Материалдар / қмж қаз тарихы 8 сынып 4-тоқсан

қмж қаз тарихы 8 сынып 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолдануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2024
341
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 8

Сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:


XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы Сауда қатынастарының дамуы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін, оған қоса сауданың отаршылдық сипатын, базардағы тауардың сапасын және ірі сауда орталықтарының таралуын түсінеді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Қазақстан территориясындағы сауда мен жәрмеңкенің тарихта алар орнын, мәдени байланыстарын, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тигізген әсерін меңгереді

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдікмақсаттар

Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу

Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу.

АКТ дағдысынқолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Үй тапсырмасын сұрау:

Сендер қазақ әдебиеті пәні бойынша Исатай мен Махамбеттің өмірбаяны жөнінде не білесіңдер?

Оқиғалар барысы.

Көтерілістер кезінде көзге түскен мына тұлғалардың қызметіне қысқаша баға беріңдер.


Қызметі

Көтеріліс кезіндегі рөлі

1

Исатай Тайманұлы



2

Махамбет Өтемісұлы



3

Нұралы



4

О.Игельстром



5

Г.А.Потемкин



6

Колпаков, Смирнов



7

Айшуақ, Жантөре







Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.

Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.

Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.

Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.

1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.

Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пүт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.

Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазаЕл аралап жүріп жасалатын сауда[өңдеу]

Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты, Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді, Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.[1]

Жәрмеңкелік сауда[өңдеу]

Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.

Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойылжәне Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркенш, Сырдария облысындағы Әулыеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.

1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.

Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері ор түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.

Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.[1]

қтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді

«Көпір тапсырмалары»: (Жаңа тақырыпқа қажет болған өткен материалдардың қайталау тапсырмаларын үйден орындап кел.)

1. Тиісті сөздерді бос орынға қойып сөйлемдерді толықтыр

1.1. Қазақтар қандай елдермен сауда – саттық байланыс жасады? Жауабы: ..............., Қытай, ............. ..................... хандықтары.

1.2. Қазақстанның ....................., Қостанай, ....................... қалалары шаруалардың қоныс аударуы барысында пайда болды.

1.3. Қазақтардың саудаға шығарған негізгі өнімі не?

Жауабы: .............. және .............. өнімдері

Төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы) Теориясы (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?

2. Саған мына деректер таныс па?

2.1. Саудадағы қазақтардың баламалы эквиваленті не болды? Жауабы: .........................

2.2. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда – саттықтың қандай түрлері пайда болды? Жауабы: ......... ............................., тұрақты, ................................

2.3. 1848 жылғы Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаушы кім? Жауабы: Тобыл губерниясындағы ...................... қаласының тұрғыны, көпес – ..................... 3. Кім жылдам әрі тез?

3.1. 1900 жылы қазақ өлкесінде ............. жәрмеңке болды.

3.2. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында ............ қа жуық параход қатынас жасады. 

Тақыпрыпты оқып, кестені толтырыңдар.

Мемлекеттер

Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі

Қазщақстаннан шығарылған тауарлар тізімі

Сауданың маңызы мен ерекшелігі

Жоңғария

Ресей

Қытай

Орта Азия мемлекеттері





Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті ресурстар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

"Таңда да таста" әдісі

Сабақты бекіту:

Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?

Негізгі сауда орталықтарын атап, картадан көрсетіңдер.

Абылай Орта жүз қазақстарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарады?

Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті ресурстар





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні:

Мектеп: .

Мұғалімнің атжөні:

Сынып:8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы


Дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.2 – ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;


Сабақтың мақсаты


-Барлық оқушылар:

XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсетеді;

-Басым көпшілігі:

Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйренеді

-Кейбір оқушылар:

Дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауын анықтап, талдайды

Бағалаукритерийі

Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Ж4. Мәліметтерді жинақтау



1


Фишбоун әдісі арқылы мәселені шешеді.

1


2

Бейнебаян бойынша пікір алмасады;

1



Өз ойларын еркін жеткізеді.

1



Тілдік мақсаттар

Талқылау бойынша:

1.Әлем өркениетінің дамуына қазақтар мәдениеті қандай үлес қосты ? мәтінімен танысады

Полихромдық стиль, әшекейлеу, оймыштау, құймалы қыш «Алфавит желісі» әдісі арқылы алфавит тәртібімен сөздерді пайдалана отырып, негізгі түйін сөздердің мағынасын жазады.

4. Оқушылар «Көршіңе айтып бер» әдісі арқылы берілген сурет бойынша әңгіме құрастырады

Құндылықтарға баулу

-патриотизмге

-азаматтық

-жауапкершілікке

-өз елінің тарихын білуге баулу

Пәнаралық байланыс

бейнелеу өнері

география

Алдыңғы білім



Ортағасырлық сәулет өнері

«Сұрақты ұстап ал!», «Орнына қой», «Суреттер не болды?» әдісте

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ