Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қмж Қазақ тілі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға, студенттерге, педпгог мамандарына көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК



Келісемін_________ Бекітемін_________







САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Я әрпінің жазылуы»





Мектеп: № 20 орта мектеп

Сыныбы: 2 «Ғ»

Өткізілетін күні: 21.09.2020ж

Машықкер: Кошанова Айханат

Пән мұғалімі: Калауова А.

Әдіскер: Акмамбетова Д.Б

Бағасы: __________





Ақтау қаласы 2020ж



Пән: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Я әріпінің жазылуы.

Мүғалімнің аты-жөні: Кошанова Айханат.

Күні:21.09.2020ж.

Сыныбы: 2 «ғ».

Оқу мақсаттары


2.1.1.1.Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу,мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

2.1.4.1.Тірек сөздерді қатыстыра байланыстырып көлбеу және тьаза жазу.

2.3.5.1.Жіберілген пунктуациялық ,орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету және құраған сөйлемін толықтыру.




Сабақтың мақсаттары

Оқушыларға Я әріпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.

Балалардың таным белсенділігін дамыту,ойларын қорытындылау,сұрақтарға жауап беру.

Оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлікке тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс


Әдебиеттік оқу,музыка,дене

Көрнекілігі

Суреттер, оқулық, әдіс-тәсілдер, 5 т ережесі,психологиялық ахуал,тақия,бейнебаян, қима қағаздар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Барысы

Дереккөздер


Сабақтың басы

5 минут

Амандасу:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

  • Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Психологиялық дайындық:

  • Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік,жарық, мейірімді

Бола кетер сонда дереу жан жағым.

  • Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін.

5Т ережесімен таныстыру:


Үй тапсырмасы: -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныс болдық? Қандай сөздерде тек ый жазылады? «Қай әріпті жоғалттым» ойыны арқылы өткен сабаққа шолу жасайық.

Ке.й.ін, ж.и.ын, т.и.ін, о.й.ық, .И.леу.






5 т ережесі

Психологиялық ахуал







«қай әріпті жоғалттым?» ойыны

Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа білім. «Ой толғау»

  • Балалар, біздің сезім мүшелеріміз нелер?

  • Олар қандай қызметтер атқарады?

  • Жарайсыңдар! Бүгінгі сабағымыз да дене мүшелеріміз тығыз байланысты.


  • Балалар, ендеше жаңа сабағымызды бастайық. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Я әріпінің жазылуы.

  • Сендер жұмбақ жасырып,тапқанды ұнатасыңдар ма? Онда мен сендерге жұмбақ жасырайын...

  • Күндіз атамыздың төбесінде

  • Түнде ілгіштің шегесінде. (Тақия)

Жарайсыңдар! Олай болса бүгінгі сабағымызды сиқырлы тақиядан тапсырма алу арқылы бастаймыз.

  1. Тақия сөзі қай дыбыстан аяқталып тұр?

О: Я дыбысынан аяқталып тұр.

  1. Я қандай дыбыс?

О: Дауысты дыбыс.

М: Хормен «Я» деп айтайықшы. Құлағымызға қалай естіліп тұр?

О: й+а

М: Бірақ Я әріпін жазамыз. Олай болса Я қосарлы дыбыс екен.

Көркем жазып үйренеміз!

Оңға қарай көлбеу сызықты аралық жолға көтеріп,солға қарай айналдырып бүтін құрсау саламыз да, қаламды алмастан оңға қарай иілген көлбеу сызық саламыз. Я

  • 1-Жаттығу. (Мәтінді тыңда)

Дене мүшелерінің таласы. (Оқылым)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер!

  • Балалар, мәтін не жайында?

  • Көз, Құлақ, Қол, Аяқ не деп таласты?

  • Қане, бәріміз Аяқ сөзін айтайықшы. Айтылуы мен жазылуында қандай айырмашылықтар байқадыңдар?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Берілген мәтін не туралы екенін анықтайды. Сұрақтарға жауап береді. (10 балл)

1.Сұрақтарға жауап береді. (5 балл)

2.Я дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыра алады. (2 балл)

3.Мәтіннің негізгі мағынасын анықтайды (3 балл)

Есте сақта!

  • Сөзде йа дыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая,сая,таяқ.

  • 2- жаттығу. «Сәйкестендір» (тақтамен жұмыс)


Екі көзің не үшін керек? Елге көмек беру үшін

Екі қолың не үшін не үшін керек? Жақсыларды көру үшін

Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін

Ал аяғың не үшін керек? Туған жерге қайту үшін


  • Сергіту сәті. (бейнебаян)

Бас,иық,тізе,аяқ!

  • 3-жаттығу. (дәптермен жұмыс)

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Балқия тісін жуды. Оның тісі ағарды. Інісі Аянның тісі ауырды.

(Ауызша сұрақтарға жауап беру)

  • Я әрпі бар сөздерді тап.

  • Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылып тұрғанын айт.

  • Аянның тісі неге ауырды? Сен тізіңді немен тазалайсың?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Я әрпі бар сөздерді дұрыс ажырата алады (7 балл)

1.Сөйлемді қатесіз,ұқыпты жазады. (3 балл)

2.Я әрпі бар сөздерді табады. (2 балл)

3.Сұрақтарға жауап бере алады. (2 балл)


  • 4-жаттығу. (топпен жұмыс)

Берілген әріптер қатарында жасырынған сөздерді тауып оқы. Тапқан сөздеріңнің бәріне ортақ әріптің айтылуы мен жазылуында қандай өзгеріс бар.

1. ЛАШАЯНМСҚРҰ

2. ТҰЯҚПАЛЖСЯЗ

3. ДРОМАЯЛДАМА

4 .ЫБЛҚИЯУСКУН

5. ҢІЮСИЯШЛҚЫ

6. РМАБАЯНВЫЗ



Оқулық,

Тақия

Я я әрпі

Дене мүшелерінің фотосуреттері


Оқулық



Кеспе қағаз, фотосуреттер


бейнебаян



дәптер




Қима қағаздар
































Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты бекіту:

  • Я қандай дыбыс? (қосарлы дауысты дыбыс)

  • Я әрпі қандай дыбыстардан құралаған? (йа)

  • И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі? (а)

  • И әрпінен кейін қандай әріп жазылады? (я)

Кері байланыс: «Сөз ойла, тез ойла» әдісі.

Я дыбысы кездесетін сөздерді жылдам ойлап айту. Мысалы: сия, аяқ,...

Үй тапсырмасы:

Дене мүшелері туралы 3 жұмбақ жазып, жаттап келу.


«сөз ойла,тез ойла»әдісі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12