?

2. Қиылысатын түзулер қандай түзулер?

3. Қиылысатын екі түзудің қандай нүктесі болады?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді түсіндіреді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып параллель, перпендикуляр түзулер


Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма

1. Қиылысатын екі түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?

2) Дәптерге бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеңдер.

Әрбір екі нүкте арқылы бір түзу жүргізіңдер.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды және дәптерге сызады.

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-Тапсырма.

1) Екі түзудің О нүктесінде қиылысуынан пайда болған бұрыштар

өзара тең болса, бұрыштардың әрқайсысы неше градустан болады?

2) Үш түзудің Онүктесінде қиылысуынан пайда болған бұрыштар

өзара тең болса, бұрыштардың әрқайсысы неше градустан бола-ды? Сызып көрсетіңдер.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды және сызып көрсетеді..

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Тексерілді 02.03.2023ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
03.03.2023
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі